+12 дауыс
2.3k көрілді
Курс бағасы доллар неге 185 теңгеге көтеріліп кетті. Ұлттықбанк банк доллар көтерілмейді деп еді?
6 АЙДАН КЕЙИН 200 ГЕ КОТЕРИЛЕДИ ДИТ

11 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ  БАНКІ

2014 жылғы  11 ақпандағы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ұлттық Банктің мақсаты Қазақстан Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Айырбас бағамының ел экономикасы үшін маңыздылығын ескере отырып, соңғы жылдары Ұлттық Банктің валюталық саясаты оның деңгейінің 145-155 АҚШ доллары көлемінде сақталынуына бағытталған еді.

Бұл экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берген. 2013 жылы Қазақстанның ІЖӨ 6 пайызға артып, инфляция 4,8 пайызға кеміп, тарихи тұрғыда ең төмен көрсеткішті көрсеткен.

Бұған қоса Қазақстан экономикасының ғаламдық экономикамен тығыз байланысты екенін ескерген жөн, Ұлттық Банк әлемдік қаржы және тауар рыноктеріндегі жағдайды қаперден шығара алмайды.

Біріншіден, жетекші дамушы елдердегі, оның ішінде БРИКС елдеріндегі жағдай. АҚШ-тағы «сапалық жұмсару» бағдарламасына сәйкес, қаржы дамушы елдерден дамыған елдерге ағылады, бұл осы елдердің валютасына қысым жасаумен жалғасты. Әлемдік экономиканың кейінгі дамуындағы белгісіздіктің әсерінен әлемдік қаржы және тауар рыноктеріндегі өзгерістер артты.

Екіншіден, Ресей рублінің курсына қатысты белгісіздік орын алып отыр. РФ Орталық банкінің Ресей рублін еркін айналымға жіберуінен соң 2013 жылы ол АҚШ долларына деген курсы бойынша 7,1 пайызға әлсіреді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ресей рублінің әлсіреуі жалғасты.

Үшіншіден, бұл ҚР төлем балансының жағдайы. Ағымдағы операциялардың жағымды болуына қарамастан, пайдаланылатын тауарлардың импорты есебінен импорт өсуде.

Төртіншіден, спекулятивті операциялардың өсуінің әсерінен Қазақстан Республикасы экономикасында девальвациялық куту процесі жоғарылады. Спекулятивті ажиотаж бен айырбас курсының өзгерістерін алдын алу үшін Ұлттық банкке валюталық рынокке жиі енуге тура келеді.

Бесіншіден, болашақта инфляцияны 3-4 пайызға төмендету үшін Ұлттық Банк инфляциялық шектеуге өтуді жоспарлап отыр, ол дегеніміз – айырбас курсының қатаң қадағалауынан бас тарту.

Теңгенің айырбас курсының сыртқы бәсекеге қабілеттілігін орнына келтіру, ҚР экономикасы сыртқы сауда балансын және отандық тауарөндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау – Ұлттық Банк валюталық саясатына өзгерістер енгізуді қажет етеді.

ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ 2014 ЖЫЛДЫҢ 11-АҚПАНЫНАН БАСТАП ТЕҢГЕНІҢ БҰРЫНҒЫ ДЕҢГЕЙІН САҚТАП ТҰРУДАН, ВАЛЮТАЛЫҚ ИНТЕРВЕНЦИЯЛАРДЫҢ КӨЛЕМІН АЗАЙТУДАН, ТЕҢГЕНІҢ АЙЫРБАС КУРСЫН ҚҰРУ ПРОЦЕСІНЕ АРАЛАСУДАН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

Ұлттық банк теңге курсының жаңа бағамы 185 АҚШ доллары төңірегінде болады деп есептейді.

Теңге курсының ұзақмерзімдік тренді, Ұлттық Банк бұған дейін хабарлағандай, фундаменталды ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларға қатысты болады.

Осымен бірге, бұл қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін валюталық интервенциялардан бас тарту деген сөз емес.

Қаржы рыногі мен экономикада дестабилизацияны болдырмау және шапшаң өзгерістерді және айырбас курсындағы қысқамерзімдік өзгерістерді жұмсарту мақсатындағы Ұлттық банк саясаты жалғасады. Ал теңгенің айырбас курсындағы ұзақмерзімдік тренд макроэкономикалық жағдайларға сай түзіледі.

Ұлттық Банктің есептеуінше осы бағамнан соң спекулятивтік девальвациялық күтудің потенциалы азаяды.

