+2 дауыс
20.9k көрілді
Тағы сол баланың сабағы. 10-нан астам құстың қалай үн шығаратынын жазу керек екен. Тырна тыраулайды деп қойдым, сіздер жалғастырып жіберсеңіздер жақсы болар еді. Алдын ала рахмет.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бүркіт — саңқылдайды, бістәктайды.
Торғай — шырылдайды.
Бұлбұл — сайрайды.
Қарға — қарқылдайды.
Безгелдек — безектейді.
Сауысқан — шықылықтайды.
Бөдене — бытпылдайды.

Әтеш - шақырады :)

Дереккөз: kk.wikipedia.org/wiki/Жануарлар_қалай_үндейді_(ойын)

+3 дауыс
Құстар қалай үн қатады? 1.Аққу– қиқулайды. 2. Әупілдек – әупілдейді. 3. Байғыз – шұрылдайды. 4. Бозторғай –шырылдайды. 5. Бөдене – бытпылдықтайды. 6.Бұлбұл– сайрайды. 7. Бүркіт– шаңқылдайды. 8. Көгершін, үкі – уілдейді. 9. Көкек –көкектейді. 10. Күркетауық – күркілдейді. 11. Қаз – қаңқылдайды. 12. Қарға – қарқылдайды. 13.Қарлығаш– шықылықтайды. 14. Құр – құрылдайды. 15.Қырғауыл– құрқылдайды. 16. Сауысқан –шықылықтайды 17. Сұңқар – саңқылдайды. 18. Тауыс – шақырады. 19.Тауық– қыт-қыттайды. 20. Тоқылдақ – тоқылдайды. 21.Тырна – тыраулайды. 22. Үйрек – барқылдайды. 23. Шағала –шаңқылдайды. 24.Торғай –шиқылдайды 25. Әтеш –шақырады 26. Шымшық –шиқылдайды 27.Безгелдек –безектейдi
0 дауыс
Қарқылдады- Қарға
Көкектеді- Көкек
Тоқылдатты- Тоқылдақ, әрі қарай білмеймін♀️♀️
...