+2 дауыс
756 көрілді

Ағылшын тілін қалай және қайдан тез үйренуге болады?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ағылшын тілін үйрену үшін арнайы мұғалімдерден сабақ алыңыз.Осы сайттағы жаңалықты оқып көріңіз.

0 дауыс

арнайы сабақ алатын жерге барыныз немесе күнделікті сөздік жаттаңыз сонда тез үйренесіз

+4 дауыс

Арнайы курстар мен үй тапсырмасынсыз-ақ, ағылшын тілін үйренуге болады.

Бейнебаян көріңіз

YouTube-тан ағылшынша кинолар мен сериал, роликтерді көрер болсаңыз, онда уақыт алдында кінәлі болмайсыз. Және ағылшын тілін үйреніп те қаласыз. House M.D. или Misfits сізге ағылшынды 100 пайыз үйретеді деп айта алмаймыз. Алайда, ағылшын сөзіне құлағыңыз үйреніп, айтылуының дұрыс жолын, лексикасын біршама біліп қаласыз. Ол үшін субтитрі бар, көруге оңай кинолардан бастағаныңыз дұрыс болар. Сол арқылы күрделі киноларды көруге икемделіп, субтитрді қажет етпейтін де боласыз. Бұның бәрі жай айтыла салған сөз емес. Сондықтан күнде бір уақытта ағылшын тіліне көңіл бөліп тұрыңыз. BBC арнасының жаңалықтарымен басталған ағылшын тілін үйрену ниетіңіз бірнеше ай уақыт көлемінде жақсы көрсеткіштерге жеткізуі әбден ықтимал.

Интернет желісінде жаңалықтар мен кинолардан басқа  ағылшын тілін үйрену сабақтары бар. Аталған сабақтар жетіп артылып жатыр. Күніне қаншама ерікті адамдардың оқып үйренуі үшін  материалдар қосып, үсті-үстіне үстемелеп жатады. Солардың ең жақсыларын кіріп көріңіз. 

Кітап оқыңыз

Әйтсе де, көгілдір экран алдында отыруға ата-анаңыз рұқсат етпесе, онда сізге кітап көмектеседі. Кітап болғанда да тілі жеңіл, тұрмыстық кітапты айтып отырмыз. Бұндай кітаптардың пайдасы ағылшын тілін үйренушілерге аз тимепті. Оны санамалып жеткізе алмаймыз. Ең бастысы, сіз күніге таңғы салқын ауамен ерте тұрып кітап оқып, оны түсінуге зер қойсаңыз, алда-жалда арнайы курстарға барып жүргендерден де артық білім алуыңызға болады. Себебі, таңертең оқыған кітап басқа уақытта оқыған кітаптарға қарағанда өтімді болады. Түні бойы демалған ми клеткалары кез келген ақпаратты жинап алуға бейім тұрады. Оның үстіне көзқарасыңыз бір ғана дүниеге бағыт алады. Тағы бір ескертетін жағдай, өзіңізді қинап еш уақытта кітап оқымаңыз. Ол сіздің пайдаңызға емес, үлкен бір олқылыққа айналуы мүмкін.  Уақытыңыз бір мезетке босап қалса, қойын қалтадан кітапты суырып алып, оқыған дүниеңізді бір қарап шығуыңызға болады. Есіңізге барлық бұрынғы оқығандарыңыз қайта келіп, одан бетер жақсы сақтала түседі.

Демалыңыз

Шаршап келіп, төсекке жата тұрғыңыз келеді. Бір сәтке болса да тынығып алуды артық көрмейсіз. Алайда ұйықтап та қатырмайсыз. Себебі, жан-жағыңыз шулап жатқанда тынығу қайдан болсын. Бір сәт өткен күннің қызығы мен шыжығын өзіңізше бағамдап, ой-пікірлеріңізді бір арнаға жинастырып әуре боласыз. Және белгілі бір бағытқа ұзақ үңіліп кетесіз. Ал сол бағытта ағылшын сөздері (қазақшасымен) тұрса, не болар еді? Онда міндетті түрде оқисыз. Біздің психология солай құрылған. Тіпті, қарап жатып та жаттап аласыз. Ол үшін өзіңіз көп жүретін немесе тынығатын кереуеттің маңдайшасына, қабырғаның орта тұстарына, көзіңіз түсетін жердің бәріне де іліп тастаңыз. Соларды күнде қарап жүргенде, көзіңізге оттай басылып қалады. Әрине, бұл жерде көздің көп нәрсе атқарары белгілі. Өйткені, естігеннен гөрі, көзбен көрген дүниелер жадымызда жақсы сақталады.

