Ертен досымның туған күні болатын еді, соған айтатын жақсы тілек тауып бересіздерме? Құттықтауларға арналған сайттардан көрдім бірақ көңілімнен шықпады. Алдын ала рахмет!!!
Біз сіздің досыңызды танымаймыз ғой. Өзіңіздің жүректен жарып шыққан ақ тілектеріңізді айтыңыз қарапайым сөздермен.
жан досым мен саған өмірде бар жақсылықты тілеймін. Өмірде арман мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін , сонымен қатар кемел келешек, сенімді серіктес табуыңа шын жүректен ниет білдіремін. осы айтылған тілектер періштенің құлағына шалынсын