0 дауыс
145k көрілді
Адамгершілік адал қасиет жөнінде шығарма болса керек еді?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
<strong>Адамгершілік - асыл қасиет!</strong>
<br>
Жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру болып отыр. Бұрынғы кезде білім беру саласында білімнің сапасына үлкен мән берілсе, бүгінгі күні білім сапасымен бірге оқушының рухани, ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде. Сабақ барысында ұсынылып отырған тақырыбымыздың бірі - адамгершілікке баулу. Баланың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіру – өміріміздің мәні, сәні, салтанаты, мархабаты, мәртебесі. Өйткені, баланың әдепті өсуі, ұядан көрген тәрбиесімен қоса, мектептен алған тәрбиесіне де байланысты.
 
Жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру болып отыр. Бұрынғы кезде білім беру саласында білімнің сапасына үлкен мән берілсе, бүгінгі күні білім сапасымен бірге оқушының рухани, ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде. Сабақ барысында ұсынылып отырған тақырыбымыздың бірі - адамгершілікке баулу. Баланың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіру – өміріміздің мәні, сәні, салтанаты, мархабаты, мәртебесі. Өйткені, баланың әдепті өсуі, ұядан көрген тәрбиесімен қоса, мектептен алған тәрбиесіне де байланысты.
Халықтың әріден келе жатқан тәлім-тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізіп отырған жандардың бірі - тәрбиешілер қауымы. Мектеп-интернатымыздың балалары көп уақытын үйден тыс, яғни мектепте өткізеді, сондықтан да зағип жанды балаларымызды ізгілік, кішіпейілділік, адамгершілік қасиеттерге баулитынымыз анық. Жақсы-жаман әрекеттерді ажырата білуге үйретеміз.
Мектеп-интернатымыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларымызды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогиканы, қашан да халық тәрбиесін үлгі етіп ұстаймыз. Ал, адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы - осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаларымыздың бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік іргетасын қалағанымыз.
Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені, адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Зағип жанды балаларымыздың мінез-құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін құдіретті қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі болып табылады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде алдыма қойған мақсатымның бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. “Біз тәрбиелеп отырған ұлдарымыз бен қыздарымыздың өмірі жарқын, болашағы айқын болсын!” дегім келеді. “Біздің мәпелеген талымыз түзу өссін!” - деп, ақын ағаларымыздың өлеңдерімен қорытындылаймын:
Адам бол, адам,
Адам бол, адам!
Адам - әлем бөлшегі,
Адам бол, адам!
Сұлу бол, адам,
Жылу бол, адам!
Биікте бол, адам,
Сүйікті бол, адам!
(Ж.Молдағалиев).
Адам - ғалам ғажайып, жеке-дара,
Жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді-өзің танысаң, істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
(Ақжан Әл-Машани).
Иә, асыл қасиетті бойға дарыту үшін ең әуелі өзіңді-өзің тани біл, шәкірт!
Л.Саймасаева,
облыстық соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешісі
+1 дауыс
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.

Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.

Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады.

Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.

Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.

Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.

«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — бізд
бр жерден ап коширген жоксзба озиниз жазднздба оз ойнзба несмесе бул да инеттен ба
+1 дауыс
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.Адамгершілік принциптері әлеум.-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: жыныстыққа қа-тынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, ең-бектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. Адамгершілік құндылықтар-дың қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемл.) және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеум. қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады (соц. идея). Тота-литарлық қоғамдағы "Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары" деген ұран Адамгершілік қағидаттарыныңнұқсан келтірді.
+1 дауыс
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер
(Ыбырай Алтынсарин)
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата - ана үлгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік сана - сезімін оятып, жағымды мінез - құлқын қалыптастыруда даярлық тобының балаларына арналған ашық сабақтар: «Мамандықтар», «Ұ дыбысы мен әрпі», тәрбие сағаты: және ойын - сабақтарын: «Ойнайық та, ойлайық!» өткіздім. Мұның бәрі адамгершілікке бағытталды әрі дәл осыған кереғар қасиеттерді бала бойынан кездестірдім және оған керекті әдіс - амалдарды да іздестіріп, қолданып келемін.
Халқымыз «баланы ойын өсіреді»деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбы - құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан - жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани - адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім - тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары өзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.
0 дауыс

Адамгершiлiк шығарма реферат

Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.

Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк — адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.

Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.

Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi — адамдық ар — намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, — дейдi Абай, — өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге.

Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз — адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.

Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:

Отансүйгiштiк.

Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.

Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан – от басынан басталады” деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.

Әдептiлiк.

Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк — әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.

Бауырмалдық.

Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.

Қайырымдылық.

“Қазақтардың” – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: “(1799-1879) – басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет” [20,387].

1.2 Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі

“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi- тәрбие.

Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие — адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.

В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi — өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы.

Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi- адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады.

Адамгершiлiк – (орысша нравственность) қоғамдық өмiрдiң объективтiк заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн ұғым [87, 12].

Халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы бүгiнде мектептерде жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды талап етедi.

Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.

Әдеттер физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болады. Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi тәрбиелеуде әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық ексең — әдет орасың, әдет ексең – мiнез орасың, мiнез ексең – тағдыр орасың”. Әдет адамның мiнез–құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез қалыптасатынын А.С. Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен [78].

Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi бiр мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк немесе моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу, т.б.).

Мәдени мiнез- құлықтары (сыпайы болу, үлкендерi-кiшiнi сыйлап- құрметтеу, дұрыс сөйлеу, т.б).

Гигиеналық әдептер: (таза жүру, қол жуу т.б) еңбек, ақыл- ой әдеттерi. Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир: “Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын перiште” десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: “Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi” дейдi.

Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне- бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады.

