Мен болмашы нәрсеге жылай беремін. Мысалы, маған біреу сын айтса, мені мазақтаса, қатты сөйлесе, біреу жыныма тисе, біреумен ұрыссам. Өзімді ұстай алмаймын. Көзімнен жастың қалай шыққанын білмей қаламын. Жыламау үшін не істеуге болады
Бұндай да боламане қызық екен.
Негізі жүректің жылауынан емес, тым-тырыс қалуынан қорқу керек. Сен нәзік қызсың, жүрегің жұмсақ, саған қатты, қатал болу керек, осыған үйрену қажет, сені ренжітетін жағдайлар кездесіп жатса, барынша көңіліңе алмауға тырыс.
Жүрегін жұмсақ болған,яғни нәзік.
Ондай сөздерді көтеруге тырыс!
Тез жылай, көңілшектік, тез ашулану "өтпелі кезең" кезінде жиі кездеседі. Сондай-ақ организмде йод жетіспеушілігінен де болуы мүмкін. Сол үшін "Йодомарин" препаратын ішіп жүр.