Бір сәтте күйресе ол махаббат шикі,шала піскен махаббат болғаны.Шын беріле сүюден туған махаббат мәңгілік болады.Ол қанша жерден сәтсіз болса да,жүрегіңнің түбінде қоламта болып қала береді,ізсіз жоғалып кетпейтін тыртық сияқты.Жалындап күйдірер лапылы сөнсе де,әлсін-әлсін өз жылуын беріп тұрады.Ал енді бір есеп махаббаттың түрі болады,бір байдың ба,болмаса бастықтың ба қызын алып алсам,сөйтіп жағдайымды тураласам деп армандап жүргеніңде,қыз артыңнан бір тепсе,күйреген арман сол болады.Осының қайсысын сұрағаныңды ішің білсін әләулай дейміз да.