Монғол күресі қалай аталады?

+2 дауыс
629 қаралым
Сканворд толтырып отырып тек осыны ғана таба алмай қалып едім. Монғол күресі қалай аталады?
• Санаты: Қызық сұрақтар

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Бөх немесе бөхийн деп аталады

+1 дауыс

Моңғол күресі — (монг. Бөх, бөхийн барилдаан) моңғол халқының ұлттық күресі. Моңғолия, Бурятия мен Тываға жақсы тараған.

Күресте әртүрлі әдістер қолданылады. Палуандарға ерекше күрес киімі кигізіледі: басы қайрылған ұлттық етік – «монгол гутал», шолақ шалбар – «шуудаг» және жеңі бар өзіндік көкірекше(зелетке), бірақ кеудесі ашық келген – «зодог».

Моңғол күресінің өз жоралары, ережелері және өзіне тән ерекшеліктері бар: Бұрындары белдесулер уақытпен шектелмейтін(қазір шектелетін болды), салмаққа қарамайды, күрес ашық алаңда жүре береді. Табаны мен білезікке дейін қолнан басқа дене мүшесі кімдікі бірінші жерге тисе, сол палуан жығылады. Әр палуанның жеке көмекшісі(секунданты) болады – «засуул». Алысып болғаннан кейін жеңілген палуан жеңімпаздың көтерілген оң қолының астынан өтуі керек. Бұл оның өзінің жеңілгенін мойындағанның белгісі. Ал жеңімпаз болса дәстүрлі бүркіт биін билейді. 

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы