Салалық тұрғыдан қарастратын болсақ, ең жоғары жалақы тау-кен өнеркәсібі мен кеніштерді игеру саласына тиесілі. Аталған саладағы жұмысшылар 209 мың теңге айлық алады, бұл орташа републикалық деңгейден 2,1 есе артық. Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы айлық жалақы 192 мың 200 теңге (1,9 есе артық), қаржы және сақтандыру саласында - 183 мың 600 теңге (1,8 есе).
Ал, ең төменгі жалақы ауыл шаруашылық, орман және балық шаруашылығы салаларында. Бұл салада тер төгіп жүргендер 42 мың 500 теңгені қанағат тұтп отыр, бұл орташа республикалық деңгейден 57,7% төмен.
Аймақтық тұрғыдан алап қарасақ, ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысының еншісінде екен (196 мың 100 теңге - 1,9 есе артық). Ал, ең жоғарғы жалақысы 66мың теңгеден аспайтын Солтүстік Қазақстан облысы тізімнің соңында тұр.
Текст: Interfax-Kazakhstan