+1 дауыс
2.8k көрілді

Спорт залда дайындалып жүрсем Тренажерде бір бала айтады гантель көтеріп жасам ондай ауыр нәрсе көтере берме жүрегін ауырады дейді РАС ПА?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға байланысты.

Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.
Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.
Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.
Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.

Ұйықтар кезде сол жақпен жату (сол жақта жүрек орналасқан) жүрекке кері әсерін беруі мүмкін.

Егер сенің жүрегің бұрын мүлде ауырмаған болса, онда ауыр көтеруден ауру пайда болмайды. Тек бірден өзіңе сай емес ауыр салмақты көтеріп кетуге болмайды. Бірте-бірте бастайсың.

0 дауыс

Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б.
Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді.

Ал мен айтқандай ауру көтерсе ше?
0 дауыс

Денсаулығы жақсы адамға жүрек ауру шалдығуы екі-талай.

0 дауыс

Жоқ, ауыр көтерген жүрек ауруына әкелмейді

0 дауыс

жоқ, бел ауруына зияны болмаса 

0 дауыс

жалпы шектен тыс ауыр зат көтерген кезде адамның барлық бұлшық еттері жиырылады, сондай-ақ қан тамырлары да жиырылады, соның салдарынан жүректің жұмысына айтарлықтай зиян келеді. бұл жағдай қаны аз адамдарда айқын байқалады. жүрек соғысы жиілеп, көз қарауытып бас айналуы, тіпті естен тану жағдайы да орын алуы мүмкін ( бұл сіздің ағзаңызға түскен физикалық күшке байланысты). 

қазақта мынадай сөз бар "бір тамшы ем, екі тамшы у"-деген. яғни сіз денсаулығыңызды шыңдаймын деп басқа ауруға себепші болуыңыз мүмкін. мұндай жағдай орын алмас үшін білікті жаттықтырушыдан кеңес алған дұрыс.  жаттықтырушы міндетті түрде білікті болғаны дұрыс, өйткені жаттықтырушының қателігінен көптеген спорт сүйер жастар зиян шегуі мүмкін.

...