+1 дауыс
3.0k көрілді

Қарындасым дүниеге келді,есімін кімде қойсақ болады?Есім қандай мағына береді,жаза кетсеңіздер?

Сұрақтың жабылу себебі: Ат қойылды.Ата-Анамның шешімі бойынша-Мадина деген есім қойдық.

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

МӘДИНА - араб-парсы тілдеріндегі «дин» (дін) сөзімен төркіндес болып келеді. «Мәдина» сөзін араб тілінен аударғанда, қала мағынасын береді. Қала – дін мен мәдениеттің көрсеткіші. Көп үлгі тұтар зиялы болсын деген ниетпен қойылатын есім.

+3 дауыс

Айгерім, Әйгерім (Айкерім) - "Ай" таңғалу, тамсану мағынасын беретін сөз, "керім" сұлу, сүйкімді мағынасын береді. Абайдың екінші әйеліне қойған есімі.

АЙНА – парсы сөзі. Мағынасы «жарқын, таза» дегенді білдіреді. Жаңа туған сәбиге «жаны жайсаң, жүзі жарқын, ары таза жан болсын» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде жиі кездесетін ныспылардың бірі.

АИДА – ғалымдар бұл есімді француз мысыртанушысы Огюст Мариеттің ойлап тапқанын айтады. Ғалым италиялық атақты сазгер Джузеппе Вердиге «Аида» операсын жазуға ықпал еткен болатын. Бірақ мысыртанушы «Аида» ныспысын Аиата, Аэта сияқты антикалық дәуір есімдерін дыбыстық жағынан өзгерту негізінде жасағанын жасырмайды. Африка халықтары тілінде мұндай түбірлі сөздер «бірінші хан­шайым» деген мағынаны білдірген. Бүгінде бұл есім әлемнің барлық халқында бар.

Аида - араб тілінен аударғанда пайда, сыйлық беру деген мағынаны береді. Қазіргі уақытта қазақ қыздарына көп қойылатын есімнің бірі.

Ажар - "Ажар" сөзі келбет, көрік, әдемі, тартымды сияқты ұғымдармен үндеседі. Қазақ халқы адамның сыртқы сұлулығын "ажарлы" деп те
сипаттайды.

Қысқасы мына жерден қара. Басқада қыздардың есімдері бар.

+2 дауыс

Адия(Алланың нұры жаусын)

+1 дауыс

Ақмарал-ақ түстің аты, марал-әдемі жануар

Мақпал-Жұмсақ, мақта деген сияқты

+1 дауыс
Казактын спрортшы кызынын атын кой кыскы спортшы.Себебы ол олимп карсанында дуниеге келды.Жане бауы берык болсын.
+1 дауыс

Көркем деп қой. Өте керемет есім.

+1 дауыс

 «Адина» араб тілінен алынған есім. Мағынасы – беделді, ақылды, әділ деген ұғымды береді.

+1 дауыс

Кейін атын кім деп қойғаныңды айтарсың

+1 дауыс
Маған ең бірінші өз есімім,және Малика,Зейнеп,Арайлым,Айша,Айару деген есімдер қатты ұнайды.
+2 дауыс

Сағынғаным - деген ат қандай, әкесі мен шешесі атаса да, сүйген жары атаса да, кейін немерелері атаса да бір жылылық,жақындық іңкәр сезімді білдіреді, әрі таза қазақ тілінде.

+1 дауыс

Кәусар деп қой.........

Ұқсас сұрақтар

...