0 дауыс
1.3k көрілді

Алаш ұйымына мағлұмат керек?

2 жауап

0 дауыс
«Алаш» партиясы(1917—1920) — 1917ж.Ақпан төңкерісіненсоңРесей конституциялы демократиялық партиясыныңқазақ мүше тобынан құрылған.Төрағасы— Әлихан Бөкейханов. [1] Алаш Орда үкіметі Алаш партиясы мүшелері Алаш Ордаүкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. [2]Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астамРесей самодержавиесініңқол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді.Патша үкіметініңтақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді. Ақпарат: http://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88_%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B , http://www.google.ru/m?q=%d0%90%d0%bb%d0%b0%d1%88+%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b8%d1%8f%d1%81%d1%8b
0 дауыс
== Алаш Орда құрылтайы == 2-ші бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайы — 1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда өткізілді. Құрылтайды Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Омарұлы, С. Досжанов ұйымдастырды. Төрағасы Б. Құлманов болды. Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекеттерін айқындап алу үшін ұлттық интеллигенция бастаған қазақ қоғамы құрылтайға қатысты. Құрылтайға қазақ сахарасының әр ай¬мақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қа¬зақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақыру¬мен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қо¬йылды: 1. Сібір, 2. Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы; 3. Қазақ-қырғыз автономиясы; 4. Милиция туралы; 5. Ұлт кеңесі; 6. Ұлт қазынасы; 7. Мүфтилік мәселесі; 8. Халық соты; 9. Ауылды басқару және 10. азық-түлік мәселесі. Алғашқы баяндаманы Ә. Бө¬кей¬ханов жасап, ол жөнінде қаулы қа¬былданады. Қаулыда — қазақ ауто¬номиясы, милиция (жасақ) және Ұлт кеңесі мәселелерін қарауға жеті кі¬сілік комиссия құрылады. Құрыл¬ған комиссия атынан Халел Ғаббасов аутономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жа¬сайды. Қазанның аяғында Уақытша өкімет түскенін, Ресей мемлекетінде халыққа сенімді және беделді ұкіметтің жоқтығын, әкімшілік жоқ болған соң, халық арасы бұзылып, пышақтасып кететіндігі, бассыздық кұшейіп, бұкіл мемлекет бұліншілікке ұшырап, кұннен кұнге халықтың кұйі нашарлауын және бұл бұліншілік біздің қырғыз-қазақтардың басына да келуін мұмкін деп ойлап, бұкіл қазақ-қырғызды билейтін ұкімет керектігін ескеріп, съезд бір ауыздан қаулы қылады: 1) Бөкей елі, Орал, Тор¬ғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сыр¬дария облыстары, Ферғана, Самар¬қан облыстарындағы, Амудария бө¬ліміндегі, Закаспий облысын¬дағы қазақ уездері және Алтай губерниясындағы іргелес жатқан қазақ болыстарының жері бір¬ыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болған¬дықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға; 2) қазақ-қырғыз автономиясы — «Алаш» деп аталсын… 3) Алаш автономиясының жер ұстіндегі тұгі-суы, астындағы кені Алаш мұлкі болсын… 5) Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары тең-геріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бұкіл мекемеде санына қарай орын алады… 6) Алаш облыстарын қазіргі бүлін¬шіліктен қорғау мақсатымен уақытша Ұлт кеңесі құрылып, мұның аты «Алаш орда» болсын. Алаш ордасының ағзасы (мүшесі) 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы орыс және басқа ха¬лық¬тарға қалдырды. Алаш орданың уақытша орны — Семей қаласы. Алаш орда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қо¬лына алады… Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Қазақ-қырғыз автономиясын жариялау мерзімі туралы қызу пікірталас туып, Ә. Бөкейханов бастаған топ: «ортамызда тұрған басқа халықтармен ақылдасып және милиция құрғанша тоқтата тұрайық» — десе, Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу жариялан¬сын!» дейді. Артынан екі жақ ымы¬раға келіп, біраз шартпен автоно¬мияны жариялау Алаш Орда үкіме¬тіне жүктеледі. Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін ''Алаш-қала'' атауын алды) қаласы еді. Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейханов (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды. Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді.
...