+1 дауыс
2.9k көрілді
Шынында да, мектеп қабырғасында жүргенде сыныпта біреуді өзіңе жақын тартып, дос боласың. Алайда, басқа қалаға оқуға түскенде, "көзден алыстаса, көңілден де алыстайды" дегендей онымен бұрынғыдай араласуды қоясың. Енді мамандық таңдау, болашақ өміріңді қалыптастыру жолында басқа дос табасың. Оқу біткен соң, екі дос екі жаққа кетсе, өмірдің басқа жолында тағы жаңа дос табылуы мүмкін. Сонда... "Дос - өмірдегі мақсаты бір адамдар" дегені рас болғаны ма...

2 жауап

+2 дауыс

Достар деген мақсаты бір адамдар емес. Менің ойымша достар деген - бір бірін қатты сыйлайтын және бірі біріне соншалықты сенетін адамдар. Бірі бірін қатты құрметтейтін адамдар бірі бірін жиі еске алып тұрады, жиі хабарласып тұрады. Досың үшін өлу қиын емес, қиыны-өлуге тұрарлықтай дос табу дейді. Өмір жолында әр түрлі достар кездесе береді. Нағыз дос сенің жағымсыз тірліктерің мен сәтсіздіктерің үшін іштей уайымдайды. Олардың бір біріне ренжуі сирек болады. Жан досынан айырылған адам өмірде мейірімі азайып, қатыгездігі күшейеді.

0 дауыс

Мақсаты бір адамдарды "партнер" деп атайды. Қызметі бір адамдарды "әріптес, коллега" деп атайды. Жаны, жан дүниесі бірдей адамдар ғана дос бола алады. "Достар, достар, жүрсің қайда? Бір еді ғой жанымыз".

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
–1 дауыс
4 жауап
0 дауыс
2 жауап
Сара 1.10.2023 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...