+4 дауыс
1.5k көрілді
Азық түлiктiң бәрi, киiм қымбат. Доллардың бағасы қашан түседi?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан ұлттық банкі доллардың құнын 185 теңге деп белгіледі. Валюта айырбасының жаңа бағамы белгіленгенін "КазТАГ" агенттігі хабарлады. Ұлттық банк сайты қазір ашылмай тұр. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауда бойынша бір доллар 163,9 теңге болған. Бұл дүйсенбі күнгі доллар құнынан 8,3 теңгеге жоғары. Осы күнгі сауда келісімдерінде доллар 185,99 теңгеге дейін жеткен. Алматыдағы айырбас пункттері әзірге доллар сатуды тоқтатты
+2 дауыс

Енді мүлде түспейді. Барымен шүкіршілік ете беріңіз!

+3 дауыс

Теңге құнын қайтара алмайды. Оны ұстап тұру да қиын, оның үстіне құнсыздана береді. Себебі, біздің тұтынып отырған тауарларымыздың көп мөлшері импорт. Шетелден товар әкелесің делік. Доллар жиырма пайызға қымбатсығандықтан әкелетін тауарларыңа кететін шығын бұрынғыдан жиырма пайызға артады. Оған төлейтін салық мөлшері де бұрынғыдан көбірек болады. Қымбатқа әкеліп , арзанға сататын бизнесмен болмайды, әрине. Сөйтіп , бірнеше делдалдар арқылы бізге жеткенде бұрынғы алып жүрген тауарларымыздың бағасы бұрынғысынан елу пайызға дейін қымбатси береді. Алып сатарлар пайдасыз қалмау үшін үстіне ақша қоса береді, сөйтіп теңге құнын жоғалта береді. Инфляция мқлшері жүз пайыздан асқан кезде "нөлдендіру саясаты" жасалуы мүмкін. Ол дегеніміз теңгенің бағамының құнын келтіру үшін жасалатын экономикалық әдіс, яғни теңгенің бір нөлін алып тастайды. Айналымдағы ең үлкен валюта он мың теңге болса, ол кезде ең үлкен валюта мың теңге болады. Бірақ бұл кезде экономикалық тепе теңдікті реттеу өте қиын болады екен. Инфляция бес жүз пайызға артқан жағдайда, оны қарқынды инфляция деп атайды. Осы кезде қаржыны реттеудің жалғыз ғана жолы болады. Ол-ақша ауыстыру. Осы кезде, яғни ақша ауыстырған кезде Доллардың бағасы түседі.

+1 дауыс

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев уайымдаудың қажеті жоқ,қайта қалпына келеді деп  дегендей болды!

+2 дауыс

Ойламаған жерден бір күні қайтадан 155-165 теңгенің маңайына барады. Бұрын да солай болған. Доллар 200 теңгеге дейін көтеріліп, аз уақыттан кейін 155-ке дейін түскен. Бұл банкирлердің аферасы ғой.

айтпа бұларға сенуге болмайды .))
+1 дауыс
Доллар бағасы уақыт барысымен көтеріліп, төмендеп тұрады, бірқалыпта тұрмайды.

Ұқсас сұрақтар

...