Ал оқуға деген әдет адамның әдет-дағдыларының күрделi бiр түрi болып табылады. Ол адамның қызметi мен мiнез- құлқының әдеттегi формаларының құрамына енедi. Олар оқушылардың бiлiм алуына және оқушыларды практикалық қызметке дайындауға зор әсерiн тигiзедi. Сол әдеттенудiң арқасында оқушы жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер оқушы өз-өзiне сенбесе, оған оқуда болсын, жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi жеңу қиын болады. Оқушының пайдалы әдеттерiн қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге зор әсерiн тигiзедi. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеудiң iс- жүзiнде тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң бiрi- мұғалiмнiң оқушыларға жүргiзiлетiн түсiндiру жұмысы болып табылады.Түсiндiру жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай, пайдалы әдеттердi тәжiрибеде тiкелей көрсетумен ұштастыру керек. “Әдет — дейдi А.Макаренко әрдайым жаттығып отырудың нәтижесiнде калыптасады, сондықтан жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет” [86].

Бұл проблема жан-жақты қарастырылып, үнемi iзденiстер жүргiзiлсе де, қаншама концепциялар ұсынылса да бүгiнгi күнге дейiн нақты жауап таба алмай келедi. Бұның шындыққа сай ең негiзгi қиыншылығы, бiздiң, яғни адамдардың арасындағы үлкен айырмашылықтардың болуында [88].

Болашақта өмiр сапасы, мүмкiн адамзат цивилизациясының өзiнiң өмiр сүруi. Бiздiң қаншалықты өзiмiздi және өзгенi түсiнетiмiзге байланысты болады [89,36].

Жаңарған бiлiм беру жүйесiнiң анықтаушы белгiлерiне мыналар жатады: басты мақсат-бiлiм негiздерiн, әлеуметтiк тәжiрибелер жиынтығын беру емес, жеке адамдарды қалыптастыру, әлеуметтiк бағдарлы қоғамдық қатынасқа тәрбиелеу. Мұның өзi бүкiл оқудың мазмұнын қайта қарауды талап етедi. Бұған дейiн неғұрлым бiлiм негiздерiн көбiрек жинаса, соғұрлым жеке адамдық қасиет мол болады деген тұжырымды басшылыққа алып келдiк. Ендiгi мiндет қандай бiлiмнiң жеке адамдық қасиеттердi қалыптастыра алатынын болжау.

Адам — табиғаттағы кемелденiп жетiлген ақыл-ой иесi және қоғамдық тұлға. Осы ерекшелiктерiне орай адамды ғылымның бiрнеше саласы зерттейдi. Ал педагогика мен психология ғылымы болса, адам жандүниесiнiң сырын, психиканың даму заңдылықтарын, жеке адамдық қасиеттердiң жетiлiп, қалыптасу жолдарын зерттейдi.

Совет психологы С.А.Рубенштейн бұл түсiнiк туралы былай деген: «Адам өзiнiң ерекше қайталанбайтын қасиеттерiнiң күшi арқасында индивидуалды және адам қоршаған ортаға өзiнiң қатынасын саналы түрде анықтау арқасында жеке бас. Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты анықтайды. Адамның қоршаған ортаға қарым- қатынасы оның өзiндiк көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен қатынасынан, ең бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т.б) көрiнедi.

Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн 3 негiзгi фактор бар. Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие (сыртқы жағдайлар). Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара қарым- қатынаста болатынын, қайсы және қашан жетекшi болып шығатыны туралы мәселенiң өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Тәрбие адамның дамуына әрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттiлiктi қанағаттандыру көзi болатын қоршаған ортаға тәуелдi бола отырып, оған белсендi түрде ықпал етедi, оны және өзiн мақсатты iс- әрекет процесiнде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегi белсендi iс- әрекетi оның жеке басын қалыптастырудың негiзi. Жеке адамды бөлшектемейтiн, оның мүддесiн қоғам мүддесiмен ұштастыратын жоғары мативтердiң жалпылану және тұрақтылық дәрежесi жарасымды дамуды тудырып, бiздiң қоғамның адамгершiлiк нормаларына сай келетiн жеке адамның қалыптасқандығын дәлелдейдi. Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершiлiк сферасын қалыптастыру- тәрбиенiң өзегi» [88].

Адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнез- құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдiк мiнез- құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып топтарға жiктеуге болады. Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт- бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады.

Бала дамуының алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық дәстүр мәдениетiнiң толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралы, формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi бастауы бола алады [23,44].

Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында қарастырады.

Бұған А.Д.Макаренконың “Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер” дей келе, ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi- халықтық педа-гогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде жалғас-тырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:

Бiрiншi: Имандылық.

Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.

Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.

Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.

Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.

Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.

Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық [ 21, 266].

Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика классиктерi: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған.

Ә.Фараби: “Доскерлiк – адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету – жарамсақтық-қа соғады, ал достыққа кемтар болу – тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады” [48,45].

М.Әуезовтың педагогика, методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi белгiлi. “Ғылым” атты еңбегiнде: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет … Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа баланың көзiн жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек”.

Ал С.Қожахметов шәкiрттердiң адамгершiлiк пен әдеп, саналы тәртiпке тәрбиелеу мәселелерiне байланысты бiрнеше еңбек жазды. Автор өз еңбегiнде дүниежүзiлiк педагогиканың классигi Ян Амос Каменскийдiң “Тәртiп жоқ мектеп – сусыз диiрменмен тең” дейтiн афоризмiн эпиграф етiп алады. Ол “Саналы тәртiп оқушылардың еңбекке, оқуға саналы түрде өзiнiң бар ықыласымен қатысуын, мектеп мүлкiне ұқыпты болуын, туысқандарына, жолдастарына көзқарас, қарым-қатынасы, сыпайы, қадiрлi, қошеметтi болуын талап етедi ” .

Табиғат – адам тәрбиешiсi. Адам болып туып, адам болып қалу үшiн табиғаттың атқарар ролi зор. Табиғат бөлшектерi: жан-жануарлар дүниесi, өсiмдiктер әлемi, өзен, сай, биiк таулар, сағым тербеген сары дала – бәрi адамдардың ақыл-ойына – сана , денесiне – қуат, бойына – күш, өнерiне – шабыт, көңiлiне – қанат бередi. Табиғат жайлы түсiнiктi оқушылар дүниетану сабағында алады. Ал В.А.Сухомлинскийдiң пiкiрiнше адамгершiлiк тәрбие беру дегенiмiз – баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат дегенiмiз – бiртұтас жүйе, ол адам мен табиғаттың бiрлiгiнен құралатындығын жеткiзу [13].