Жұмыс жасаңыз

Ер баланың сыртта жүріп оқуға қолы тимейді. Ал қыз балаға үй ішінің жұмыстары бұйырады. Сондағы жұмыс: үй жинастыру, ыдыс-аяқ жуу, т.б. Оқуға үлкен мүмкіндік. Ыдыс-аяқ жуылатын жердегі қабырғаға ағылшын тілінің сөздерін іліп қойыңыз. Бір көзіңіз ыдыс-аяқта болған кезде, екінші көзіңіз бос қалмасын! Қалжың ғой. Мүмкіндіктің көп екенін айтып тұрмыз. Оның үстіне ыдыс-аяқ жуатын заттардың атауы да көбіне ағылшынша болып келеді. Соларды құрастырып көрсеңіз де болады. 

Өзіңіз қалай қабылдасаңыз, дүние солай қарай күрделене береді. Адам қолынан келмейтін дүние жоқ. Егер сіз үлкен арман мен таудай талаппен жүрер болсаңыз, бір тіл емес жүз тілді де үйреніп шығасыз. Сенбей отырған шығарсыз?! Онда сіз мына әңгімені естімепсіз ғой!

...Баяғыда бір баланың анасы әл үстінде жатыпты. Баласы болса, өлер алдындағы ана сөзін күтсе керек. Содан анасы баласына ештеңе айтпай жүріп кетіпті. Тек, баласына айтар өсиеті мен арман-тілегін бір кітапқа жазған екен. "Сол кітапты міндетті түрде оқып шық,"-депті. Ол кітапта  байлыққа жетудің ең қысқа жолдары да айтылыпты. Ал не керек, анасыз қалған қу жетім қайда бармақ?Әупірімдеп жүріп оқуға түскен. Әлгі өсиет жазылған кітапты оқуға ден қойған. Қолына алып отырып оқыған кітап оныншы бетке келгенде, басқа тілге ауысып сала берген. Ағылшын тілі екен. Ана сөзін жерге тастайтын бала болар ма екен, ағылшын тілін меңгерген. Ал енді  білдім-ау деп  келіп оқыса, он бетттен кейін басқа тіл шыққан. Сөйтсе, қытай тілі екен. Оны да меңгеріп алып келіп  оқыса, тағы он беттен кейін басқа тіл шыққан. Алма-кезек жалғаса берген. Күндердің күні көп тілде жазылған өсиет кітабын бала түгел оқып бітіпті. Көптеген тілді біліп алған баласы бақытты ғұмыр кешкен екен.

+2 дауыс

Курстарға бар тез үйренесің.

0 дауыс

Үйренем деген талап болса, интернеттен тауып алып-ақ үйренесің. Сәттілік тілеймін!

0 дауыс
Ерасыл, Жанжүрек жауаптарыңызға рахмет!
0 дауыс
I see.

Түсіндім, білдім.

2. I quit!

Мен қойдым(жалғастырмаймын деген мағынада).

3. Let go!

Жібер! Қоя бер!

4. Me too.

Мен де.

5. My god!

О, тәңірім!

6. No way!

Болмайды! Жол жоқ!

7. Come on.

Бері кел, бол тез!

8. Hold on.

Тұра тұр, кідіре тұр.

9. I agree.

Мен қосыламын.

10. Not bad.

Жаман емес.

11. Not yet.

Қазірше болмайды.

12. See you.

Көріскенше.

13. Shut up!

Жап аузыңды!

14. So long.

Не деген ұзақ.

15. Why not?

Неге болмасқа.

16. Allow me.

Маған рұқсат етіңдер.

17. Be quiet!

Тынышталыңдар!

18. Cheer up!

Серпіл!

19. Good job!

Тамаша істедің!

