Егер «Ж»-дан бастасаң,
Алыс жерге кетесің.
Егер «Қ»-дан бастасаң,
Еңбек істеп өтесің.
(.ол - .ол)
Егер «А»-дан бастасаң,
Жарық сәуле шашамын.
Егер «Т»-дан бастасаң,
Ойнақтап тұра шабамын.
(.й - .ай)
Егер «Қ»-дан бастасаң,
Қорада маңыраймын.
Егер «Т»-дан бастасаң,
Мейрамханада думандатамын.
(.ой - .ой)
Егер «Т»-дан бастасаң,
Не істесең де сынбаймын.
Егер «Б»-дан бастасаң,
Миымменен ойлаймын.
(. ас - .ас)