Мен де білгенімді жазайын. "Еуразиялық одақ" тек Ресейдің мүддесіне құрылған одақсымақ. Содан бұрынғы КСРО жасағысы келеді. Ондай болу қайда? Бірақ қаупі де зияны да жетеді. Зияны бізге ешқандай экономикалық жағынан пайдасы жоқ. Арзан дүниелерін бізге қымбатқа сатып пайдасын көріп жатыр. Біздікілер тауарларын ол жаққа сатайын десе салығын көтеріп н/е құжаттарынан бір ілік тауып өткізбей жатыр. Басқа елдерден келетін тауарларға салықты көтерген. Тек өзінікін сату керек деген сияқты. Бұл тек шет жағы ғана. Қауіптілігі тәуелсіздігімізге төніп тұр. Қазірдің өзінде Ресейдің кейбір шенділері ортақ валюта, ортақ парламент деген әңгімені қозғап жүр. Дұрысы Путин қозғатып жүр деген болар. Ортақ ақша болатын болса, біздегі қаржы жағдайлары баланың ойыны болып қалады. Ақшаның
құнын өсіреді, түсіреді, өздерінің қолдарында болады. Ортақ парламентте де сондай жағдай. Біздің заң шығаруымызға, ішкі істерімізге араласа бастайды. Ертең басқа елдерден қауіп төніп тұр, сендер қорғай алмайсыңдар ортақ әскер керек деп шекараларымызға өзінің әскерін орналастыра бастаса таң қалуға болмайды. Біз соған керісінше қарсы болуымыз керек. Биліктегілердің ішінде де бұған қарсы келіспейтіндері де болар. Бірақ бұл одақ құрылатын болса, бұл жағдай бірден емес біртіндеп, жаймен іске аса бастайды. Ана дамыған 50 елдің қатарында дегені таза ертегі нәрсе. Және 30 ел дейді олар. Қайсы біздің дамыған жеріміз? Дамыса тек Астана шығар, онда да жартылай. Рейтингті жасағандар да соған қарап жасаған шығар. Олар жасағыш болса Қазақстанның кез келген облысындағы, кез келген шеттегі ауылына барып көрсін қалай дамып жатқанын. Сізге де айтарым жаңалық оқығанда тек биліктің таратқан жаңалықтарын оқымай оларға қарсы опозицияның да жаңалығын оқыңыз. Шындық көбінде солар жағында болады. Бірақ олардың да кейде артық кететіндері бар. Бір жақтың айтқанын оқымай әр тарапты оқысаңыз кім, не, қалай, қандай екенін біліп жүресіз.