+2 дауыс
22.4k көрілді

21 ғасырдағы ең тиімді мамандық қандай?

Нақты бір мамандықты ұсынсаныздар жақсы болар еді.Және себебін жазып жиберсениздер нұр үстіне нұр болар еді.

10 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

| тот-самый-человек  айтқандай меніңше IT саласы қазір барлық жерде керек деп ойлаймын. Физикаға жақын мамандықтар әрқашанда сұраныста деп ойлаймын.

+2 дауыс

Өз ісінің шеберіне өз мамандығы қай кезде де тиімді.

0 дауыс

менің ойымша заңгер мамандағы

+1 дауыс

Баягыда Әбіш Кекілбаев ағамыз айтып ед Зангерлер прокуролар болашакта коше сыпыруы мумкін деп, себебі ол мамандыкты иесі болып журген адам коп болгандыктан!!! Қазіргі танда IT сферасында мамандыктар кажет себебі, қазіргі ғасыр Компютер гасыры болып кетті!!!""

ол әркімнің өзіне байланысты.Өз мамандығыңды жүрегіңмен сүйіп оқуын жақсы оқысаң,ешқашан далада қалып немесе көше сыпырмайсын.IT сферасына маман болу үшін логикан мыкты болып,математикадан жуйрік болуын керек.Ол кез келгеннің қолынан келе бермейді.Заңгер,дәрігер,мұғалім,немесе инженер бол,жүрек қалауыңмен болу керек.Айтпесе 10-15 жыл оқи бер,барі далбаса болады.
0 дауыс
Өзімнің ойымды білдірсем-Заңгер болыңыз.Заңгер (Juristтiң немiсi, Jurist ағылшынша) (jus латынша - құқық) - құқықтануға, заң ғылымдары бойынша маман; құқықтың төңiрегiдегiн жаттығу қайраткерi.
+2 дауыс

М.Вируспен келісемін. Қандай мамандық болса да керек болады. Және барлық мамандық бастау алатын ол - оқытушы болып табылады. Өшпейтін мамандық сол мамандық. 

+2 дауыс

Қоғамда барлық мамандықтардың өз алар орны бар. Мамандықтың табысты болуы оның атына немесе формасына емес, өзіңнің сол мамандықты қаншалықты игергеніңе, сол мамандықты өз орнында қаншалықты шеберлікпен пайдалана білуіңе байланысты болар деп ойлаймын. Менің студент кезімде жатаханада бір вахтер апай болды. Былай қарасаң вахтер деген онша кереметтей табыс табатын жұмысқа жата қоймайды. Сол орында 40 жылдай жұмыс істеген әлгі апайдың жағдайында бұл жұмыс мүлдем басқаша көрінетін. Апайдың сменасында  бұрыштағы кішкене орнындағы столында қай уақытта болса да түрлі конфеттер,тәтті тоқаштар мен шайы үзілмейтін. Қай уақытта болса да апай шайға шақырып силап жіберетін. Сол апайдың столында жатахана институт жанында болғандықтан ба екен декандар, мұғалімдер кейде тіпті ректор да шай ішіп отырғанын талай көрдім. Бірде сол апайдан, "Апай бұның бәріне ақша қайдан табасыз?" - деп сұрағаным бар, сонда апай, " Балам-ау бұның бәрін сол өздерің әкелген нәрселермен жасап қоямын, алмаймын десем өкпелейді, артылғандарын үйге де алып кетемін. Берекесін берсін жетіп жатыр бәріне"- дейтін. Сол апай институтта бір мерекелік кештер, жиналыстар болса ылғи қадірлі орындарда отырып, си-сияпаттар ұсынылып жататын. Сол кезде бірде аш, бірде тоқ жүретін мен ең табысты жұмыс  вахтер шығар деп ойлаушы едім. Бұны жазып отырған себебім мамандықтың жаманы жоқ, бәрі сол мамандық пен сол мамандық иесінің үйлесуінде болар дегім келгендіктен болар. Өмір бойы ақша шығаратын сарайда жұмыс істеп бір тиын ұрламай ақ, "Қалың қалай деп сұрасаң Аллаға шүкір, жақсы"-деп өмір сүретін ынсапты адамдар толып жатыр, ал енді сол жерде жұмыс істейтін, қап-қап ақша ұрлайтын, "Қалаң қалай десең, жетпейді, өлдім" - деп жылайтын адамдар да кездесін жатады. Сондықтан менің ойымша мамандықтың жаманы жоқ, тек сол мамандықпен тапқан табысыңызға Аллам береке берсе ең бастысы сол ма деймін.
 

0 дауыс

Меніңше филология мамандығы, кемінде 3-4 тіл білсең өміріңе жетіп жатыр

0 дауыс
заңгер  мамандығы
0 дауыс
Адам колынан не келеды сонымен айналысу керек неге тажырибе келек сонымен айналасу керек колынан келмейтын жатка жумыс ыстеу жаман ой не ыстуды унатасын сонымен айналысу керек
...