+4 дауыс
34.2k көрілді

Кальций жетіспегенде қандай аурулар пайда болады?

5 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Көптеген аурулардың пайда болуына себепші болады екен:

Ең бірінші, ас қорыту жұмысына, жүйкеге, адамның қорғаныс қабілетінің жетілуіне және шауһат өндіру жүйесіне қатысады. Яғни кальций жетіс­пеушілігі әлсіздік, асты қорыта алмау ғана емес, белсіздік не бедеулікке басты себеп болады деген сөз.

Екіншіден, кальций қанды тазалау және жүректің бірқа­лыпты жұмыс жасауындағы басты құрам болып табылады. Адам салмағының 9 па­йы­­зын қан құрайды, ал жүрек қанды айдайтын «насос». Оны жұмыс істету үшін зор мөл­шер­де қуат керек. Сол қуаттың не­гізгі бөлігін кальций құрайды. Оның жетіспеушілігі «насостың» сыр беруіне жол ашады.

Кальцийдің үшінші міндеті жүйке жүйесі арқылы белгі бе­ру. Оны ми басқарып отырады. Ми адамға той­ға­ны, ұйқысы келгені туралы хабар жібереді. Осы хабарларды жүйке жүйесінің талшықтары арқылы керекті жері­не жеткізуге кальций жауапты. Мысалы, кешке мидан «ұйықта» деген бұйрық келеді, ол қа­­жетті жеріне жетпесе адам ұйқысыздыққа душар болады.

Кальций, төртіншіден, бұл­шық еттердің ширығуы мен босаңсуына жауап береді. Ол қанның ұю процесіне де жа­уап­ты. Кесіп алған жерден қан тоқтамаса, таңертең тіс тазала­ғанда үнемі қызыл ет қа­най­тын болса, бұл ағзада каль­ций­дің жетіспейтіндігінің белгісі. Нақтырақ

+2 дауыс

Балаларда кальций жетіспеушілік "рахит" ауруын туғызады, ересектерде - "остеопороз" немесе сүйектердің босауы. Кальций жетіспеу көбіне жүкті әйелдерде болады, аяқтары майысады, тістері желінеді.

–2 дауыс
кальций жетіспесе суйегін  әлсирейди  тез сынып калады өте нәзік болады тістерін өспейді ағарып жаман болып кетедіі
0 дауыс
Калций жетіспесе сүйек сынғыш болады !
0 дауыс
Шайды коп ишпе,коп ишсен витаминдердин бари несеп жолымен гыгады,сойтип суйек алсирейди
...