Аннотацияның орыс тіліне аудару керек?

+1 дауыс
328 қаралым

Тез  арада   мына  аннотацияның  орыс   тіліне  аудару   керек.  Өтінем   көмектесіңіздерші!!!  Өтінем!!! 

 

Аннотация

Жас  ғалым  ғылыми жұмысты жазу барысында  Көктөбе  елді  мекенінің тарихын негізге ала отырып,елді мекен атауының шығу тарихы,оның айналасындағы су қорлары,ол жөнінде тарихи аңыздар мен болжамдар жасап отырып ізденіс жұмыстарын жүргізген.  Бүгінде осы елді мекенге қарасты жер су атаулары, бұлақтар мен жолдар есімдерінің тарихы көне көз қариялардың көзіндей ұмытылып бара жатқаны, жас ұрпақ, кейінгі буын осы аталған елді мекенге  қарасты топонимдерді бүгінде білмейтіндігін, тіптен қазіргі орта буын ағаларымыздың өзі бұл жөнінде хабары аз екені туралы айтқаны. Ғылыми жұмысты жазу барысында  әлі  де  көптеген  зерттеулер  қажет екендігі айтылады.

    Жұмыстың ерекшелігі жас ғалым тек Көктөбе елді мекенінің атауының өзіне бірнеше тарихи деректер мен әдебиеттерге сүйене отырып талдаулар жасап қана қоймай,  көне көз қариялардың ауыз деректеріне сүйене отырып болжамдар жасап, көзқарас білдіріп сол болжамдарын нақты заттай, географиялық дәлелдермен тұжырымдаған.

    Ғылыми жұмыста елді мекеннің айналасындағы су қорлары, бұлақтар, өзендер оның атаулары мен таихы,тартылу себептеріне де талдаулар жүргізілген. Еңбек өзінің ғылыми тұжырымдарымен, талдауларымен, тарихи маңызымен құнды болып табылады.

• Санаты: Қазақ тілі Белгісіз

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Үшке үшті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

127,799 сұрақ
322,402 жауап
153,153 пікір
72,836 қолданушы