+2 дауыс
2.2k көрілді

Рабле Франсуа кім?толық мәлімет берініздерші

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Рабле Франсуа (1494-1553) - француз жазушысы, Қайта өркендеу дәуірі әдебиеті ірі өкілдерінің бірі. Рабленін әдеби шығармашылығы1532 жылы Лионда жарияланған «Гипократтың афоризмдерінен» басталды. Ол «Гаргантюа мен Пантагрюэль» атты бірнеше кітаптан түратын фантастикалық романында ескі феодалдық тұрмысты сықақ етіп, гуманистік көзқарасты қолдады. Автор бұл романды жазуда халық арасында тараған аңыз, ертегілерді кең түрде пайдаланып, оған гуманистік сипат берді. Рабле діншілдікті, орта ғасыр әкімдерін, соттарын мазақ етіп, адам баласының дене және ақыл-ой жағынан дамуы үшін жаңа тәрбие тәсілін үсынды. Рабле өзінің романында феодалдық жыртқыштык согыстарды сынады. «Бұрын ерлік деген аты шулы атақ алған нәрсені, - дейді кітап кейіпкерлерінің бірі, - біз енді жай ғана қарақшылық дейміз». Рабле бүкіл дүние жүзіне өзінің үстемдігін орнатуға әлек болып, өз қол астындағыларының қанын төккен басқыншы корольді мысқылдап, келеке етеді. Романда Папемания елі суреттеледі. Бұл елде папаға берілген католиктер түрады. Рабле «Бұл елге ине тәрізді қылдырықтай болып келіп, әп-сәтте суыр тәрізді семіреді», өйткені«дүние жүзінің түкпір-түкпірінен» табыс түсіп жатады дейді. Рабле бұл романында тәрбиенің тиімді, тиімсіз жақтарына көңіл бөледі. Мысалы, Гаргантюаның екі тәрбиешісінің біреуі оқытудың бір-ақ тәсілі - жаттатуды ғана біледі. Әкесі бүдан баласына еш пайда жоқ екенін түсініп, екінші бір мұғалімді шақырады. Ол түсінуге үйретеді. Оқуды өмірмен байланыстырады. Рабле Гарғантюасы «Егер корольдер философ немесе философтар король болса, мемлекет сонда бақытты болады» дейді. Роман авторы дворяндарды жек көрді. Олардың мақтаншақтығын жоне топастығын сынады. Адамдар арасында табиғи қайырымдылықты жоғары қойды. Рабле зорлау мен күштеу болмаған жерде акыл-ой ісі өзінен-өзі орнығады деп пайымдайды. Рабленің даңқы XVI ғасырда кең жайылды. Оның аты Гомер, Данте, Шекспирлермен қатар қойылды. XIX ғасырдың 2-жартысында Рабле романының тарихи-мәдени маңызьш терең талдауға әрекет жасалды. 1903 жылы «Раблені оқып үйрену қоғамы» құрылды. Рабле шығармашылығы Ресейде 1917жылдан бастап кең тарала бастады. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романы орыс тіліне үш рет аударылды. Қазақ тілінде бұл роман1938 жылы жарияланды. Рабле шығармашылығы француз және дүние жүзі әдебиетінің даму- ына үлкен ықпал жасады.

...