+5 дауыс
6.4k көрілді

13 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Адамдар қалай сенеді?
Бір мың адамның шоқжұлдызы мерген делік. Олардың қай елде (Қазақстанда) өмір сүретіні, қай тілде (қазақ тілінде) сөйлейтіні және қандай менталитетпен (қазақы) өмір сүретіні айдан анық, белгілі. Олай болса, өздерін жұрттан артық санап, интеллиджент болған пысықайлар жұлдыз-жорамалшы болып, "Қаржылық қиындық болуы мүмкін, күйзеліп жүрсіз, ісіңіз алға баспай жатыр" деп соғады. Айналайындар-ау, бұ заманда кімде мұндай қиындықтар жоқ? Барлығымызға жуығымызда бар проблема ғой бұлардың барлығы дерлік.
Немес жаз уақытысында "Тойға, адамдар көп жиналатын жерге барасыз, аптаңыз қызықты өтеді" деп бәдігін сапырады. Ойлаңызшы, жаймашуақ жазда, көптемде адамның аз да болса дұрысырақ көңіл-күйде болатыны жорамалшыларсыз-ақ белгілі емес пе?! Қазақ онсыз да жазда күнара тойға баратын алық емес пе? Осыны айтқан біреулердің болжамдарына қалайша сенуге болады?

Жаңа айтқан мың адам болса, жұлдыз-жорамал солардың барлығына бірдей сай келмейді. Өйткені ол -- сандырақ! 
Жындының сандырағы келеді -деп айтады ғой атам қазақ. Демек Сондай сандырақ сәйкес келіп қалса, "О, керемет!" деп шығатындардың жағдайы осылай болғаны да.

Аңқау елге арамза молда сай келгеніндей ой-өрісі тар, өз басымен ойлап, қорытынды жасай алмайтын адамдарға жұлдыз-жорамал рас көрінеді. Бірақ ол -- өтірік!

+3 дауыс
Жок жалган шайтанын шатпагы гой. Калай сенеди соган адамдар. Коздери сокырма.
Көздері емес, жүректері соқыр, өкінішке орай.
+3 дауыс
Senbeimin.
+3 дауыс
Сенбеймін)
жалпы келеді,бірақ айырмашылық та көп
Ұқсастық келе береді. Өйткені біз -- адамбыз! Егер маймыл мен адамның сіз айтқандай жұлдыздары сай келсе, немесе шошқамен сай келсе, сенуге болар :) Бірақ біз -- адамбыз. Ұқсастығымыз болады. Сіздің жұлдызнамаңыздағы ұқсастық менікімен де сай келуі ешқандай ғажайып немесе тылсым дүние емес. Сіз де адамсыз мен де адаммын. Сіз де қасықты қолға ұсатайсыз, мен де солай ұстаймын. Бірақ хайуандар емес.

Түсінікті деп ойлаймын. Енді қойылмайтын шығар осы сұрақ.
Егер байқамай мойныңызға ауыр сұрақтардан, бұйрықтардан маржандай етіп жүк артып қойсам, кешірім сұраймын.
Сұрақ қойдыңыз, жауап жаздым! Енді не әңгіме?
Тағы кешірім сұрауға рұқсат етіңіз. Бұл сайт менің де сіздің де әкелеріміздің жеке сайты емес. Сұрақ қойғанда жауап алу үшін қояды деп тағы айтқым келеді.
+3 дауыс
Мен озбасым сенбеймін. Брақ байқаймын коп адамдар асресе қыз келіншектер соны оқып отырат.
+4 дауыс

бұрын студен кезімде естіп едім ұмытып қалдым. бір пісихолок болыпты. "егер маған атыжөнің мен туған күніңді жазып жіберсеңдер мен сендердің мінез құлқыңды сипаттап берем" деп әлемге жар салыпты. барлық адамдар әлгі пісихолокке хат жазады. пісихолоктің жауаптары айнымай шығады екен. бәрі таң қалады. бұл не керемет деп бір журналист бұл жағдайды зерттейді. пісихолоктен келген хаттарды жинайды. сөйтсе барлық хаттың мәтіні бірдей екен angel