20. Have fun!

Көңілді бол!

21. How much?

Қанша тұрады?

22. I'm full.

Мен тойдым.

23. I'm home.

Үйге қайтып келдім.

24. I'm lost.

Адасып қалдым.

25. My treat.

Мен қонақ қылайын.

26. So do I.

Мен сондықтан...

27. This way

Былай қарай.

28. After you.

Төрлетіңіз.

29. Bless you!

Сізге бақыт тілеймін!

30. Follow me.

Маған ілесіңіз.

31. Forget it!

Бұларды ұмыт!

32. Good luck!

Жортқанда жолың болсын!

33. I decline!

Мен бас тартамын!

34. I promise.

Мен уәде беремін.

35. Of course!

Әрине!

36. Slow down!

Ақырынырақ!

37. Take care!

Аман бол!

38. They hurt.

Ауырып тұр(Жара).

39. Try again.

Қайталай сынап көр!

40. Watch out!

Абайла! Байқа!

41. What's up?

Не болды?

42. Be careful!

Абай бол!

43. Bottoms up!

Көтерейік!

44. Don't move!

Қозғалма!

45. Guess what?

Тауып көрші?

46. I doubt it

Мен одан күмәнданамын!

47. I think so.

Мен де солай деп ойлаймын.

48. I'm single.

Менің басым бос.

49. Keep it up!

Қайтпа! Шегінбе!

50. Let me see.

Ойланып көрейін.

51. Never mind.

Алаңдаушы болма.

52. No problem!

Мәселе жоқ!

53. That's all!

Міне, осылай!

54. Time is up.

Уақыт болды.

55. What's new?

Не жаңалық?

56. Count me on.

Мені де қосыңдар.

57. Don't worry.

Уайымдама.

58. Feel better?

Тәуір боп қалдың ба?

59. I love you!

Сені сүйемін!

60. I'm his fan.

Мен оның жанкүйерімін.

61. Is it yours?

Бұл сенікі ме?

62. That's neat.

Тып-тинақтай екен.

63. Are you sure?

Сенімдісің бе?

64. Do l have to?

Сөзсіз істеуім керек пе?

65. He is my age.

Ол менімен жасты.

66. Here you are.

Міне, саған. Бұл сенікі.

67. No one knows .

Ешкім білмейді.

68. Take it easy.

Алаңдама.

69. What a pity!

Неткен өкінішті!

70. Any thing else?

Басқа не бар?

71. To be careful!

Абайлап жүр!

72. Do me a favor?

Маған көмектесе аласыз ба?

73. Help yourself.

Тартынба.

74. I'm on a diet.

Мен диетадамын.

75. Keep in Touch.

Хабарласып тұр.

76. Time is money.

Уақыт – алтын.

77. Who is calling?

Шақырып тұрған кім?

78. You did right.

Сен дұрыс істегенсің.

79. You set me up!

Сен маған опасыздық жасадың!

80. Can I help you?

Көмек керек пе?

81. Enjoy yourself!

Көңілді болыңдар!

82. Excuse me, Sir.

Ғафу етіңіз, мырза!

83. Give me a hand!

Маған көмектесіп жіберіңдер!

84. How's it going?

Қалай боп жатыр?

85. I have no idea.

Амалым қалмады. Не істерімді білмей тұрмын.

86. I just made it!

Мен бұны істей алдым!

87. I'll see to it.

Мен байқай жүрейін.

88. I'm in a hurry!

Мен асығыспын!

89. It's her field.

Ол тегінен сондай адам.

90. It's up to you.

Өз еркіңде. Сенің еркіңде.

91. Just wonderful!

Өте керемет!

92. What about you?

Сен ше?

93. You owe me one.

Маған қарыздар болдың.

94. You're welcome.

Оқасы жоқ.

95. Any day will do.

Қай күні болса да болады.

96. Are you kidding?

Әзілдеп тұрсың ба?

97. Congratulations!

Құттықтаймын!

98. I can't help it.

Мен шарасызбын.

99. I don't mean it.

Менікі әдейі емес.

100. I'll fix you Up.

Мен саған дайындап қояйын.
0 дауыс
lugat.kz/index.php?p=voc

 

Sozdik
...