Дәстүр бойынша, адамгершiлiк тәрбие мәселесiне халықтық педагогика аса көп мән берген А.Б.Измаилова табиғатпен қарым-қатынас үрдiсi, оны оқып үйрену және пайдалануды бала өмiрiнiң алғашқы күндерiнен бастап жүргiзу керек. Ертегiлер мен ойындардағы мейiрiмдi үй жануарлары, құстар туралы ойлар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер баланың табиғатты тануына әсер етедi, табиғатпен үздiксiз байланысқа түседi. Табиғатты қорғау, қызықтау сезiмдерi қалыптасады деп көрсеткен.

Ал Б.Т.Лихачев жеке адамның мәдениетiн қалыптастыру қажеттiлiгi мәселесiн қарастыра келiп, мектеп жасынан бастап бұл Я.А.Каменскийдiң өсиет етiп кеткен тәрбиенiң табиғатпен байланыстылығын адам тәрбиесiнiң жетекшi құралы деп түсiндiрдi.

Мектептер қызметi мен мектептен тыс уақытта өзара байланыс жұмысы үздiксiз болатыны жайлы көптеген көрнектi ғалымдар С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Н.А.Семашко, В.А.Сухомлинскийлер дәлелдеп бердi.

И.Д.Зверевтiң пiкiрiнше, тәрбие мен бiлiмнiң негiзгi мақсаты мектеп оқушыларының қоршаған ортаға, оның қызметiне деген жауапты көзқарасын қалыптастыратын берiк ғылыми бiлiмдердi меңгерту болуы қажет. Табиғат, экологиялық тәрбие берудiң көрсеткiшi ретiнде оқушылардың табиғи ортаға деген көзқарасы, оның адамгершiлiк нормаларын айтуға болады [24,29].

Жалпы қазiргi ғылыми әдебиеттерде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру мынадай мiндеттердi белгiлейдi:

-Табиғи және әлеуметтiк ортаға деген жауапкершiлiкпен қарауды қалыптастыру – тәрбиенiң құрамдас бiр бөлiгi.

— Өзiн қоршаған ортаға зиян келтiрмей, қайырымдылыққа iзеттiлiкке үйретудi мектептiң бастауыш сыныбынан бастау.

-Табиғатты қорғау, ағаштар отырғызу, бұталар мен гүлдердi баптау, үй жануарларын өсiру. Үлкенге iзет, кiшiге құрмет ету қасиеттерiн жетiлдiру.

“Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”-дейдi М.Жұмабаев. Адагершiлiк тәрбиесiн сәби шақтан озық түрде баулу керек.

Оқушының адамгершiлiк мәдениетi қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бүгiн де оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi жоғары болуы маңызды мәселе ретiнде саналады. Осыған орай, мектепте оқушыларда адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруға дүниетану сабағының өзiндiк орны бар.

Осы орайда бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фарабидiң “Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат”-деген ұлағатты пiкiрiн мойындай отырып, жас ұрпақты бiлiм нәрiне қандыру да педагогтық парыз екенiн ұмытпағанымыз абзал [2,38].

Адамгершiлiк iлiмінiң және адамгершiлiк тәртiптiң сәйкес келуi – азаматтың, оқушылардың жоғары адамгершiлiгiнiң дамығандығының айғағы. “Адамгершiлiктерiң жоғары болсын. Бұл сендердiң ең басты мiндеттерiң” деп жазды философ жазушы Ж.Ж.Руссо. Ал Абай: “Досыңа достық – қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол” деп жырлаған болатын. өмiрде адам неғұрлым ақылды, мейiрiмдi болған сайын, соғұрлым өзгенiң жақсылығын да бағалағыш келедi. “Жас өспей ме, жарлы байымай ма!” демекшi, бүгiнгi бастауыш сынып оқушысының ертеңгi азамат екендiгi де еш күмән тудырмайды. Сондықтан өз бойларына жоғары адамгершiлiк мәдениетiн бүгiннен бастап сiңiре бiлу, адал болу, арлы болу әркiмнiң парызы. Адам жақсылыққа жамандық iстеу арқылы жете алмайды, қашан да қайырымдылық қажет. Өйткенi, адамның асыл қасиетi – оның жасаған жақсылығы. Адам – қоғамның мүшесi десек, әрқайсымыз осы атқа лайық болуымыз керек. Ал қоғам жайлы оқушылар дүниетану сабағында танысады. Сондықтан да ұлы Абайдың 19-қара сөзiнде “Адам баласы туа сала естi болмайды. Естiп, көрiп, ұстап, татып, естiлердiң айтқандарын есте сақтап қана естiлер қатарында болады. Естiген нәрсенi есте сақтау, ғибрат алу ғана естi етедi”-деп ақыл-естiң, тәрбиенiң жемiсi арқылы жетiлетiнiн ғылыми тұрғыдан дәлелдеп бередi. Адам мiнезiнiң түрлерiн адамгершiлiк, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жiктейдi. Ал Ш.Құдайбердиев Абайды үлгi еткен өнер-бiлiмдi, адамгершiлiк iзгi қасиеттердi өзiне ұран тұтып балаға қатарыңнан қалма, өтiрiк, өсек айтпа, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнерлi, өнегелi елдердiң жастарынан үйрен, оқу оқып, бiлiм ал, талаптан деп өсиет айтады:

Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,

Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.

Ақынның жастарға ұсынған адамгершiлiк жолы адалдық пен ғылымды меңгеру. Осы екi жол кiсiнi қиындықтан құтқарады, адамгершiлiк тезге салады [54,236].

Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi.

Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.

Адамгершiлiк ұғымы iзгiлiк, гуманизмнiң синонимi ретiнде адамның игi мақсатына айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесi мен қоғамдық ахуал ретiнде неғұрлым кең мағынада қолданылады.

Адамдарды сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу – адамгершiлiктiң белгiсi. Адамның шынайы байлығы затта емес, рухани қазынада. (В. Сухамлинский).

Ал рухани-адамгершiлiк құндылық белгiлi бiр бағытта, мақсатты жүйелi ұлттық көзқарасты, мiнез-құлықтағы адамдық тәртiп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.