+2 дауыс
Аллаға және Өзіме ғана сенемін!
+1 дауыс
Жындының сандырағына сенген адамның екі көзі емес көкірек көзі соқыр.
+2 дауыс
+2 дауыс
Ең сорақы өтіріктердің бірі.  Ибн Сина да кезінде талай еңбектер жазып кеткен. Бірақ жұлдыө жорамалшылар олай атпайды. Неге? Бұл бизнес!!! Айтадық сіз Мерген немесе Шаянсыз.Екі журнал сатып алыңыз, екеуінде де жұлдызнаманы оқыңыз. Екеуінде жазылған нәрсе екі түрлі. Қайсысына сенеміз??? Үшінші журналда тағы басқаша жазылған...  Топастарға арналған бизнес. Солардың арқасында бұл бизнес дамып жатыр
+3 дауыс

          Жұлдыз жорамалға жүгіну деген бұл үлкен күнә. Өйткені Аллаһтан басқа тілегіңді, батаңды, дұғаңды басқа да мүдде мақсатыңды орындауға ешкімнің және ешнәрсенің де күші жетпейді. Жорамал деп аты айтып тұрғандай бір нәрсені, тек бір адами ғылымға ғана сүйене отырып соған тұспал жасау. Яғни жұлдыз әлемін зерттей келе тұспалдап, теңестіру. Ал адамның тағдыры тек Аллаһтың қолында. Оның ертең күні не болатынын, қандай оқиғаға тап болатынын айта алмайды....тек жалпылама жорамал жасайды. Барлығын да көруші, естуші тек жалғыз Алла болғандықтан, одан басқа ешкімге сенуге болмайды... сенгеннің өзін мен ширк қатарына жатқызамын.

             Ал, жұлдыз жорамалға сенбесек "ол неге сәйкес келеді немесе орындалып жатқан кездері де бар ғой" деген арамызда адамдар да шығады. Жындының сандырағы келеді деп бекер айтпағанғой, оның мәнісі "Аспан әлемінде періштелер адамдардың өмірі жайлы (біледі), ертеңгі күні жайлы әңгімелесіп жатқанда өсекшіл (арам) шайтан естіп қояды екен. Аспаннан жұлдыздың құлағанын көргендеріңіз бар шығар, құлаған кезде аңқау, соқыр жүректі қазақ арманын тілеп жатады... міне солғой менің айтайын дегенім,  оның себебі сол естіген шайтанды періштелер жұлдызбен атып жатады. Ал одан құтылған шайтан жер қабатына жеткенше сол періштелерден естігенін жүз есе өзгертіп, оған қоса өзінің өтірігін араластырып жеткізеді. Сондықтан тәуіптер мен жұлдыз жорамал, тағы сол секілділер жын мен шайтанның көмегі арқылы болып жататын құбылыс.  Алланың берген өмірін болжап, одан асып кете алмайсың. Осы мәселелердің нақты жауабын іздегендер иман жолынан табатындарына кепілдік бермін. Өйткені барлық мәселенің жауабына Қасиетті кітабымыз "Құран" жауап береді.

өте дұрыс!
+3 дауыс
СубханАллах сенбеймін. Бұл деген Аллахқа серік қосу. Ғайыпты тек Аллах біледі.
0 дауыс
жер бетінде өмір сүріп жатқан 7 млрд. адамды 12 жұлдыз белгісіне бөлсек әр жұлдыз белгісіне 583 333 333 адамнан келеді екен. Сонда осыншама адамның бір күндік іс-әрекеті бірдей болатыны миға сыймайтын дүние ғой. Абсурд. Мен ешқашан сенбеймін. Діннен хабарым жоқтың қасы болса да, Аллаһ Тағала болашақты болжауға тыйым салған жоқ па.
...