0 дауыс
16.3k көрілді

Сәлеметсіздерме?! 8 наурызға ашық тәрбие сағатын беретін едім соған.... Аналарымыз, қыздарымыз туралы көрніс және КВН керек еді 7 сыныптарға өтініш Қазақстанның білімді де білікті жастары көмектесіңіздерші......

1 жауап

0 дауыс

Асан Қайғы:Жалғыз жүріп жалықпаймын іздеуден, Іздеп өтем жерұйығын елімнің. Барар жерім көп балса да дамылдап, Уа жер ана, алайыншы амандасып өзіңмен Армысың - асыл Ана,мен бір балаң Исі қандай киелі топырағың. Тіршілікті тал бесікше тербеген Қарыздармын қасиетті Жерге мен Жер Ана:Барша әлемді тербеген мен боламын –жер-Ана, Таныстыршы өзіңді, боласың сен қай бала? Асан Қайғы:Уа, ардақты Жер ана, бас иемін алдыңа, Жерұйықты іздеген Асан Қайғы мен болам. Жер – ана:Уа балам, көзің өткір, қарашы, Қараңдайды қар сұлба алыстан. Өзі асығыс сонша жадап жүдеген, Бет алысы бізге қарай, Жөн сұрайық өзіңнен Қорқыт ата:Жер ана, іздеп келем өзіңді мен, Өлім мен қасіреттен қашып жүрген Қорқыт деген мен болам. Ұшқан құс, жүгірген аң- бәрі бітті, Арнасынан тасыған суда бітті, Сынақ пен жарылыстан көз ашпаған, Қиылды қыршынынан қанша адам. Жер-ана:Не дейді?Бұл сұмдық қой естілмеген, Өз перзентім өзіме қол көтнрген. Бетіме сонша таңба салатындай, О,құдірет,қай ісімнен таптым екен? Қорқыт ата:Налымашы,күйзелмещі,Жер ана, Бәрін қайта келтіреміз орнына. Асан Қайғы: «Ел жағалай қонбаса,бетегелі бел ғаріп Қаз үйрегі болмаса,айдын шақар көл ғаріп» Қорқыт ата: «Қара тауларың құламасын,саялы ағаш сынбасын, қанаттарың қырқылмасын» Қорқыт ата,Асан Қайғы сахнадан шығады. Жер ана:О,адамдар! Таза ауаны түтін менен құпаңдар, Есірткінің есігін құлыптаңдар, Хиросима тағдырын ұмытпаңдар. Тыныш жатсын құстар да ұясында әр Күрсінбесін қария,қастаспай достасып ақ Барлығың да төсіме сиясыңдар! Мұғалім:Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл адамға ортақ қазына.Жер,Табиғат,Отан,Атамекен деген ұғымдар бір бірімен үндес әрі мағыналас.Ондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу,қорғай білу, қастерлей білу-бәріміздің борышымыз.Табиғатымыз аман болсын! Табиғатты түсіне білейік! Енді оқушылардың тақпақтарын тамашатайық. 1.Ойласақ табиғат пен адам егіз, Жылдық сол мезгілінен өзге неміз? Табиғатсыз қоғам жоқ,болған емес, Ал қоғамсыз табиғаттың өздік де өлі деңіз. 2.Табиғат егіз адаммен Ұқсастық табам одан мен Мәңгілік болсын егіздер. Жер ана көңіл теңіздер 3.Табиғаттың бауырысың, досысың Аянбау да керек шығар дос үшін Екеуіңнен араңдағыц байланыс Өмір бойы үзілмесін, қосылсын. 4.Табиғаттың құпиясы тұңғиық Коз жетпейтін мұнарасы тым биік Білген сайынсырын оның жүреміміз Жүрктерге өшпес жалын нұр құйып. 5.Жерден асқан жомарт жоқ, тақсыр ұлы Жақсылыққа жүз есе жақсылығы. Түйір дәнге береді тұтас масақ Анарда орман болсын бір шыбығы. 6.Қазақстаным-байтақ,далам пәк далам Халқымның салмақ, сабырлығын сақтаған. Өресі биік,-өрені жүйрік өлкенің Қожасы болу-өшпес  бақмаған.

...