Адамгершiлiк құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi. Оның жақсылыққа талпынуы, өзге адмға жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға қайырымы, өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, өзiн-өзi танып сол арқылы дүниенi — әлемдi тануы.

М.Шоқайұлы былай деген: “Мәдениет — адам әлемi. Мәдени көрiнiстерде адамдық парасат, ақыл-ой, iзгiлiк пен әдемiлiк заттандырылып, игiлiктер дүниесi құрылған. Сонымен бiрге мәдениет адамды тұлға деңгейiне көтеретiн негiзгi құрал”.

Тәрбие өмiр бойы үздiксiз жүретiн болса да, қазақ халқы жетелеген тұлғаның сипатын “Сегiз қырлы бiр сырлы “ деген бiр ауыз сөзге сыйғызып, түйiндеген. Адам санасы үш түрлi құрамнан тұрады, ол ақыл-ой, сезiм, ерік. Осыған орай оның санасында адам жаратылысының қай сипаты басым болса, оның өмiрдегi iзденiсi мен ұмтылысы да соны бейнелейдi.

“Қазақстан – 2030” Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, бiлiм мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берiлген.

Демек, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, рухани-адамгершiлiгiн жетiлдiру мәселелерiне тың көзқарастардың қажеттiгi туындауда. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесiндегi көкейкестi мәселелердiң бiрi — жетiлген тұлға тәрбиелеу [3,21].

Яғни, оқушының – ақыл-ойын, сезiмiн, еркiн үйлесiмдiлiкте ұстай бiлетiн, өнегелi мiнез қалыптастырып, адамгершiлiк қағидаларды меңгерген адам болып өсуi. Жетiлген тұлға болу, яғни, басқаларды жақсы көру, өз махаббатын адамдарға арнау. Оның бойындағы әдептiлiк сипаттар төмендегiдей болуы тиiс:

— Өзгелердiң мүддесiн, өз мүддесiнен жоғары қойып, кеңпейiл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу.

— Ата-анаға балалық құрмет көрсете бiлу, оларды құрметтеу, оларға адал болу, оларды сүю.

— Достарының, отбасының, Отанының сенiмiн ақтау.

— Өз iсiн iзгiлiк мақсатқа арнау, басқалардың мүддесiне қызмет ету және маңызды iстiң шешiмiне жету үшiн өзiнiң iс-әрекетiн, күш-қайратын жұмсау.

— Барлық адамдардың пiкiрiн, құқын, жеке меншiгiн құрметтеу.

— Өзгелердiң пiкiрiн сабырлықпен қабылдау, бiрақ та жағымсыз iстерден бойын аулақ ұстау.

— Жанашырлық таныту, өзгелердiң қайғы-қасiретiне, мұң-мұқтаждығына ортақтаса бiлу, оларға көмек көрсету.

— Кешiрiмдi болу, ренiшке, өшпендiлiкке жол бермеу, ол үшiн жамандық ойлап, кек алудан аулақ болу.

— Рақымды, мейiрiмдi болу, адамның көңiл-күйiн алдын-ала сезе бiлу.

— Көмектесу, көмек күткен адамға көмек беруге әзiр тұру.

Сонымен қатар рухани жетiлген тұлғаның бойында адамгершiлiк ұстанымдар да болуы тиiс.

— Өзiнiң қадiр-қасиетiн сақтау, яғни өзiнiң кiсiлiгiн сақтап, өзiне-өзi сенiмдi болу.

— Жауапкершiлiк таныту, адал болу, ақиқатты көздеу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу.

— Ержүрек болу, қорқынышты жеңе бiлу.

— Өзiн-өзi бiрқалыпта ұстай бiлу, өз ойын, сезiмiн, тiлiгiн, iс-қылықтарын үйлесiмдiлiкте ұстай бiлу.

Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерi бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасында негiзгi орын алады. Онда былай деп көрсетiлген: ”Жеке тұлғаның қалыптасуы үздiксiз күрделi процесс. Әрбiр балаға жеке тұлға ретiнде қарап, оның өзiне тән санасы, еркi, өзiндiк әрекет жасай алатын қабiлетi бар екенiн ескерiп, олардың ақыл-ой қабiлетiн, жеке бас қасиеттерiн дамытып, оны қоғам талабына сай iске асыруға көмектесу”.

Белгiлi психологтар Б.Г.Ананьев, В.В.Давыдов, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева, М.М.Мұқанов, М.Б.Блонскийдiң, С.Л.Рубенштеин, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занковтың еңбектерiнде арқау болып, зерттеулерiнде оқушылардың бiлiмдері мен рухани байлықтарына, мiнез-құлықтарына, дүниетанымдарына қалыптастырып отыру қажеттiлiгi айқындалған.

Д.Б.Эльконин оқу әрекетi арқылы баланың үлкендермен қарым-қатынастарының барлық жүйесi мен жеке қарым-қатынасы бiлiнедi, деп көрсеттi [55,111].

Оқушының iшкi позициясының балада қалыптасуы көбiнесе оның оқу әрекетiнiң белгiлi мөлшерде нәтижеге жетуiне байланысты болады. Психикалық процестердiң жұмыс iстеуiнiң бiршама жоғары түрде қалыптасуы ерiктi мiнез-құлық түрiнiң дамуының негiзiн құрайды, баланың мiнез-құлық актісiнде мотивациялық деңгейiнiң дамуымен байланысты барлық мақсатқа бағытталған ниет, талаптары артады. Өзiмен бiрге оқитын оқушылармен тығыз өзара қатынастардың құрылуы, құрбыларының арасында да орнын анықтау, әр түрлi жағдайлардағы мiнез-құлық ережелерiн меңгеру, оларды өзiне талап етiп қоюының қажеттiлiгi, бастауыш сынып оқушыларының мiнез-құлық факторлары, эмоционалды және адамгершiлiк жүгiн арттырады.