Кейіннен айырбас курсындағы өзгерістер бойынша валютаның күшеюі де, әлсіреуі де болуы мүмкін, бұл әлемдік экономикадағы жағдайға байланысты болмақ.

Ұлттық Банк қазіргі валюталық операциялар режиміне ешқандай тосқауыл қоймақ емес. 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі айырбас пункттеріндегі шетел валютасын теңгеге сату -сатып алу бойынша мынадай дәлізді енгізеді:

        -АҚШ долларына – 2 теңге;

        -Евроға – 3 теңге.

Ұлттық Банк төлем жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық Банк банктерге қажетті қысқамерзімдік қаржыны алдын ала бекітілген кепіл бойынша бере беруін жалғастырады.

Ұлттық Банк және банктер тарапынан айырбас пункттері тиісті шетел валютасымен қамтамасыз етіледі. Екінші деңгейлі банктердің аймақтардағы филиалдары қажетті деңгейдегі шетел валютасына ие.

Айырбас курсындағы өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан Республикасы экспорттық және экономиканың импорт алмастыру салаларында жұмыс істейтін отандық кәсіпкерлер мен тауарлардың бәсекегеқабілетті жағдайлары жақсарады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы          № 1567 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары (бұдан әрі – тиісінше қаулы және стандарттар) бекітілді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Стандарттар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»                    2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының                  3) тармақшасына сәйкес әзірленді. Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды. Қаулының нақты мақсаты стандарттарды бекіту болып табылады.

Қаулыны қабылдаудың болжамды тиімділігі  – әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша стандарттарды бекіту жолымен Ұлттық Банктің қандай да болмасын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алуға байланысты рәсімдерді көрсетілетін қызметті алушыларға жеңілдетуді білдіреді, себебі стандарттар Ұлттық Банктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша барлық қажетті ақпаратты қамтиды (әрбір көрсетілетін қызмет бойынша құжаттардың және оларға қойылатын талаптардың бірыңғай тізбесі, қызмет көрсетудің мерзімдері, қызмет көрсетудің нәтижелері, қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, Ұлттық Банк қызметкерлерінің әрекеттеріне/әрекетсіздіктеріне шағымдану тәртібі).

Стандарттар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  www.nationalbank.kz интернет-ресурсында «Ұлттық Банктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары» шағын бөлімінде орналастырылған.

0 дауыс
Себебі жақында доллардың құны түсіп орнын еуро басты. Доллар бүкіләлемдік айналым болғандықтан қайта орнына келтіру үшін жасап жатқан дүние болар. PS: өз ойым.
Евро сенімсіз валюта, себебі Европада көп елдерде кризис болып жатыр. Ең сенімді валюта - қытай юаньы.
сөзге жалғау дауысты дыбыстан басталғанда сөз соңындағы жіңішкелік белгісі түсіп қалады, мектеп бітіргеніме 9876543210 жыл болса да есімде
+1 дауыс

Теңгенің долларға шаққандағы бағасы Ұлттық Банк төрағасы Марченконың кезінде 147-150 арасында реттеліп отырды. Қазір оның орнында өзіміздің қазақ Келімбетов. Долларды әуелі қымбаттатып, сосын қайта арзандату арқылы финансистер қыруар пайда табады.

Көтерілсе не өзгереді сонда,қандай өзгеріс болады,соншама?
+1 дауыс

Менің ойымша Марченко өзі кететінін біліп кей жерлерде жүріп жатқан инфляция Қазақстанда  жоқ  деген өтірікпен доллардың теңгеге шаққандағы бағасын өтірік тұсап отырды. "Өзім кеткен соң өлмесең өмірем қап" - деген позиция ғой, ал Келімбетовтың оны ашқысы келмесе де, жасыра беруге шамасы жетпеді. "Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам"-деген осы болар. Бірақ қанша жасырса да халық біліп отырды ғой, көтерілген салықтар, әйелдердің зейнетақы жасын көтеру, ауздықтаусыз өскен көлік айыппұлдары, азық-түлік бағасының шарықтауы, коммуналдық төлемдер өсуі, т.с.с. бәрі-бәрі теңге құнсыздануының белгілері емес пе. Бір өкініштісі елді осыншама былыққа батырған Марченконың еш жазасыз, жақсы атпен кеткені. Басқа мемлекет болса ел алдында атып тастар еді.

