Заттың атын білдіріп, Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Құрылымы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді.
Қазақ тілінде Кім? Кімдер? сұрақтары тек қана адамдарға қойылады, Не? Нелер? сұрақтары қалған жанды, жансыз зат есімдерге қойылады.
1.Біріккен зат есім.(бағдаршам,
Сарыарқа)
2.Қосарланған зат есім (ата-ана,ой-қыр)
3.Тіркескен зат есімдер (күн тәртібі,қазақ тілі,Астана қаласы,балалар бақшасы)
4.Қысқарған зат есімдер (ҚазТАГ,ТМД,БҰҰ,СҚМУ)