Бастауыш мектептiк кезең, кейiнгi зерттеулердiң дәлелдеуi бойынша, адамгершiлiк дамуының, моральдық мөлшердi меңгерудiң қарқынды даму кезеңi. Адамгершiлiк дамуы өзiне адамгершiлiк сана-сезiмдi, адамгершiлiк мiнез-құлық және адамгершiлiк қарым-қытынасты жинақтайды. Бұл кезеңде оқушыны тәрбиелеудiң негiзгi бағыты — мiнез-құлық мотивтерi мен әдеттердi қалыптастыру. Мектепке жаңа келген балаларда бұларды қалыптастыру бiршама қиындықтарды тудырып жатады, олар әлi де болса моральдық жағдайларды бiржақты қабылдайды, оларға талдау жасауға қиналады, жасы өсе келе бұл жастағы балалардағы бағалаулар бiршама бейiмделiп, адамгершiлiк мiнез-құлық ережелерi негiзделе бастайды. Оларға жан-жақты көмек, адамдық сезiмнiң жылылығы, шын көңiлмен сүю, ұғу қажет. Тiптi жай ғана мысалмен түсiндiруге болады: егер де гүлдi күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда ол жайқалып өседi, адамдарға көңiл әсемдiгiн сыйлайды. Ал егер оны қарамасаң, ол сарғайып, солып қалады. Мiне, бұл қарапайым шындық.

Бастауыш мектептен бастап қарым-қатынас мiнезi, құрбы-құрдастарымен өзара қатынастары айтарлықтай өзгередi. Тiптi олар үшiн өте маңызды болып саналатын жора-жолдастарына көмек қолын беруге дайын тұру, достықты сүю, мейiрiмдiлiк, қайырымдылық сияқты қасиеттер табылады [7,23].

Атақты орыс ғалымы Н.И.Пирогов: “Пайдалы азамат болуға дайындалған адам ең алдымен адамшылыққа үйренуі тиiс” деп жазады. Яғни, оқулықтағы әр тарау бойынша оқушыларға түсiндiрiлетiн материалдың адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке, мамандықтың бәрi жақсы екендiгiне, оны қадiрлей бiлуiне байланысты қосымша материалдарды пайдаланып отыру қажет.

Дүниетану — аты жағынан да, мазмұны жағынан да бұрын бастауыш тәжiрибесiнде бiртұтастық, жүйелi мазмұнға құрылып оқытылмаған жаңа пән.

Қорыта айтқанда, ғалымдардың көпшiлiгiнiң пiкiрi оқушыларға адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру сөзге емес, тiкелей қоршаған ортадан алған әсерлерiне негiзделуi керек деп есептейдi. Табиғат туралы оқығандарын түсiнiп қана қоймай, табиғаттағы заттарды дұрыс, олардың айырмашылықтары мен ерекшелiктерiн байқай бiлуге үйрету. Қоршаған ортаға зиян келтiретiн әсерлерге қарсы адамгершiлiк ұғымдар қалыптасады.

1.3 Дүниетану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен жолдары

Дүниетану пәні ғылыми негіздегі жаратылыстану ғылымының алғашқы сатысы.

Оқу бағдарламасының мазмұны бастауыш мектеп мұғалiмдерiнен оқу-тәрбиелiк мақсаттарын дұрыс анықтап, табиғатты, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқушыларға тиiмдi де түсiнiктi түрде жеткiзу үшiн оқытудың тәсiлдерiн дұрыс таңдауды қажет етедi. Жалпы бастауыш мектеп мұғалiмi оқушыларды қоршаған дүниемен таныстыра отырып, эстетикалық, адамгершiлiк, табиғатты қорғауға тәрбиелеудi мақсат деп санайды.

Ғылымда қоршаған дүние сырын танудың оқу үрдісiнде үш әдiсi бар:

— бiлiм көзi;

— мұғалiмнiң оқытуы;

— оқушының бiлiмдi қабылдауы;

— оқытудың тәсiлдерiнiң классификасы;

— әңгiмелеу, түсiндiру, суреттеу, баяндау, көрнекi құралдарды қолдану, практикалық жұмыс, табиғатқа топсеруен, тәжiрибе жасау, т.б.

Оқу процесiнде қолданылатын әдiстердi оқу үрдісiнiң құрамына, оқушылардың жас ерекшелiгiне, сабақтың тақырыбына байланысты белгiлеймiз.

Ендi сол әдiс-тәсiлдердi атап көрсетемiз.

1 ”Дүниетану” сабақтарындағы модельдеу әдiсi.

Бастауыш мектепте модельдеу әдiсi барлық сабақтарда қолданылуы қажет. Бiлiм беруде оның маңыздылығы зор, себебi оқушылар кеңiстiктi көз алдына елестетуi, немесе құбылысты түсiну ерекшелiктерiнiң, iс тәжiрибеде нақты көрсетiлуiн қажет етедi.

Оқушылардың басты бiлiм алу көзi оқулық болып табылады. Оқушылардың толық терең жүтем бiлiм алуы, оқулықпен дұрыс жұмыс iстеуiне байланысты.

В.А.Сухомлинский оқушының өздiгiнен ынтасымен кiтап оқуын ақыл-ой тәрбиесiнiң екiншi бағдарламасы деп есептеген. (Жақсы оқи бiлу деңгейiнiң мәнi неде? Бұл, ең алдымен, кiтап оқудың қарапайым әдiсiн бiлу, игеру болып табылады”.

Ғалымдар Ф.Талызина, Е.Н.Қабанова, Меллер, А.В.Усовалардың айтуынша оқушылардың бiлiктiлігі қалыптасқан болса, онда еңбегi едәуiр нәтижелi болады. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуында оқулықпен жұмыс iстеу бiлiктiлiгi ең басты танымдылық бiлiктiлiк болып саналады.

Мұғалiм қаншалықты тиянақты, ұқыпты, сабақ бергенiмен, оқушыларды материалды оқып-үйренуге ынталандырғанымен, егер де оқушының өзi бiлiм алуға ынталанбаса, оқыту үрдісi ойдағыдай өз дәрежесiнде болмайтыны белгiлi.

“Оқыту дегенiмiз — ең алдымен оқушыда оқуға деген ынта туғызу және оқуға үйрету. Егер оқушы мектепте тек елiктеуге, көшiруге үйренсе, онда ол өмiрде шығармашылықпен жұмыс iстей ала ма?

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, көзқарасын қалыптастыру және дамыту – ұзақ та күрделi үрдiс. Ол пәндi оқып үйретудiң бойында үнемi жүргiзiледi.

