+1 дауыс
108k көрілді
Ауыспалы (өткен, осы, келер) шақтардың өзіндік ерекшеліктері қандай толығырақ айтсаныздар

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

                                     Ауыспалы (осы, өткен, келер) шақтардың сыры

Біз – ауыспалы шақтармыз. Үшеуміздің есімдеріміз ұқсас болғанымен, жан-дүниеміз, қөзқарасымыз әр алуан. Ауыспалы осы шақ пен келер шақтың айырмашылығы мен ұқсастықтары бар ол ұқсастықтары: біріншіден: -а, -е, -й (көсемше) жұрнақтарының жіктелуі арқылы жасалады. Екіншіден ауыспалы түрде келеді. Айырмашылықтары: Біріншіден: Мезгіл мәнді сөздер ауыспалы келер шақта қатысуымен жасалады, ал мезгіл мәнді сөздер ауыспалы осы шақта қатыспайды. Екіншіден: Ауыспалы келер шақ мағынасы жағынан іс-әрекеттің келер шақта екенін білдірдеді. Ал Ауыспалы осы шақ мағынасы іс-қимылдың осы шаққа қатысты қатысты қалыптасқан әрекет екенін білдіреді. Ауыспалы осы шақ пен келер шақтың ауыспалы өткен шақан айырмашылығы: Ауыспалы өткен шақ бірде келер шақ, бірде өткен шақ мағынасында ауыспалы қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды.

маған қатты ұнады
0 дауыс
Осы шақ. Осы шақтың 2 түрі бар: 1)Ауыспалы осы шақ. 2) Нақ осы шақ. Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады. Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” — “ол турур”, “тұр” — “тұрұр”, “жүр” — “Жүрүр”, “жат” — “жатыр”, яғни болып жатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларының кірігуінен жасалған. Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі. Өткен шақ 3 топқа бөлінеді: 1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”. 2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”. 3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы. Келер шақтың негізгі 3 түрі бар: 1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктіңтәуелдік немесе барыс септікформасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. 2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”. 3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”.
Раххххххметттт!
...