0 дауыс
830 көрілді
Депозитке акша салу керек еди.соган калай кай жерге барып не тапсырыс беремин?

1 жауап

0 дауыс

Сізге банкомат карта қажет болса, банк бөліміне құжатыңызбен келесіз. Егер жалақы алу шін карта ашсаңыз, жұмыс орнынан анықтама қажет. Ал депозит үшін тек төлқұжат пен ақша ғана қажет. Жасалу мерзімі 7 күннен 10 күнге дейін орташа алғанда (Каспий банкте бірден береді). 

Ал депозиттерге келсек, алдымен банктердің ұсынатын шарттарын қараңыз. Сіз депозитті қанша уақытқа, қандай валютада саласыз мұны да анықтаңыз. Себебі депозиттердің пайызы салынатын уақытына да, валютасына да қатысты әртүрлі болады. Мысалы, Казкомның "лучший" депозиті теңгмен салсаңыз 24 айға теңгмен салынатын депозит пайызы 8,0%, ал доллармен салсаңыз 24 айға 4,3%

Әзірге банктердің ішінен депозит пайызы бойынша лидер Каспий банк. мұнда депозиттің жылдық сыйақылық пайызы 9,4 %. Салынатын ең төменгі сома 15 000 теңге. ал доллардағы салым пайызы 4,6% салынатын ең төменгі сома 100 доллар.

 

Депозит ашу үшін сіздің төлқұжатыңыз ғана қажет. Және ақшаңыз, әрине)) Басқа қосымша құжаттардың қажеті жоқ.

Жалпы ақша салудың тағы бір тиімді жолы халықтық IPO - бұл ірі ұлттық компаниялар акцияларын сатып алуға, сондай-ақ олардың ықтимал пайдасының бір бөлігін алып қана қоймай, сонымен қатар олардың дамуына қатысуға да мүмкіндік береді. Мысалы «ENRC» АҚ акцияларының құны 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде 384% өсті. Яғни бірінші жағдайда әрбір салынған 1000 теңгеге біз 80-90 теңге аламыз, ал екінші жағдайда – 2840 теңге аламыз. Сондықтан ақшаны көбейту жолы тек депозитер емес)))

Қаржыңыз көбейе берсін, берекеңіз арта түссін!

...