+2 дауыс
9.4k көрілді

Айнаның шығу тарихы, қалай, қашан пайда болған? Құрамына қандай қоспалар кіреді,жалпы неден жасалған?Естуімше,аздаған күміс қосылады екен,сол рас па? Жалпы,осы жайында нақты мәлімет керек болып тұр,рахмет.

http://i-news.kz/news/2013/01/17/6835762-ainanyn_da_syry_bar.html мына жерден оқып көр.Сосын мына жер http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B9%D0%BD%D0%B0
жж таңдар едім,алайда сіз пікір арқылы жазыпсыз,дегенмен ҮЛКЕН рахмет!

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Өз келбетіңді өзіңе көрсететін айнаның сиқыры да өз алдына. Бұрындары жас бойжеткендер сол айнаның көмегімен өмірлік жарын көруге тырысса, болашақты болжап, өмірінің өткенін көре алғандар да болыпты. Емшілер арасында айнамен аурудың бетін қайтарғандар да кездескен. 

Жалпы, «айнаға көп үңілсең, сұлулығыңды тартып алады, сынған айнаға қарама, бақытсыз боласың» дегенді де үлкендер тарапынан еститінбіз. Расында да, күнделікті құралымыздың біріне айналған айнаға мән бере қоймаймыз, ал оның қандай сыры бар?

Айнаның тарихы сонау терең­де жатыр. Оны сонау Ежелгі Шу­мер, Үнді елі және Мысырда жа­са­ған. Басында айнаны шыны тәріздес, қаралау түсті обсидиан, қола және күмістен дайындаған. Алғашқы шыны айналарды жа­сауды XII ғасырда Мурано ара­лына қоныс теуіп, сонда жұмыс істеген венециялық шеберлер үй­ренген екен. Бірде Муранодағы шыны жасаушылар кішкентай мәр­мәрдің бетіне қалайыны жа­йып тастап, үстінен сынап құяды. Сынап қосылған қалайыдан «амаль­гама» деп аталатын қоспа дайын болыпты. Оның үстіне шы­ны әйнек жабыстырған. Вене­циялықтар бұл құпияларын 200 жылдан астам уақыт бойы сақтап, айнаны қымбат бағаға сауда­ла­ған.

Жалпы, үлкендердің аузында­ғы қауесет бойынша, айнаны сыйға тартуға, не біреудің үйінде тұрған айнаны сатып алуға бол­майды. Өйткені айна – қараған жанның энергиясын тартып ал­ып, адамдардың бет-бейнесін, айнаның бетіне түскен қимыл-қоз­ғалыстарды компьютер бағ­дар­ламасы іспетті сақтап қалмақ деген түсінік бар. Олай екенін зерттеушілер де дәлелдеген. Сон­дықтан ескі айна келесі бір басқа жанға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал тіптен қолданылмаған су жаңа айнаның адамға еш қауіптілігі жоқ деп есептеледі. Алайда дүкен­нің сөрелеріндегі көрсетілімде тұрған айнаға өтіп бара жатқандар көз тікпей қоймас, ондай айна­лар­ды бөтен энергиялардан та­зарту қажет екенін айтады зерт­теу­шілер. Себебі олардың бейнесі кейін айнаның бетінен көрінуі мүмкін.

Сенгіштердің пайымынша, ай­наны орнатып қоюға болатын және болмайтын орындары да бар көрінеді. Мысалы, орыс хал­қының нанымы бойынша, айна­ны ұйықтап жатқан адамға қа­рама-қарсы қоюға болмайды. Себебі таңертең не түн ортасында оянып кеткен адам айнадан өз бейнесін көре салып, бойындағы күш-жі­герін жоғалтып, қажуға бой ал­дыруы мүмкін.

Шығыс елінде айнаны әсіресе, үйдің кіре берісіне орнатып, оның босағадағы жағымсыз энергия­лар­ды бейнелейтініне сенген. Еу­ропада көршісінің жаман ойла­рын, арам пиғылдарын бейнелейді деп айнаны терезенің тұсына қойған. Ал Испанияда тіл-көзден сақтау үшін, кішкентай баланың киіміне толтырып айна тіккен. Жалпы, сәбиді үш жасына дейін айнаға қаратуға болмайды деген қағида сақталған. Өйткені бала кекештеніп, тістері де дұрыс шық­пай, үрейге батып, өспей қа­луы мүмкін.