Тіпті де олай емес, Жәке. Доллардың құны 75 теңгеден 150 теңгеге ышқынып көтерілгенде, Марченконы Ұлттық Банкке қайтадан төраға етіп тағайындап, жағыдай тұрақталған болатын. Үкімет зейнетақы қорын меншіктеп алды, 1 миллиард теңгені  бюджетке қайтармақшы. Айыппұлдар көтерілді, сотталғандар айыппұл төлеп құтылатын болып жатыр. Айлық жалақы мен стипенсия биыл емес, 2015-2016 жылдары көбейетін болды.Тағысын тағылар. Мұның бәрі ЭКСПОны қаржыландыру үшін, бюджетте ақша жоқ.
Менде соны айтып отырған жоқпын ба? (Айыппұлдар көтерілді, сотталғандар айыппұл төлеп құтылатын) бұның несі жақсы, несі жетістік?
+1 дауыс

Назарбаевті жек көріп бара жатырмын халқына жаны ашыса ескертіп айтуға боладығой ағамның маңдай терімен тауып жинап жүрген 20000$ бар еді соған жаным ашып отыр. Осыған дейін Назарбаев өзі айтып едіғой ақшаны тенгемен жинағандарың дұрыс деп содан ағамда, апкем да тенгемен ақшаларын жинап жүр еді. енді мына істегені нес, бір күннің ішінде ағамның 3400$ ауаға ұшып кетті. Иа admin  көтерілмейді деген солай халықты алдап жауыздар ақша табайын деген ғой дейм, Алла кешірсін басшыларды жамандап жатқанымды шыдай алмай кетеді екенсің жауыздықтарын көріп тұрып.  интернеттен қарасаңыздар қаншама қарапайым халық қаншама еңбектерімен тапқан ақшалары ауаға ұшып кеткенін айтып шулап жатыр... 

Не үшін минустелген сонша, адам өз ойын айтып жатқан жоқ па?
Ештене етпит jako ата  минус плюс дегендер мені қызықтырмайды главный менің жауаптарыма тиіспесе болды. Байдың баллары ғой дим айналасында не болып жатқанын қызықтырмайды. доллардың қымбаттағанына қуанып отырған доллар қамбаттағаны байларға жақсы оларда ақша көп ақшаларын доллармен сақтайды әсер етпейді оларға. ал біз сияқты қарапайым адамның ата анасы ақшасы аз болғансоң аз ақшаны тенгемен ақ жинайды. содан бізге қатты әсер еткен соң өз ойымды айтып жатқанымғой
"ағамның маңдай терімен тауып жинап жүрген 20000$ бар еді соған жаным ашып отыр" сені түсінбедім ақшалары доллармен тұрғандарға бұл өте пайдалы болып жатқан жоқпа қақа))
түсіне алмасаң 3-4 рет қайталап оқы сонда түсініп қаларсың, егер оған да түсінбесең онда түсінем деп оған басыңды қатырмаяқ қой үйткені оны түсінуге алі мыйың жетпейді деген сөз
Ағаң ақшаны доллормен жинап жүрген болса бұл өте паидалы оған
"ағамда, апкем да тенгемен ақшаларын жинап жүр еді". деп жаздымғой 20000$ деп отырғаным яғный 3млн. тенге болатын сол 3млн. тенгесі қазір 17000$ болып қалды енді түсіне алдыңдарма екеуің
0 дауыс
Кеше ғана 10,02,2014 те 155 теңге еді ғой, ал енді қымбатшылықтың КӨКЕСІ болады ау деим.....!
Дұрыс айтасың енді қымбатшылық болады.
Белгісіз
Уже базардагы заттар кымбаттап улгерді
Белгісіз
+2 дауыс

Ресей рублінің курсын өзгертіп еді,біздікі де өзгеріп шыға келді.Кедендік одақтың бастамалары осы болды ғой.Енді Ресейде қандай жағдай болса біз де соны көреміз.Жіпсіз байлану деген осы болады.Ертең еуразиялық одақ құрылса одан өткен сорақыны көреміз(ортақ валюта,ортақ парламент деген сияқты)Назарбаев Атырауда жүріп Сочиге кетердің алдында бізге "сюрприз" дайындап кеткен екен ғой.Қазақстанның атын өзгерту дегенді шығарып,соны талқылап бастары қата берсін деген шығар.

0 дауыс

Теңге құнсызданса доллар көтеріледі.

Просто долларды бүкіл әлем қолданады.

