0 дауыс
974 көрілді
Ғылыми жұмысты қалай жасайтынын айтыңыздаршы?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жүрегіңнің түгі бар екен Ғылыми жұмысыңды Мұқағалидан бастағаның, құласаң нардан құла дегендей, әзіл ғой

Тақырыбың тым жалпылау емес пе, бұл тақырыппен Мұқағалидың бар шығармасын қамтып кетесің ғой, одан гөрі нақтырақ болған дұрыс секілді. мысалы тілдік ерекшеліктері немесе өлеңдеріндегі бір тақырып бойынша тоқталуға болады ғой табиғат тақырыбы, патриоттық өлеңдері т.б.
Мен өзім болсам "Соғыс кезіндегі тылдағы өмір" туралы жазар ем, себебі ақынның көп шығармасы тылдағы өмірді бейнелеген, әрі көп зерттелмеген тақырып. "Жалғыз көкек" атты өлеңінен бастар едім: Жетімсіреп, жем іздеп балапанға, жалғыз көкек жүретін жаға талда.... деп басталатын өлеңін білетінбедіңіз, сол сияқты тылдағы өмір жайлы жазылған өлеңдері өте көп, Балашақтан-болашаққа атты поэмасы, оның Дариға -жүрек атты 7-ші бөлімі деген сияқты, көп қой,
Жақсы ғылыми жұмыс болсын деп тілеймін, іске сәт!
PS. шығармалары керек болса мына жерде бар
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_chronocontact&Itemid=23&authorid=159
әмин айтқаныңыз келсін! рахмет көп-көп. Алланың нұры жаусын!  "Соғыс кезіндегі тылдағы өмір" туралы жассам, сонда тақырыбын қалай алсам болады?
Тақырып дейсіз бе, "Соғыс жұтқан балашақ" десеңіз қалай болады, білмеймін, бірақ өзіме де онша ұнап тұрған жоқ, ертең ойыма жақсы ойлар келсе айтармын, 2-3 күн ойланайын, ғылыми жетекшіңмен ақылдас. Жұмысыңның барысы туралы хабарласып тұр, бұл мені де қатты қызықтырды (өзім әдебиетке жақын болғасын), бұл сайтта жеке хат жіберу деген қызмет бар, оны да пайдалан, бар білген ақылымды айта жатармын

Айтпақшы "Қырықыншы жылдардағы бесік жырына" дұрыстап тоқталуға болады ғой, соғыстың бейбіт халыққа тиген зардабы анық көрінеді........ халықтың кейде алғысы, қарғыстан бетер екен-ау.... немесе... Көбісі біздің ырымның Түкке алғысыз екен-ау... адамның көзіне жас алдыратын сөздер ғой, *(осы өлеңді оқыған сайын жылайтынмын)* өз халқының салт-дәстүрін, ырымына қарсы шыққанға дейін жеткізіп ашындырған соғыс
+2 дауыс
Қандай ғылыми жұмыс, қай ғылымның саласынан нақтырақ айтсаңыз
+3 дауыс
ақиық ақын мұқағали мақатаевқа керек. оның поэзиясы жайлы ондағы метафора, шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылуы. әйтеуір бір жаналық ашуым керек. тақырыбы "мәңгі өлмейтін жыр - ғұмыр" әлде тақырыпты өзгерту керек пе?
0 дауыс
ғылыми жобаға қалай өзіңді таныстыруға болады?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 28.03.2013 Қазақ тілі сұрақ қойды
+1 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
5 жауап
...