+3 дауыс
489 көрілді

Құрметті Шымкент тұрғындары!!!  

Қаламызда бірінші рет азық-түлікті үйіңізге дейін жеткізіп беретін интернет-магазин ашылды. Енді базарға барып шаршаудың қажеті жоқ. "Сіз үшін біз жұмыс жасаймыз!!! "

Толығырақ  www.azyktulik.kz  сайтынан көре аласыз... Тапсырыс беріңіз, біз қызмет етуге дайынбыз...

 

2 жауап

0 дауыс

Сіздерге басты мақсат бірінші болу ма әлде сапалы, пайдалы қызмет түрін ұсыну ма?

Өте жақсы жоба. Өз ұсыныстарымды айта кетсем. Сіздердің қызметтеріңіздің жақсы жүріп кетуіне әлі де сайттың және қызметтің логистикасын жетілдіру қажет секілді. Күндіз мен өзім шығып тауар ала-аламын. Мен үшін қалай тиімді болмақ? Егер түннің ішінде яғни сағат 3-те тауарға заказ берсе де жеткізіп беретіндей деңгейде болса деймін. Сол кезде осы қызмет түріне деген сенімділігім артатын еді. 24/7 болып болып жұмыс жасаса. Бұл бірінші. Қазір сіздер 10:00-20:00 дейсіз, ал сервис қызметі болғандықтан 24 сағат аптасына 7 күн жұмыс істегені дұрыс.

Екіншіден 5000 теңгеге тауар алдыру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оның бағасын 3000 теңгенің төңірегіне түсірсеңіздер. Себебі шымкенттіктердің орташа табыстарын есе алсаңыздар. Осы орайда логистканы жақсарту керек. Сіздер де тұтынушы да ұтылмай екі тарапқа да тиімді болуы қажет.

Үшіншіден сіздер арнайы шымкент қаласының тұрғындарына қызмет етпексіздер. Тиісінше негізгі тұтынушы интернет қолданушы жастар. Сондықтан шымкенттегі университтерге, колледжерге, адам көп жүретін орындарда жарнамалаған тиімді.

0 дауыс

Жобаларыңызға сәттілік тілеймін! Саудаларыңыз қыза берсін!

...