0 дауыс
4.2k көрілді
Қымызды көп iшсен мас боласынба

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қымыз — шипалы әрі жұғымды сусын. Сапы қымыз — дертке шипа, денеге күш. Қымыз жылқы терісінен тігіліп, тобылғы түтінің ысы әбден сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы “қор” деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға немесе салып,оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын самалды құйып,ыдыстың сыртын жылы орап тастайды. Қор езіліп, саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп жаңа қор жасалады. Жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз іріктеніп кетеді) саумалды құйып, саумал әр құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырады. Қымыз ашытылатын ыдысқа қойдың сүр қазысы мен семіз жаясын салса,қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте,қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қымыздың бетінде қалқып жүреді. Іңірде пісірілген қымызды жылылап қымтап, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады. Саба мен күбіні аптасына ең кемі бір рет ыстайды. Әжелеріміз күбіні киікотымен ыстаған. Киікоты піскенде оны келесі жылға жететіндей орып, кептіріп алатын болған. Дер кезінде тазартып, ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан ескі дәм шығады. Қымыздан бір күнге жетерлік мөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. Бұл процесс бие ағытылғанға дейін осылай жалғасады. Қымыз қотарғанда ыдыстың түбінде жетерлік мөлшерде қор қалуы тиіс. Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне,уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі. Уыз қымыз — биені алғаш байлағанда ашытылатны қымыз. Мұны бие бау деп те атайды. Бал қымыз — әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндайа қымыздың түрі әдеттегідей қымыздан гөрі сары әрі қою болады. Бесті қымыз — төрттүн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз. Дөнен қымыз — үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз. Жуас қымыз — үстіне саумал құйып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болуы үшін осылай істейді. Құнан қымыз — екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады. Қысырақ қымыз — бірінші рет құлындаған биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама билердің сүтіне қарағанда әлдеқайда қуатты болады. Оны әдетте “ту қымыз” деп те атайды. Қысырдың қымызы — бие ағытылғаннан кейін, жем- шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыстай қолда ұстап сауады. Сондықтан да бұл қымызды “қысырдың қымызы” деп атайды. Сары қымыз — шөп пісіп,биенің сүті қойылған кезде ашылатын қымыз. Жаздыкүнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады. Сірге жияр қымыз — бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады. Түнеме қымыз — ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні ( тағы бір күн асқаннан соң) қотарылатын қымыз.Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн. Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. Ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді. «Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады. Сондықтан, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік, ағайын!Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Жақында ғалымдар тағы бір жаңалық ашты. Төрт түліктің ішінде биенің сүті ғана альбуминдік (сүттің ерекше түрі) қасиетке ие екен. Демек, бие сүті ананың сүтімен пара-пар деген сөз. Бие сүтінде кездесетін ақуыздар, майлар, көмірсутегілері басқа сүтке қарағанда ерекше болып келеді. Бұл – бие сүтіндегі ғылыми дәлелденген қасиеттердің бір парасы ғана. Ал оның зерттелмеген, ашылмаған тұстары қаншама
0 дауыс

Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес,сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған.

0 дауыс
Айран құрамы мен қасиеттері бойынша сүтке ұқсас. Бірақ ұйытылғаннан кейін құрамы өзгеріп, пайдалы бактериялардың саны артады. Медицина тілімен айтқанда олар ағзаға пайдалы бактериялар. Ағзамызда қордаланған зиянды бактерияларды жойып, иммундық жүйемізді нығайтуда бұл бактериялардың пайдасы зор.Бәріміз де ауылда айран ішіп өстік. Аптап ыстықта салқын айранды сіміріп алып әрі шөл қандырып, әрі қарын тойдырып жөніне кете баратын қазақ көп. Көжеге қатық, құртқа сүзбе болатын бұл тағамның дайындалу әдісі өте оңай. Пісірілген сүтті қам жылы етіп суытып, тамызық құйсаңыз болғаны. 3 сағатта қаймағы іркілген бал айраныңыз дайын. Сондай-ақ ашыған сүтті де айран ретінде пайдалануға әбден болады. Өздігінен ұйып қалған айранның құрамы пайдалы элементтерге толы. Қазақ дастар-қанының ең танымал тағамы айран десек артық болмайтын шығар. Себебі көп тағамға айран қосылып жасалады.Бұрын бір қойдың етін сүт пісірім уақытта бір өзі жеп тауыса алатын алып адамдар болған. Етті жеп, сорпасын ішіп алып, ауыл маңында өзен немесе көл болса, сол суға түсіп алады екен әлгі дәулер. Жеген астың бүкіл майы су бетіне тері саңылаулары арқылы қалқып шығады. Салқын судан соң, міндетті түрде айран ішеді. Бұл батырлар үшін ас қорыту жолдарын тазартып, ішек жұмысын қалыпқа келтіріп, артық салмақты жоюға мол септігін тигізетін сусын ретінде пайдаланылған.Айранның пайдасын бүгінгі ұрпақ та жақсы біледі. Дәрігерлер әрбір науқастың рационында міндетті түрде айран болғандығы жөн дегенді жиі айтады. Себебі науқас адам сауығу үшін түрлі дәрілерді қабылдайды. Олардың барлығы да пайдалы деп айту қиын. Ішек қызметін бұзып, қарын түктерін қабындырады. Салдары асқазан ауруына алып келеді. Ал сол дәрілерді айранмен бірге қабылдаған адамның жазылуы тез болады. Себебі айран ағзадағы зат алмасуға қатысып, иммундық жүйенің жұмысын жақсартады.Айран ұйытылатын сүттің сапасына тікелей байланысты. Майлы, қаймақты сүттен дәл сондай майлы және қаймақты айран шығады. Бірақ майлылығы аз айранның пайдасы мол. Ондай айранның құрамындағы микроэлементтер ағзадағы түрлі ауру тудырушы бактерияларды жойып, созылмалы аурулардың алдын алады. Мұндай айран әсіресе балаларға өте пайдалы. Ағзадағы ас қорыту жүйесіне қатысатын мыңдаған бактериялар өзара қатынасқа түседі. Қабылдаған тағамның тез қорытылып, сіңіріліп және тиісті пайдасын тигізуі үшін өзара «күреседі».

Ұқсас сұрақтар

...