0 дауыс
57.9k көрілді

Монолог өзі туралы керек еді,тезірек тауып беріңіздерші!!!!Өтінемін

5 жауап

+1 дауыс

Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.

Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың “Болыс болдым, мінеки” өлеңі лирикалық монолог болса, Алтай (“Сұлушаш”), Қоңқай (“Ақан сері – Ақтоқты”) репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері араласып, әрекеттесіп қолданылады.

Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.

Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі - бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән байымдау, синтаксистік құрылым, лексикалық бірліктерді (единицаларды) таңдап жұмсау, біршама жинақы пікір сияқты өзгешеліктері болады. Бұл аталған белгілердің сөйлеу немесе жазу жанрларына байланысты (көркем монолог, шешендік сөз, тұрмыстағы әңгіме т. б.), функциональдық-коммуникативтік қызметіне қарай (сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.) әр түрлі монологтар көрініс береді. Жанрішілік айырмашылықтар (автор сөзі, кейіпкерлер тілі, ғылымы баяндама, үгіт-насихат мақсатындағы сез т. б.) монологтың стилистикалық ерекшіліктерін танытады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, монологтың белсенді болуы (риторикалық сұрақтардың жиі ұшырасуы, аудиторияға тікелей қарата сөйлеу дәстүрі т. б.) оны "диалогтандыра түседі", яғни адресаттарды (тыңдаушылар мен оқырмандарды) сөйлеуші немесе жазушы өзінің ойына етене араластыра алады. Монологтың бір көрінісі ретінде көркем шығармада, әсіресе, прозалық дүниедегі авторлық баяндау, бір жағынан, әдеби тілді ауызекі сөйлеу тіліне біршама жақындатса, екінші жағынан, тыңдармандар мен оқырмандарды оқиғаға араластырып жіберетін ұлы сөз зергерлері де бар. Демек, монолог туралы сөз болғанда, тек көркем әдебиеттегі мысалдарды келтіру бір жақты болады. Ғылыми баяндамада да, көпшілік алдында сөйлегенде де, екеу, үшеу ара сөйлескенде де, монологтың шебер құрылуы арқылы тыңдармандарымен диалог құрып кететін шешендер де болады.[1]

Мазмұны

  [жасыру] 

1 Біліктіліктері
2 Құрылымы
3 Абай қара сөздерінде қолданылуы
4 Пайдаланған әдебиет

Біліктіліктері[өңдеу]

хабарды хабарлама, баяндама, шағын сөз сөйлеу түрінде бере алу;
хабарламаның тақырыбын, мәселесін, негізгі ойларын құрастыра алу;
хабарламаның ауызша жоспарын жасай алу;
ауызша реферат дайындай алу;
фактілерге, құбылыстарға, жағдайларға түсініктеме бере алу;
фактілерді, жағдайларды, құбылыстарды, кейіпкерлерді мазмұндау;
афоризмдерге, ұлылардың сөздеріне түсініктеме беру;
нақты фактілерді логикалық бірізділікпен бере алу;
оқылған немесе тыңдалған мәтіннің мазмұнын қысқаша/толық айтып беру;
оқылған немесе тыңдалған мәтін бойынша түйін (резюме) жасай алу;

Құрылымы[өңдеу]

негізгі бөлім: түсініктемелер, толықтырулар, көрнекіліктер, дәлелдермен берілетін негізгі ой;
қорытынды: негізгі бөлімде айтылғандармен сәйкес жасалған түйіндер.

Монологта сөйлеушінің басты мақсаты – тыңдаушыға хабарды мүмкіндігінше анық жеткізу.

Әрбір тыңдаушының келіп түскен хабарды қабылдау, түсіну, қорыту сапасы түрліше болғандықтан, сөйлеуші түрлі лингвистикалық құралдарды, тәсілдерді қолдана алады.

Оларға мыналар жатады:

қаратпа сөз және т.б. толықтырылған жай және құрамалас сөйлемдер;
риторикалық сұрақтар;
етістіктің 1 жағы көпше түрі (оқимыз, қарастырамыз);
байланыстыру құралдары (біріншіден, сонымен, яғни, қорыта айтқанда), сонымен қатар қайталаулар т.б.

Абай қара сөздерінде қолданылуы[өңдеу]

Абайдың «Қара сөздерінде» монолог мол ұшырасады. «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір, бірталай өмірімізді өткіздік...» (Бірінші сөз). «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды қүртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады» (Бесінші сөз). «Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік», - дейді, бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді» (Ал- тыншы сөз). Жеке өз аузынан айтылған пікір болға- нымен, Абайдың әр «қарасөзі» жалпы халықтың, қалыңжұртшылықтыңойын білдіріп, үлкен ғибратты түйін жасайды. Осындайда кейіпкер ойы мен автор ойының бір жерден шығып отыратынын байқау қиын емес. Автор ойы мен кейіпкер ойының тұтастығы Абай өлеңдерінде де ерекше көзге түседі: «Жігіттер, ойын арзан, күлкі кымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат...» «Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау, Бүгінгі дос - ертең жау, Мен не қылдым, япырм-ау?!» Монологтың тек қана бірінші жақтан немесе үшінші жақтан айтылуы шарт емес, жақ түрлерінің қай-қайсысы да келе беруі әбден мүмкін. Ұлы ақынның өлеңдеріңде екінші жақтан айтылатын монологта аз орын алмайды: «Сен мені не етесің? Мені тастап, Өнер бастап, Жайыңа Және алдап, Арбап, Өз бетіңмен сен кетесіңірген..» Абай шығармаларында монолог елеулі стильдік қызмет атқарып, автор ойын оқырманға тиімді жеткізудің бір тәсілі ретінде қолданылған.[2][3]

0 дауыс
Монолог бир мысал жибересиз бе тез керек еди отинем
0 дауыс
абайдын кара создері деп жазсандар мысалдар шыгады
0 дауыс
Монолог та өз-өзімен сөйлескен сияқты. Мысалы: мен қандай əдемімін!
0 дауыс
Атбасындай сози кандай болады
...