Танымдық қабiлет оқушыда қабылдау, қиялдау, есте сақтау, дамыту мен ынталаудың арнайы әдiсiн қалыптастыру, бiлiк пен iскерлiк түрiнде бекiтiлуi және ойлаудың түрлi сапаларынан тұрады.

Профессор Т.Сабыровтың мынандай пiкiрiне назар аударайық: оқушыларды пәнге деген қызығушылығын туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың iшiнен төмендегiдей үш жағдайды атап көрсеткен жөн:

1) Оқу материалының мазмұны, ондағы жаңалықтар, қазiргi ғылым мен техникадағы жаңа табыстар (оның практика үшiн патшасы, т.б.).

2) Оқуды ұйымдастыру процесiнiң ерекшелiктерi (оның әдiстерi мен формалары, т.б.).

3) Мұғалiм мен оқушылар арасындағы қарым –қатынастардың ерекшелiктерi. Мысалы, сабақта мұғалiм мен оқушылар арасында жылы шырайлы қарым-қатынастың болуы, еркiн жағымды эмоциялық жағдай, мұғалiм көңiл-күйi сергек, жарқын болуы, оқушылардың бiр-бiрiне көмек беруi, т.б.

Кейбiр тақырыптарға, бөлiм, тарауларға түрлi сұрақтар мен тапсырмалар, тәлiм-тәрбиелiк жағынан мәндi қосымша материалдар енгізілген.

Оқушылардың ой-пiкiрiнiң еркiн, дербестiгiн жүзеге асыру құқын барынша дамыту, оқудың маңызды шарттарының бiрi.

Туған елдiң табиғаты – адамгершiлiк тәрбиенiң қуатты құралы. Оның сұлулығы балалық шақта жарқын әрi терең қабылданады. Мұғалiм балаларға табиғат әлемiн ашып бередi, олардың гүл жапырағындағы мөлдiр шықтың, алуан түрлi шөптердiң, батып бара жатқан күн бояуының ғажап әдемiлiгiн түсiнуге көмектеседi.

Баланың барған сайын аналитикалық-синтетикалық ойлау дәрежесi дамиды. Осыны ескере отырып, балалардың серуеннен кейiнгi алған бiлiмдерiн жинақтау мақсатында мiндеттi түрде қорытынды сабақ өтiледi.

Көктемнiң алғашқы гүлдерiмен таныстыру топсеруенi табиғаттың кiшкене ғана бөлшегi арқылы әсемдiктi көре бiлу мақсатын көздейдi. Балалар гүлдердi салыстырып көрiп, олардың құрылысы мен тiршiлiк әрекеттерi жайлы бiрқатар мәлiметтер алады. Бақылаған өсiмдiктердiң атын атауларына қарап балалардың топсеруен кезiндегi зейiні тұрақтануы мен материалдарды есте сақтау қабiлеттерiнiң өте қиын екенiн байқаймыз. Мұндай сабақтарды өткiзу барысында мұғалiм алдында күрделi мiндеттер тұрады. Бiрiншiден, топсеруеннен алған әсерлерi негiзiнде балалардың табиғатқа деген қарым-қатынасын, қоршаған ортаның әсемдiгiн көре бiлу қабiлеттерiн одан ары дамыта түсу, ұйымшыл, тату болуға, өзара сыйластық сезімдерін үнемі тудыруға тырысу. Екiншiден, мұғалiм оқушылармен бiрге табиғи құбылыстарды, олардың қасиеттерiн бақылауы, яғни баланың шындық өмiрдi қабылдауын дамытуы керек. Кез-келген бастауыш сынып мұғалiмi дүниетанудың осы екi тұсын үйлестiрудiң өте қиын екенiн бiледi. [91,128]

Оқушыларды адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Оқушылар ой-санасын дамытуға, мiнез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейiпкерлердiң өмiрi мен iс-әрекеттерi де үлкен әсер етедi. Әсiресе, бастауыш сынып оқушылары өздерiнiң жас шамаларына қарай ертегi, аңыз-әңгiмелердi, батырлар туралы шығармаларды сүйсiнiп оқиды.

Шығарма кейiпкерлерiнен үлгi алып, оның жақсы қасиеттерiн үйренiп, соған жету үшiн өздерiн дайындайды. Мысалы, достық деген тақырыпқа байланыстырып, өмiрден достыққа байланысты деректер келтiрiледi. Дос — деген ұғым қасиеттi ұғым. Дос адамдық асыл қасиет пен саған тек жақсылық ойлайды, қиындықта көмектеседi, қуанышты да, қайғыны да бiрге бөлiседi. Дос – қамқоршы, көмекшi, жанын сала сыйлайтын ең жақын серiк, тiрек деген сияқты мысалдар..

Достық — әдеп, сыйласым.

Дос — өмiрлiк қимасым,

Достық ниет – жақсы үмiт,

Достық жасап адамға,

Достаса бiл әмәндә.

Осылайша сабақты тартымды өткiзу үшiн сабақ тақырыбына сай көрнекi құралдар, дидактикалық материалдар, үлестiрмелi карточкалар көптеп қолдану керек. Қорыта айтқанда бастауыш сынып оқушылары үшiн сабақты қызықты да мазмұнды етiп жүргiзу мұғалiмнiң өзiне, шығармашылық iзденiсiне, әр түрлi әдiстемелiк әдiс-тәсiлдердi сабақта тиiмдi пайдалана бiлуiне байланысты.

Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз – оқушылардың бойында мiнез-құлықтың белгiлi бiр сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерiнiң бiр-бiрiне, жанұясына, басқа адамдарға, Отанға, мемлекетке деген қатынасын анықтайтын мiнез нормалары мен ережелерiн дарыту жөнiнде мұғалiмдердiң арнаулы мақсат көздеген қызметi.

Адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеу мен гуманизм үшiн әдебиеттiң маңызы зор. Бұлардың арасында Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Қ.Шаңғытбаевтардың шығармалары бiздiң жастарымыздың жан-дүниесiн әрқашан да терең тебiрентетiн туындылар кейiпкерлерімен суреттейдi [77,83].

