http://31.kz/video/show/id/1006 Ақын Ринат Зайытовтың сахнада айтқан, бірақ эфирлерден көрсетілмей қалған сөздері ғаламторға шыққалы бері оған іздеу салған халықтың саны күннен күнге артып келеді. Өткен аптада ақынның отты өлеңдерінің үзіндісін Информбюродан көрсетіп, оның амандығын жеткізген болатынбыз. Алайда халық сонда да Ринаттың қауіпті жағдайда екенін айтады. Ақын расында да қайда жүр? Әріптесім Аида Боранбай біліп көрді. Ринат Зайытовтың жеке концертінде оқылған осы отты өлеңдері телеарналардан көрсетілмей қиылып тасталғанымен, ғаламтор арқылы бүкіл халыққа тарап кетті. Елдің бүгінгі жағдайына қынжылып, кейбір ақиқатты ашық айтқан ақынның дәл осы өлеңінен кейін алып-қашпа әңгімелер көбейді. Ринатты атып кетіпті, пышақтапты, одан қалса Алматыдағы Сейфуллин көшесінде орналасқан мына түрмеге қамап қойыпты деген сөздерге "бекерден бекер мұндай әңгіме шықпайды" деп халық сене бастады. Ринат Зайытовтың телеарнаға шықпай қалған өлеңінің үзіндісін өткен аптада Информбюродан бердік. Онымен қоса ақынның аман-сау екенін де жеткіздік. Алайда кейбір көрермен оған нанбады. "Ринаттың өзін көрсетпегеннен кейін айтқандарың өтірік" дегендер де болды. Сонымен артынан осындай көңілге жағымсыз сөз ерген, халқының алаңдаушылығына іліккен ақын расымен қазір қайда жүр? Аман-есен бе? «31 арна» өтірік айта ма? Бұл сұрақтардың жауабын бірер секундтардан кейін біле аласыздар. Аида Боранбай, Айбек Көсембаев. Алып-қашпа әңгімелердің өрбіп, халыққа тарап кеткені соншалық, ақынның жағдайына алаңдаушылық білдірген жұрт Информбюроға да тынымсыз қоңырау шалып, мән-жайды сұрап жатты. Сондықтан мыңдаған көрерменнің өтінішімен, өз аузынан бар ақиқатты естіп-білу үшін студияға айтыскер ақын Ринат Зайытовты арнайы шақырдық. Қош келдіңіз, Ринат. РИНАТ ЗАЙЫТОВ, ақын: - Қал-жағдайыңыз қалай? -Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды деген бар....Осындай әңгімелердің тарауына расымен де шындықты шыңғырта жазған бір ғана өлеңіңіз себеп болды ма? -Ринат қорықпайсыз ба? Қазір жеке бас қауіпсіздігіңіз үшін алаңдайсыз ба? -Қазір немен айналысып жүрсіз? Бір жағынан халық сізді телеарналардан жиі көрмеген соң осындай ойға келген шығар...Көбіне Алматыда бола бермейтінге ұқсайсыз... Айтыскер ақынның негізгі миссиясы қандай? Тек шындықты айту ма, әлде өлеңдерді көркем түрде жеткізу ме? Билік деп жатырсыз сол билік айтыста айтылғандарға, оппозицияның сөзіне қаншалықты құлақ асады деп ойлайсыз? -Елде болып жатқан соңғы қаржылық-экономикалық өзгерістерге қатысты қандай пікір білдіресіз? Доллардың шарықтауы сізді қаншалықты қыспаққа салды? Рахмет! Студиямызда қонақта болған айтыскер ақын Ринат Зайытов.