DoskaSania, автонесие алу алдында өзіңізге тиімді-тиімді еместігін анықтап алыңыз. Оны әркімнің жеке жағдайына байланысты анықтауға болады. Егер ай сайынғы төлейтін несие көлемі жалақыңыздың 25 пайызынан аспаса, басқа несиелеріңіз болмаса, несие төлеп біткенге дейінгі мерзімде жұмыссыз қалмайтыныңызға сенімді болсаңыз, көлік қажеттілігі болса, артық қаражатыңыз болмаса онда әрине автонесие рәсімдеуге болады. Кейбір банктер бөліп төлеу шартын ұсынады. Жәй автокөлігім болса, басқалардан кембін ба деген мақсатпен алуды шешсеңіз тағы да ойланған дұрыс. Егер несие алуды шешсеңіз автонесие ұсынатын банктердің несие шарттарымен жіті танысқаныңыз дұрыс. Қаржыгер, заңгер мамандардан кеңес алыңыз. Ай сайынғы төлемді, несие алғаннан кейінгі сомаңыз комиссиялар мен пайызды қосқанда қанша болады, барлығын есептетіп көріңіз. Егер Сіздің жалақыңыз 150 000 теңге, ал ай сайынғы төлем 100 000 теңге болса, ол мүлдем тиімсіз депозит. Арасында такси болып, қаражат табамын деген 100 пайыз сенім сыйлайтын нәрсе емес. Ондай алдамшы ойларға емес, нақты жағдайды саралаңыз. Банк менеджерлерімен сөйлесіп, түсінбейтін мәселелер бойынша барлық сұрақтарыңызды қойыңыз. Банктердің сайттарында келісім-шарт үлгілері болады. Олармен жіті танысыңыз. Ақырында Сізге қолайлы ма, қолайсыз емес па анықтап, барып несие алу, алмау туралы шешім қабылдаңыз. Ол сайттарда басқа адамдардан сұрап, алатын нәрсе емес. Жеке өзіңіз, саралап барып қабылдайтын шешім.
Ал, жалпы банктердегі автонесие туралы білгіңіз келсе, банктердің сайттарына кіріп, қарасаңыз болады.