Ерте заманда Рим императоры жарлығымен 14 ақпан «Әулие Валентин» күні деп жарияланады. Бұған себеп Валентин деген католик дінінің өкілі үйленуге болмайтын, бірақ бір-бірін сүйетін жандарды император жарлығына бағынбай,некесін жасырын қиып жүрген. Осы жайтты естіген император Валентинді түрмеге жабуға бұйрық шығарады. Католикші «монахтарға» діни негіздер бойынша үйленуге тыйым салынған. Бірақ оған қарамастан өзінің құмарлығына жол беріп, Валентин түрме басшысының қызымен кездесуге бел буады. Мұны байқаған қорғаушылар оны дарға асып өлтіреді. Содан бері христиан дінінің католик тармағын ұстанатындар 14-ақпанды «Ғашықтар күні» деп тойлайды екен. Өйткені, олардың ойында «Валентин махаббатың құрбаны болды» деген түсінік қалыптасқан. Мінеки, көрдіңізбе, қайдағы бір католиктер мейрамы біздің қазақ жастарының да соқыр сенімдері бойынша «Ғашықтар күні» болып тойланып жүр. Ал оның қазақтардың ғашықтар күніболуына ешқандай негіз жок
Біз қазақпыз, ғашық болған Баянға,
Ей, жастарым елін үшін аянба
Ғашық болсаң Валентин күнін емес
Қалқаман мен Мамыр жайын баянда.
Биз қазақпыз ғашық болған Жібекке,
Еңілікті айт ынтық болған Кебекке
Қазағымның өз тарихы тұрғанда
Өзге ұлттың Валентині керекпе?