–1 дауыс
11.6k көрілді

Үй тапсырмасына мұғалім Жамбыл Жабаев туралы пікір тауып келіңдер деді
Сөйтіп ғаламтордан іздедім,таппадым

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Болашақта бұл сұраққа адам ізденісіп қалады:
 

«Ғасырға жуық ұзақ ғұмырында ол екі дәуірдің, көптеген әлеуметтік дүмпулердің куәсі болды, өмірдің ауыртпалығы мен тіршілік қуаныштарын да бір кісідей бастан кешірді, кедеймін деп мойыған жоқ, болдым-толдым деп тасыған жоқ. Жағымпаздық пен өтіріктің құнын жақсы білген Жамбыл ешқашан байлыққа да бас иіп көрген емес. Басқаның қасіретін терең қабылдап, зұлымдықпен де аяусыз күресті. Ақындар айтысында оған ешкім тең келе алған жоқ. Жамбылдың домбырасы — Жетісудың жан-жүрегі мен айдай ақиқаты еді.

Ол өзінің көп достары мен туыстарының қазасын көрді, кешегі соғыс қасіреті жүрегін тілгіледі. Тек алмастай айбарлы сөз ғана онымен өмір көшінің соңына дейін бірге болды, мәңгі өлмес топырағы ғана оны бауырына басып, алыстарға бастай берді».


                                                                                                                      Әбіш Кекілбаев

0 дауыс

Пікір деген әр адамның бір адам, нәрсе, құбылыс туралы өз ойы. Сондықтан, өз ойыңды жаз.

Белгілі адамдар айтқан пікірлер керек!
Әдебиет кітаптарда болу керек.
0 дауыс
«Жамбыл жырларытеңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқыныңқолына беру – біздіңәрқайсымыздың азаматтық борышымыз»

Сәкен Сейфуллин
...