0 дауыс
501 көрілді
Есеп шығара алмай кетсем , алдымдағы дәптерді лақтырып жіберемін. Маңдайымнан тер шығып кетеді. Үйде әрине. Осындай жағдай сіздерде де бола ма? Есеп шығарудағы қиындық жүйкеге әсер етеді ме? Есеп шығарардан алдын қандай әдістер қолданған дұрыс? ( тағам, жаттығу, дәрі)

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

 

Иә,менде де болып тұрады,бұрын мектепте оқып жүргенімде есептерім дұрыс шықпаса,ашуланатынмын.Сосын,кейінірек,ойлана келіп,егер,өзің есепті қиын,шығарылмайды деп түсінсең,қиын,мүлдем шықпайтындай болып көрінеді екен.Былайынша айтқанда,құр босқа жүйкені құртады екенсің.Менің қолданған әдістерім:1.Есеп адам миының жақсы жұмыс жасатуына пайдасын тигізеді,сондықтан миды көбірек есептермен ауырту керек.Егер есеп шықпаса,жаттығу жасап,жүгіріп алу және билеу,ән тыңдау ойды сергітеді.Таңертеңгілік уақытта,адам миы тыныққандықтан, жұмыс істеуге дайын,ақпаратты тез қабылдайды.Өзіме,есепті түсіну үшін,қағаз бетіне сызық,схемалар арқылы түсіндіремін.Аш қарын кезінде адам миы есепті шығаруға жүйрік болады,ал тамаққа тойғасын ұйқы келіп,есеп шығаруға құлшыныс болмайды.Ал,тіптен түсініксіз болса,сол мектептен түсінбей қалған сыныптағы тақырыптар,оқулықтарын алып,егжей-тегжейлі қайталаған жөн деп ойлап,осы әдістерді әлі күнге дейін қолданып келемін.)Кәдеңізге жарасын!

Ұқсас сұрақтар

...