0 дауыс
6.3k көрілді

Қайырғали Смағұлов туралы Реферат тауып беріңіздерші немес сайтын жазсаңыздарда болады

ИНТЕРНЕТТЕН ҚАҢЫЗ!

ИНТЕРНЕТТЕН ҚАРАҢЫЗ!

қарап Таба алмай жатырмынғо

майкрасофт пауер пойн програмасына к3р3п жаса4ыз

автордың суретін алып мәлімет ал да реферат жаса!!

2 жауап

0 дауыс

70 жыл бұрын мыңдаған кеңес әскері шағын балықшы ауылының жағалауында қайықтарынан түсіп жатты. Суық өткір жел өңмендерінен өтіп, құлақ тұндырар зеңбіректердің зор даусымен жауынгерлер айқасқа ұмтылуда. Солардың арасында 24 жасар қазақ солдаты Қайырғали СМАҒҰЛОВ та болды.

Атыраулық іздеуші Талғат ІЛИЯСОВ Қ. Смағұлов жөнінде шағын фильм түсірді. Бұл атақты жерлесімізді тағы бір еске алуға себеп болды. Өйткені бүгінде әйгілі қазақ солдатының қай жерде, қандай айқастарда даңққа ие болғанын көп ешкім біле бермейді.

- Қайырғали Смағұлов атқыштар полкінің 1339-взводы (Солтүстік Кавказ майданы, 18-армия, 318-атқыштар дивизиясы) командирінің көмекшісі болды. Комсомол мүшесі, сержант 1943 жылғы 1 қарашада асқан ерлігімен көзге түсті. Бұл күні ол десанттық операция кезінде жауынгерлер тобын басқарды. Бұл айқас Ұлы Отан соғысы жылнамасына «эльтигендік десант» деген атаумен енді. 1943 жылдың қараша-желтоқсан айларында болған сол шайқаста десанттар гитлерліктердің көп күшін жайратқан болатын. Осы айқасқа қатысқаны үшін 129 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, араларында жерлесіміз де бар.

Майдан даласында жауынгерлер мен командирлер қазақ жігіті Қайырғалиды Костя деп атады. Тіпті марапат парақшаларында оны Константин Исмагулов деп жазған, - дейді Талғат.

Керч-Эльтиген десанттық операциясының мақсаты Эльтиген балықшы ауылы ауданындағы жау бекінісін алу болатын. Жағалауға үш мыңға жуық десант түсірілді, жаудың кескілескен қарсылығына қарамастан олар берілген тапсырманы абыроймен орындады. Айқас 36 күн мен түнге созылды. Тар жағалау белдеуіне шеп құрған жауынгерлер ерлікпен айқасып, күніне20-ға жуық қарсы шабуылға төтеп берді.

- Смағұлов 1919 жылы Махамбет ауданының Қайыршақты ауылында дүниеге келді. Он жасынан бастап Орал қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленді. Жеткіншек шағын Гурьев қаласында өткізіп, сол кездегі көптеген адамдардай, балық консервілеу зауытында жұмыс жасады. Ол осында комсомол қатарына алынды, - дейді Талғат.- 1939 жылдың аяғында ол Қызыл Армия қатарына шақыртылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап фашистермен айқасты, Дондағы Ростов, Орджоникидзе түбінде соғысты, Новороссийск үшін болған шайқастарға қатысты. 1946 жылы әскер қатарынан Гурьевке оралды.

Қайырғали Смағұлов - Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» кітабының басты кейіпкері Қайроштың прототипі. 1993 жылы бақилық болды.

Ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес!

 

 

Патриоттыкка тарьиелейтин оте тамаша дуние
...