Кейбір адамдар мүмкіндігі шектеулі жанға айналу себебі неде?

+2 дауыс
462 қаралым

 

Кеше ғана сау жүрген адам,аяқ астынан жол апатына ұшырап,қолдары қозғалмай,аяқтары жүрмей қалды.Ал,енді бірде бақытты ғұмыр кешіп жатқан отбасыда,аяқ астынан жесір болып жатады яки кейде ажырасып тынады.Жалпы,осындай жағдайлар өмірде болып жатады.Кімге кесірі тиді екен? - деп те,ойланамыз.Енді,алдағы болашағымызды нақты болжай алмаймыз ғой,дегенмен мұндай жағдайларға тап болатындай не себеп болуы мүмкін?Қалай сақтану керек деп ойлайсыздар?(өмірде болған жағдаятты көргендіктен аздап алаңдаушылық туындайды екен...)

• Санаты: Тұлға, Адам

3 жауап

+1 дауыс

Барлық адамдармен жақсы қатынаста бол.Жұбайыңызды сыйлау керек.Не істесеңіздерде қасыңыздағы үлкендерден сұрау керек.Бұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін.

Алла сақтасын!Кешегі көрген жәйт еді,менің емес.
0 дауыс

Аллах тағала сақтасын мұндай жағдай ешкімнің басына бермесін.Себебтері арақ ішу,темекі тарту,насыбай ату т.б.Үнемі сақтанып жүру керек сақтықта корлық жоқ ағайын!

Белгісіз
рахмет жауабыңызға!
0 дауыс

"Бейнет аяқ астынан" дейді қазақ. Ешкім де біреуге кіріптар болып қалам деп ойламайды ғой. Сонда да денсаулықты күтіп, адамдармен ара-қатынастарыңды дұрыстап, орынсыз жерлерге кірікпей жүрген дұрыс. "Құдай сақтанғанды сақтайды".

жауабыңызға алғыс!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
127,752 сұрақ
322,321 жауап
153,150 пікір
72,777 қолданушы