Нәзік жандар айнаның алдын­да сәнденіп, көп уақытын өткіз­генді ұнатады. Ал оның ешқандай зияны жоқ па? Нью-Йорктегі институт­тар­дың бірінің ғалымдары магнитті-толқын детекторының көмегімен 15 жыл бойы айнаның адамға тигізетін әсерін зерттеген екен. Нәтижесінде айнаның алдында көп уақытын өткізіп, айнадан көзіне қарай беретіндер бойында бір әлсіздіктің пайда болғанын, есте сақтау қабілетінің нашар­лауын сезіне бастайды. Тәжіри­бе­шілер айна адамның энергиясын тартып алушы екендігін дәлел­деген. Бұл үдеріс адам айнаға көз салған үш минутынан кейін бас­тал­мақ. Сондай-ақ өзіңнің көшір­меңді дәп-дәл түсіретін әйнекке көп қарай беретіндердің тезірек қартаятындары да анық­талыпты.

Айнаға қатысты қатаң қағи­да­лардың бірі – сынған айнаға қарамау. Оның жаман ырым екені бәрімізге мәлім. Сынған айнаның бөлшектерінен өз бейнеңді көру 7 жыл бақытсыздыққа душар ет­пек. Әрине, оның барлығы да наным-сенімге байланысты. Сон­дай-ақ сынған айнаны үйде сақ­тауға болмайды. Оны су ағынына немесе өзенге тастау керектігін айтады үлкендер.

Алайда сырға толы айнаны пай­даға жаратқандар да бар. Ор­та ғасырда өмір сүрген Парацельс дәрігері науқастың айнаға үрлеген демі арқылы аурудың диагнозын қойып, айнамен емдеген. Пара­цельс магиялық сиқырлардың көмегімен науқастың бойына ден­­деген аурудың жаман энер­гиясын пациенттің айнадағы бей­несіне ауысуына көмегі болған.

Кейде айна екі дүниені жал­ғас­тырушы секілді. Оны ғалым Раймонд А.Моудидің еңбегінен көруге болады. «Өлімнен кейінгі өмір» кітабының авторы Моуди «айнада өлген адамдардың аруақ­тары пайда болады» деген алып-қашпа әңгімелердің қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрмекке бел буады. Ол үшін атақты психиатр айнамен жаб­дық­талған бөлме дайындап, сонда эксперимент жасайды. Нәтижесі тіпті таңғаларлық. Өз еріктерімен келген он адамның бесеуі айнадан қайтыс болған туысқандарын кө­ріп, олармен араласа алған. Олар­дың бірі туысқанының дауысын естігенін айтып сендірсе, енді бірі марқұмның жақындап келгенін айтыпты. Мұндай тәжірибені Санкт-Петербургтің танымал психотерапевті Виктор Ветвин де жасаған екен. Бүгінде оның айна­мен жабдықталған «Психоман­тиум» деп аталатын орталығы бар. Ол айна бөлмесінің тиімділігін арттыру үшін оған арнайы стерео­фондық әуенді қолданады.

Ветвиннің орталығындағы айна бөлмесіне кіріп, өзгеріп шыққан адамдар болыпты. Соның бірі – көлік апатынан қаза болған ұлын қайғырумен депрессияға түс­кен жас келіншек. Айна бөлме­сіне еніп, он минуттық сеанстан шыққаннан кейін әйел: «Мен баламды көріп, онымен сөйлестім, оған ол жақта жайлы екен» деп көптен бергі суық жүзіне мейірім ұялаған.

Осыған қарап-ақ, айнаның да сыры бар екенін ұғуға болады. Алайда одан жөнсіз қорқудың қажеті жоқ. Бастысы, ұқыптылық­пен қарап, әйнегін тазалап, күтіп ұстаған дұрыс-ақ.

Мына жерде ақпарат бар екен. http://i-news.kz/news/2013/01/17/6835762-ainanyn_da_syry_bar.html

–1 дауыс

айна туралы менің білетнім бұрын айнаға қорғасын пленка жапсыру арқылы айна жасаған екен , кутімі дұрыс болмаса қорғасын пленка жыртылып айна лезде істен шығады. бала кезімде мен талай көргенмін сөрелердің айнасы осылай жарамсыз болып қалғанын.

...