Еліміздің Астанасын Есіл өзені екіге бөліп жатқаны белгілі.Тағы қай қаланың астанасын өзен осылай бөліп жатыр?Бір жерден естіген едім,есіме түсіре алмай отырмын.
менің ойымша Атырау қаласы....
Онадай Астаналар көп қой Париж-Сена, Лондон-Темза, Москва-Москва река... т.б. Бірақ ең әдемісі Вена - Дунай болар
Қызылорданы Сырдария кесіп өтеді.
Ондай астаналық қалалар өте көп.
Семей болуы керек, Қазақстандағы ең үлкен көпір деп жатады ғой
Әлемде ондай қалалар өте көп, негізі қалалардың барлығы дерлік өзен жағасына салынады. Солардың ішіндегі кереметінің бірі Венгрияның астанасы Будапешт қаласы болса керек. Қала Дунай өзенінің қос жағалауына орналасқан, халық саны 2 млн-ға жуық.
Тараз қаласын да Талас өзені қақ жарып екі жағалауға бөліп ағып жатыр.
Иә, ондай қалалар көп. Біздің елде де біршама қала өзеннің қос жағасында орналасқан. Мен білетін Семей мен Өскемен Ертіс өзенінің екі жағалауында орналасқан қалалар.