0 дауыс
20.4k көрілді

Мағжан Жұмабаевтың "От" өлеңін тауып беріңіздерші? Қатты керек еді.

4 жауап

+2 дауыс

От

Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын. 
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзімде - от, 
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от.
Оттан басқа тәңірі жоқ.

Жалынмен жұмсақ сүйеді,
Сүйген нәрсе күйеді. 
Жымиып өзі жорғалар.
Ұшырағанды шоқ қылар,
Шоқ қылар да, жоқ қылар. 
Мұның аты От болар.
Мен де отпын - мен жанам.
От - сен, тәңірім, табынам.

Әдемі отпен аспаның,
Бәрі жасық басқаның. 
Жалын жұтам - тез тоям.
Әулием, ием, құтыма,
Теңсіз тәңірім отыма 
Әлсін-әлсін май құям.
Май құямын - өрлейді.
Құлашын көкке сермейді.

Кейде жылан арбайтын,
Кейде аждаһа жалмайтын. 
Сескенбес, сірә, кім сенен; 
Шынында, менің өзім де - от,
Қысылған қара көзім де - от. 
Мен - оттанмын, от - менен,
Жалынмын мен, жанамын.
Оттан туған баламын.

Қараңғылық бұққанда,
Қызарып күн шыққанда, 
Күн отынан туғанмын;
Жүрегімді, жанымды,
Иманымды, арымды 
Жалынменен жуғанмын.
Жүрегім де, жаным да - от,
Иманым да, арым да - от.

Жарқырап от боп туғаннан,
Белімді бекем буғаннан, 
Қараңғылық - дұшпаным.
Сол жауызды жоюға,
Соқыр көзін оюға 
Талай заулап ұшқанмын,
Әлпіге барғам Алтайдан.
Балқанға барғам Қытайдан...

Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын. 
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзім де - от. 
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от,
Оттан басқа тәңірі жоқ.

 

0 дауыс
От Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын. Күнге ғана бағынам. Өзім - күнмін, өзім - от, Сөзім, қысық көзімде - от, Өзіме-өзім табынам. Жерде жалғыз тәңірі - от. Оттан басқа тәңірі жоқ. Жалынмен жұмсақ сүйеді, Сүйген нәрсе күйеді. Жымиып өзі жорғалар. Ұшырағанды шоқ қылар, Шоқ қылар да, жоқ қылар. Мұның аты От болар. Мен де отпын - мен жанам. От - сен, тәңірім, табынам. Әдемі отпен аспаның, Бәрі жасық басқаның. Жалын жұтам - тез тоям. Әулием, ием, құтыма, Теңсіз тәңірім отыма Әлсін-әлсін май құям. Май құямын - өрлейді. Құлашын көкке сермейді. Кейде жылан арбайтын, Кейде аждаһа жалмайтын. Сескенбес, сірә, кім сенен; Шынында, менің өзім де - от, Қысылған қара көзім де - от. Мен - оттанмын, от - менен, Жалынмын мен, жанамын. Оттан туған баламын. Қараңғылық бұққанда, Қызарып күн шыққанда, Күн отынан туғанмын; Жүрегімді, жанымды, Иманымды, арымды Жалынменен жуғанмын. Жүрегім де, жаным да - от, Иманым да, арым да - от. Жарқырап от боп туғаннан, Белімді бекем буғаннан, Қараңғылық - дұшпаным. Сол жауызды жоюға, Соқыр көзін оюға Талай заулап ұшқанмын, Әлпіге барғам Алтайдан. Балқанға барғам Қытайдан... Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын. Күнге ғана бағынам. Өзім - күнмін, өзім - от, Сөзім, қысық көзім де - от. Өзіме-өзім табынам. Жерде жалғыз тәңірі - от, Оттан басқа тәңірі жоқ.
0 дауыс
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.  
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзімде - от,  
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от.
Оттан басқа тәңірі жоқ.

Жалынмен жұмсақ сүйеді,
Сүйген нәрсе күйеді.  
Жымиып өзі жорғалар.
Ұшырағанды шоқ қылар,
Шоқ қылар да, жоқ қылар.  
Мұның аты От болар.
Мен де отпын - мен жанам.
От - сен, тәңірім, табынам.

Әдемі отпен аспаның,
Бәрі жасық басқаның.  
Жалын жұтам - тез тоям.
Әулием, ием, құтыма,
Теңсіз тәңірім отыма  
Әлсін-әлсін май құям.
Май құямын - өрлейді.
Құлашын көкке сермейді.

Кейде жылан арбайтын,
Кейде аждаһа жалмайтын.  
Сескенбес, сірә, кім сенен;  
Шынында, менің өзім де - от,
Қысылған қара көзім де - от.  
Мен - оттанмын, от - менен,
Жалынмын мен, жанамын.
Оттан туған баламын.

Қараңғылық бұққанда,
Қызарып күн шыққанда,  
Күн отынан туғанмын;
Жүрегімді, жанымды,
Иманымды, арымды  
Жалынменен жуғанмын.
Жүрегім де, жаным да - от,
Иманым да, арым да - от.

Жарқырап от боп туғаннан,
Белімді бекем буғаннан,  
Қараңғылық - дұшпаным.
Сол жауызды жоюға,
Соқыр көзін оюға  
Талай заулап ұшқанмын,
Әлпіге барғам Алтайдан.
Балқанға барғам Қытайдан...

Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.  
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзім де - от.  
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от,
Оттан басқа тәңірі жоқ.
0 дауыс

базара нету

мерси блогодорю тебя

мерси спс что еш

иногда хочу сожрать тебя

кола люблю тебя!

базара нет мерси

...