Тәрбие жүйесiндегi тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң бiрi бала адамгершiлiгiнiң дамуы, оның рухани-адамгершiлiк дүниесiндегi елеулi өзгерiстер болуы тиiс. Бұл факторлар балалардың кәдiмгi және күрделенген жағдайлардағы адамгершiлiк мiнез-құлықтарының тұрақты болуынан, ересектердiң сырттай бақылауынан салыстырмалы түрде тәуелсiз болуынан, өз қылықтарының адамгершiлiк салдарын болжай бiлуден, iштей бақылау сезiмiнiң – ождан, қылықтың моральдық жағын және өзiн адамгершiлiк қасиеттердiң иесi ретiнде сезiнуiнен көрiнедi.

Адамгершiлiк қасиеттердiң жетiлуi – тәрбие жүйесiнiң нәтижесi және тәрбие жұмысы тиiмдiлiгiнiң негiзгi критерийi [76,6].

Төменгi сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеу ең алдымен және негiзiнен оқыту процесiнде жүргiзiледi. Баланы оқыту үстiрт қарағанда ғана тiптi өзгеге қатысы жоқ iс болып көрiнуi мүмкiн.

Шындығында сабақ – алуан түрлi ұжымдық қимылдар мен тебiренiстердiң, адамгершiлiк өзара қатынастардың тәжiрибесiн жинақтайтын орын. Сабақта балалар өздiгiнен жұмыс iстеуге үйренедi. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшiн өз күш-жiгерiн өзгелердiң күш-жiгерiмен салыстыру, өз жолдастарын тыңдап, түсiнудi, өз бiлiмiн басқалардың бiлiмімен салыстыру, өз пiкiрiн дәлелдеу, бiреуге жәрдемдесу және оның жәрдемiне сүйенуi қажет. Тәрбиелiк жағынан алғанда мектепте оқылатын барлық пәндердiң маңызы бiрдей.

Төменгi сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеуде мұғалiмнiң жеке басының үлгiсiмен, балалармен қарым қатынасының шешушi маңызы бар.

Оқушылар әр кез өз мұғалiмiне елiктейдi. Егер мұғалiм мен оқушылардың қарым-қатынасына iзгiлiк, қамқорлық, сезiмталдық тән болса, оқушылардың өзара қарым-қатынастары да сондай болады.

Бастауыш сынып оқушысының жеке басын қалыптастырудағы мiндеттердiң бiрi оны адамгершiлiк туралы ұғымдар, түсiнiктермен байыту болып табылады. Оқушылар бұларды әр түрлi дәрежеде игередi, ол баланың жалпы дамуына, оның өмiрлiк тәжiрибесiне байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда оқу сабақтарының ролi үлкен, соның iшiнде дүниетану сабағы. Бiз үнемi, “Кiтап – бұл әлем сырын ашу” деймiз. Яғни, оқу арқылы оқушы қоршаған өмiрмен, табиғатпен, адамдардың еңбегiмен, құрдастарымен, олардың қуаныштарымен, кейде тiптi сәтсiздiктерiмен танысады. Бастауыш сынып оқушылары ең алдымен iзгiлiк, қайырымдылық, сезiмталдық, әдеттiлiк туралы ұғымдарды түсiнуi, оларды айыра бiлудi үйренуi керек. Бұл сапалар өзара байланысты, қайырымды адам қашан да сезiмтал, әдiлеттi адам да сергек, сезiмтал келедi. Балаға адамгершiлiк сапалардың өмiрдегi көрiнiсiн көре бiлуде, қайырымдылық, зұлымдықты, сезiмталдық пен әдiлетсiздiкті, жолдасына шын мәнiнде немее жалған көмек берудi айыра бiлудi үйренуi тиiс. Сондықтан оқушылар адамгершiлiк мәдениетiнiң дамуына бағыт беру үшiн осы сапаларпдың мазмұнын бiлу қажет.

Адамдар арасындағы өзара қатынастың күрделiлiгiн ашуға көмектесетiн балалар әдебиетiнен мысалдарды сабақта тақырыпқа сай пайдалануға болады.

2-сыныпта балалар әжептәуiр өсiп қалды, сондықтан мұғалiм экскурсияның тәрбиелiк мүмкiндiктерiн 1-сыныптағыларға қарағанда кеңiрек, әрi тереңiрек пайдалана алады. Бұл жерде мұғалiм оқушылардың танымдық құштарлығын арттыра бередi. Экскурсия кезiнде баланың табиғатқа, қоғамдық өмiрдегi әр түрлi құбылыстарға, моральдық норма мен тәртiп ережесiне қатынасы қалыптасып, әр түрлi мамандықтағы адамдардың еңбегi жөнiндегi түсiнiгi кеңейе түстедi.

Iс-әрекеттiң барлық түрiне деген құштарлықты пайдалана бiлу, оның сана-сезiмiн арттыра түсуге көмектеседi.

2-сынып оқушылары өздерi үшiн мүлдем жаңа дүниетану пәнiн оқи бастайды. Сондықтан мектептiң биология кабинетiне саяхат жасаған дұрыс. Олар биология пәнiмен, мұғалiмiмен танысып, анық аты-жөнiн, кабинеттегi құстар тұлыбы, өсiмдiктер, гербарий сияқты коллекциялар түрін көредi. Егер мектепте хайуанаттар жүйесi болса, жоғары сынып балалары оларды қалай бағып-күтетiндерi жөнiнде айтып бередi. Бұл жұмыстар арқылы балалардың мейірімділік, аяушылық сезімдерін туғызыға болады. Өлкетану мұражайында балалар мектеп оқушылары өз қолдарымен жинап, құрастырған экспанаттармен танысады. Мектептiң өлкетану мұражайына материалдар жинауға қатысып, қолдан келген көмектерiн көрсету, 2-сынып оқушыларын жоғары сынып оқушыларымен жақындастырып, олардың достық қарым-қатынастарын, үлкендерді сыйлау, үлгі алу, ұйымшыл болу, дұрыс сөйлесе білу, т.б. қасиеттерін күшейте түсу

0 дауыс
Адам — ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.

Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.Моральдың негізгі міндеті — адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.Әл-Фараби «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады» деген.Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.Оның бірінші қоятын талабы — мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы — тұрақтылық, «Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын» дейді.Үшінші талабы — әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті — дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .Қазақ халқы — мөдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады.

Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі — ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, Шал, т.б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймаң, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз. Профессор М.Ғабдуллин өзінің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде «Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді» дейді. Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу — әрбір тәрбиеші ұстаздық басты парызы.Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттың дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің «Менің майдандас достарым» еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. «Ерлік тәрбиеден туа-ды» деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі — қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С.Көбеевтің өмірі мен педагогикалық мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз.Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С.Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. » Тұган елін сүю сезімі туа бітпкен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойына сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ ұлжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс» — дейді ол.С.Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде география, жаратылыстану, тарих пәндерінің маңызын атайкеліп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетіну мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени-әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді.С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген О.Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақта Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу — әр педагогтың басты міндеттерінің бірі.2. Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі — ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер.Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.«Патриот» деген сөз, гректің раігів — отан деген сөзі, ең біріншііІ рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолда-м ылды. Монархияғақарсы күресіп революцияны қорғаушылар-дІ.ІІ Іатриоттар деп атады. В.И. Даль сөздігінде: Патриот -отанын с үіоіпі, оның ңуатын арттырушы, отаншыл — деп жазылса, басқа сөздікте «патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын ңиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам» — делінген. Философия сөздігіндегі «патриотизм — Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу». Педагогикадағыанықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінеді. Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді, оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне тіл тигізбейді.Ұлттың қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға дейін жетіп отыр.

Халқымыздық рухани бейнесін әдебиет, өнер, ғылым, мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар, т.б. бейнелейді.Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нерсенің — жүректің, ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған. Қорыта келе, адамгершілік тәрбиесін мына сызбадағы құрамды бөліктерден көруге боладыДінге көзқарас өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа баулуда игілікті іс-шаралар іске аса бастады. Жалпы білім беретін орта мектептерде діни-рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға болады. Балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай діни-моральдық ахуалмен таныстыратын, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік, болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистерді үйрете беруге болады. Мұхаммед пайғамбардың хадистерін, мұсылмандықтың бес парызын, Халифа Алтайдық «ғылымхалін», Абайдың «Қара сөздеріндегі» дінирухтық идеяларды және қасиетті Құранның сүрелерінен бала қабылдасауына лайықтарын үйрете беру артық емес. Мұғалім молда не діни лауазымды кісілермен кездесулер ұйымдастырып, діни-рухтық тәрбие сағаттарын жүргізе беруіне болады. Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты — баланың өзіне сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.4. Қыздар тәрбиесі.Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкерліктің символы. Халқымыз қыз психологиясы ерекшелігін түсіне білген. Отбасы, әке-шешесі, аға-жеңгелері, бойжеткен қызын жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен, сыпайы-салмақтылығымен, әдепті-ізеттілігімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көздің қарашығындай сақтап, жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған, олардың мінездерінің өзгертіндігін ескере отырып, «қырық үйден тыю» керектігін үнемі (ескеріп отырған.Сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен іскерлікті қажетсінетін үй ішілік еңбекке (кесте тігу, өрнек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді өнерге баулуды-бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті санаған.Xалқымыздың ұлттық дәстүрінің бір ерекшелігі — ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға түспалдап,астарлап жеткізу. Мысалы, «Келінім саған айтам, қызым сен тыңда».Қыз тәрбиесінде-күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ ұстап, мәпелеу, сендіру,үлгі өнеге әдістеріне ерекше мән берген.Әдепті қыз үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, айналадағыларға қарап бой түзеуге тырысады, шаш күтімі, тіс күтімі сияқты кісіге ажар беретін косметикалық-гигиеналық талаптарды сақтайды.Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана ол бойға қонымды болады. Мінез-құлық тәлімі, бойжеткеннің мінез-құлқы, психологиясы туралы жазылған, жақсы ақыл-кеңестер беретін кітаптар: Ж.Байжанова «Қызым саған айтам» (Алматы, 1985 жыл); А.Хрипкова, Д.Колесов «Ұл өссе, қыз өссе»(Алматы 1988 жыл); И.Қарақұлов «Қырық сұрақ» (Алматы, 1985 жыл).Қыз абыройы — болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. «Қыздық жолы жіңішке» деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына байланысты. Әр әке-шеше, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздық абыройы деп санаған.Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабаң шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері. Отбасында, бала бақшасында, мектепте, көпшілік орындарда қыз абыройын тәрбиелеу баршамыздық міндетіміз.Отбасы өміріне даярлау.Әр халықтардың дәстүр-салтындағы келін түсіріп, қыз ұзату, баланы үйлендіріп, ұрпақ жалғастыру мәңгілік құбылыс.Осы заманға лайықтап, өткеннің мұрасын байыптап жастардыі жұбайлық өмірінің дұрыс басталуына бағыт-бағдар беру -қоғам мен мектептің, ата-ананың, бүгінгі тыныс-тіршілігіміздің маңызды шаруасы.Бұл мәселеде халықтың ақыл-ойын, болмысын, арманын, тәлім-тәрбиесін Абайдан терең ұғындырған ақын болған емес. Сондықтан да Абай идеясына тоқталғанды жөн көрдік.
0 дауыс
Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы.

Адам баласы жалғыздықта өмір сүре алмайды.Әрдайым арқа сүйейтін адамға мұқтаж болады. Заман ағымына қарай адамдық құндылықтар да қасиеттер де өзгеріп бара жатыр. Әрбір адам өзінің жағдайын ғана ойлайды. Сол сияқты бізді ата анамыз асырайды,оқытады,тоқытады, біз үшін бәрін беруге дайын. Ал соны бағаламайтын жандар қаншама. Қартайған шағында кез келген ата ана көмекке зәру болады. Өз құрсағынан шыққан сәбиден әрине жақсылық күтеді. Бірақ керісінше жасы жеткенімен ата анаға масыл болып отырған адамдар қаншама. Сондықтан да біздің ең жақын адамдарымызды бағалайық.

Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдап, өзінің пендешіліктерін, басқаша айтқанда өзінің «тозағын» жеңіп шығуы қажет. Өйткені, оның бұл дүниедегі бар қайғы-қасіреті оның осы пендешіліктерінен туындайды. Соған орай оның бұл дүниедегі бақыты мен ақиреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты.
...