Мысық өлтіру обал,бірақ тобымен мысық асырау да қиын.Мәселен менің бауырым үйінен мысығын қуып жіберді,әлгі мысықты салдақы деп атады,содан ол мысықты орталыққа сіңілімдікіне әкеп тастайды,ол да үйден қуып шығады,бірақ ол мысық кетпей ауласында жатады,иттер шабыл жасайды,мысық веранданың бір шынысы жоқ еді,сол терезенің рамасын паналап,сол жерде ерлікпен итті тырнап төбелесіп отырғанын неше рет көрдім,не болса да ер екен деп жаным ашып қарап жүретінмін,содан суық түсті,мысық бишара сол терезенің кішкентай ағашын қонақтайды,бар мекені сол.Сол жерде отырып итпен төбелесіп отырған оны жылы үйіме алып,жұмсақ тамағын беріп паналаттым,Бірде ол сыртқа шығып адасып кетіпті,дәуде болса сіңілімдікінде шығар деп барсам көшеде күйе күйе болып зар жылап мысығым жүр ,уйге алып келдім.Бір жаманы күшіктейді,еркек мысықтар тобымен жүреді.Күшіктерін өлтірсең тағы қатыгездік,өлтірмесең мысықты бала шағасымен асырайтын емес,содан не істерімді білмей отырғанда,маған жездем бір ауру әйел бар үйінде ит,мысық асырап отыр деді,содан соның есігінің алдына пакетке салып мысықтарын апарып тастадым,ол үйіне кіргізіп алды.Кейіннен ол күшіктегенін қойды,бірақ балаларын іздеп зарлағанда құдай сақтасын!Қасірет шегіп,қаңғып жүрген мысықтар көп,мекемелерге барып аш деп бажылдап түрған мысықты көрдім,қайтсін,далада 47 градус аяз!