 

 

+5 дауыс

Ақшаның құнсыздануын инфляция деп атайды. Теңге құнсыздана берсе елдің экономикасынан гөрі халыққа теріс әсер ететіні айтпай ақ түсінікті. Теңге құнсызданған сайын ақшасы аз адамның жағдайы нашарлай береді. Жалпы инфляцияның күшеюінің негізгі себебі: халықтың жалақыларының арасының өте қатты алшақтауынан. Бірақ ресми дерек бойынша инфляцияның негізгі себебі осылай деп ақпарат бере алмайды. Біреулер отыз мың жалақы алатын болса енді біреулер үш жүз мыңнан асырып табыс табады. Байлар қаржысын құнды валютамен (доллар, евро) сақтаса пайдасы арта береді.Теңгенің құнсыздануы оларға жақсы әсер етеді. Бұдан бұрын Үкімет алдағы жылдардың бюджетін жоспарлаған кезде жалақының ең төменгi мөлшерi - 19 966 теңге деп бекітті, бірақ жалақының ең жоғарғы мөлшері туралы әңгіме Қазақстан тарихында мүлдем айтылып көрген емес. Алдағы инфляцияның пайыздық мөлшерін болжап осы жылдың айлық есептік көрсеткіші - 1 852 теңге қылып бекітті.(АЕК мөлшерін бюджетті жоспарлаған кезде алдағы жылғы болжамды инфляцияның шамасына қарай есептейді). Демек, Үкімет инфляцияны дұрыс болжай алмады немесе теңгенің құнсыздануын қолдан жасады деген сөз. Мықты қаржыгерлер жұмыстанбаса теңге қарқынды құнсыздана берсе ақша ауыстырылады. Ақша ауысу тұсында экономикалық тоқырау болады. Бір компанияңызды толықтай жауып тастап басқа компания ашып аяқтан тұрып кету қандай қиын болса, оны реттеу де сол сияқты оңайға соқпайды. Кеше теңге құлдырап, бүгін бағаның көтерілмеуін бақылап, қадағалап жатырмыз деген бос сөз. Себебі, ақша құлдыраған кезде кәсіпорындар процесстің аяқталуын күтіп нарыққа тауар шығармай қалады да, инфляцияның нақты жағдайы анықталған соң, инфляцияның көтерілген пайызынан кем емес бағаға тауарын қымбаттатып қайта нарыққа ұсынады. Себебі, оған келетін шикізат та оларға қымбаттайтынын ескереді. Бұл кезеңде үкімет бағаны көтертпеу үшін қысым жасаса, кәсіпкерлер ұтылады. Валюта бағамдарының күрделі ауытқуынан кейін екі, үш ай өткен соң мемлекттік агенттіктер жосықсыз бәсекені болдырмау үшін жұмыстанса бағаны ұстап қалуы мүмкін.Ақшаның құнсыздануының алдын алудың ең мықты саясаты – халықтың жалақыларының арасын жақындату. Мысалы, ең төменгі жалақының мөлшері елу мың теңге деп белгілеп, ең жоғарғы жалақының мөлшері жүз елу, екі жүз мың теңге деп белгілеп Заң қабылдаса инфляция тұрақты болады.

0 дауыс
Саясат деген үлкен ойын іспетті. Қазіргі таңда ел Экономикасы да саясаттың бір ойыншығына айналды. 2013 жылғы көптеген қалалардағы коммуналдық төлемдерді көтерді, жаңа келген немесе иесі ауысқан және көлемі үлкен көліктерге салықты да өсірді. Марченко мен Потомушто мырзамыз аналарымыздың зейнет жасын 63 көтеруге ұсыныс берген. Солай істегенде көптеген қаржы үнемдер едік деп Марченко өзі айтқан. Бұл ұсыныстың тоқтатылу себебі - халықтың шерулері, наразылықтары. Жаңаөзендегідей жағдай қайталанбасын деп, халықтан қорқып, НӘН өзі шығып, бұл идеяны белгіленген жылға дейін кейінге шегерді. Салықтың өсуі бәрі EXPO 2017 байланысты сияқты. Өйткені сол айтылғалы бағалар өсті. Әрине, үкімет қаражатты ел бюджетінен алады. Бағаларды сол үшін өсірді. Енді Азиада да ақша жегендей, EXPO-дан да дәл солай жейді. Доллардың да қымбаттауы үкіметке пайда алып келетіні сөзсіз. Өйткені үкімет өз пайдасын ойлайды.
0 дауыс
Тексеру! Тексеру! Тексеру! Тексеру!

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
10 жауап
0 дауыс
0 жауап
Белгісіз 5.11.2015 Қаражат, Ақша сұрақ қойды
+1 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
4 жауап
...