Арақты қойдырту үшін не істеу керек?
арақ ішпеу керек!
Қоятын адам өзі қояды басында ақылы болса...
Емшіге бару керек. Жаңаөзенде Қашқынбай деген емшіге барып арақты қойып кеткен екі адамды танимын. Бес, алты жыл болды, әлі арақ ішкен жоқ.
Арақты қойдыртатын бақсыларға көрсету керек ол адамды. Негізі ақылы болса өзі-ақ қояды.
Әуелі ол адамның "арақты қояйыншы" деген ниеті болу керек. Әйтпесе, арақ деген наркотик, оны емдеп қойдырту қиын. Ең дұрысы, "эспераль" препаратын тіктірту. 3-5 жылға қойдыртады.
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы