+1 дауыс
20.2k көрілді

Ас үйдің қабырғасы көктеп кетті соны үй жағдайында қалай кетіруге болады?

4 жауап

+1 дауыс

 

Кейбір үйлердің қабырғасы көгеріп, бөлмелерден жағымсыз иіс шығып тұрады. Мұндай жағдай ылғалды үйлерде жиі кездесетіні белгілі. Бұл қолайсыздықтан дер кезінде құтылмасаңыз, денсаулығыңызға зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан төмендегі қарапайым қағидалар мен тәсілдерді дұрыс қолдана білсеңіз, қабырғалардың көгеруіне жол бермейсіз.

●Біріншіден, бөлмеде ылғалдың көбеймеуін қадағалаңыз. Оны жиі желдетіп тұрыңыз.

●Бөлмедегі жиһаздарды дұрыс орналастыра білу керек. Олардың қабырғаға аса жақын орналаспағаны маңызды. Әйтпесе оның артындағы ауа айналымы нашарлайды да, ол жер буланып, су тамшыларына айналады. Мұндай жер тез көгереді.

●Ыдыста өсірілген гүлдердің бөлме ішінде тым көбейіп кетпеуін қадағалаңыз. Өйткені олар да «демалу кезінде» ылғал бөледі. Алайда кеуіп, құрғап кеткен гүлді де сақтамаңыз, мұндай гүлдерден де зиянды микробтар бөлініп, бөлменің көгеруіне себепші болады.

●Шаң көтерілмеуі үшін бөлмені сулы сыпырғымен сыпыратын адамдар жиі кездеседі. Бұл да қабырғалардың көгеруіне өзіндік себебін тигізеді. Әсіресе дымқыл сыпырғыны бөлмеде сақтамаған дұрыс, себебі ол да зиянды микробтардың тез көбеюіне жағдай туғызады.

●Үй ішінде дымқыл заттарды кептіруге әдеттенбеген жөн. Сондай-ақ бөлме температурасын ұдайы бірқалыпты ұстауға тырысыңыз.

●Пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізгенде қабырға сылағына негізінен цемент пен әкті көбірек қолданған дұрыс. Мұндай құрам булануға, суға өте төзімді келеді, сондықтан қабырғаның көгеруіне жол бермейді.

●Қандай да бір себептермен көгере бастаған жерлерді мүмкіндігінше тазалап отыру керек. Тазалау кезінде қабырғаның  бүлінген тұсын толықтай қырып, кір жуу ұнтағы қосылған сумен ұқыптап жуады.

● Көгеріп кетпеу үшін есік-терезелерге, жиһаздарға кендір май (олифа) жаққан дұрыс. Бұл майдың жасанды болмағаны маңызды. Әйтпесе ол күн ыстықта еріп, қолға жабыса береді.

●Көгерген жерді тазартуға кәдімгі ас содасы мен сірке суын да пайдалануға болады. Ол үшін көгерген жерге сода сеуіп, үстіне сірке суын бүркеді. Бұл қоспа көпіршіп, «түтіндеген» кезде көгерген жерді темір щеткамен ысқылап кетіріп, содан соң тазалап жуып алады.

 

+1 дауыс

егер қабырғасы көктеп кетсе оны Белизнамен жақсылап  сүртсеңіз сонда барлығы кетеді)))))))))) Ең  оңай жолы осы

0 дауыс

Бөлмені жақсылап кептіріп алып, сосын әктеп шығу керек.

0 дауыс

Әдетте бұны бөлме ішінен емес, бөлме сыртынан бастап жөнге келтіру қажет көрінеді.

 

Мысалы, бөлме бұрыштарының көгеруі, қыста суық, жазда ыстық болатын ыңғайсыздықтар үшін біздің мынадай шешімдерді ұсынады:

Қабырғаның сыртқы қаптауыштарын алып тастап, арнайы материалдар салып, ұқыпты жөндеу жұмыстарын қысқа уақытта жасап береді. Өз кезегінде бұндай жұмыстар бөлмеге сырттан суықтың өтпей, қыста бөлменің жылы болуын, тиісінше жазда ыстықтың өтпей, бөлме ішінің жайлы салқын болуын, бөлме бұрыштарының көгермей таза болуына себеп болады.

Біздің компания қызметтері кез-келген биіктіктерде жұмыс жасай береді. Айтпақшы, Бәйтеректің домалақ шарын да тазалап тұру біздің компания мойнындағы жұмыс екен.

 

Астана қаласы үшін, толығырақ:

http://alp-pro.kz

...