0 дауыс
19.1k көрілді
Қашаған Күржіманұлы туралы шығарма керек жоспарымен?

3 жауап

0 дауыс
[Википедиядан..........][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD_%D0%9A%D2%AF%D1%80%D0%B6%D1%96%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B

Қашаған Күржіманұлы

(1841-1929)

       Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласның маңында туған.Ол жалшы отбасында дүниеге келіп,жастай жетімдік,жоқшылықтың тауқметін тартқан.

      Қашағанның шығармалары 1935 жылы «Әдебиет майданы»журналында (№5) жарияланды.

      «Есқали сұпыға айтқаны» деген өлеңінде қолында билігі барлардың іс-әрекетін,оның жағымсыз қылықтарын әшкерлейді.Онда ақын қыстың бір күні «Еспілдекті»деген жерге келеді.

      Малшы жігіттердің сілтеуімен Есқали сұпының үйіне келгенде сараңдық пен таяздық танытып алдарын кес-кестей бергендерге ақын:

Жаз болса,мен осы үйге қонбас едім,

Өлеңім,он төрт жастан жолдас едің,

Бай,сұпы,хан-хәкімнен ығар болсаң,

Сен-өлең,мен Қашаған болмас едім.

Осы үйге қона алмасам,маған сын,

Сұпыны шығара алмасаң,саған сын,-

дейді.Одан әрі сұпының қуараңдаған тар мінезін көріп,жиылып қалған ел-жұрттың көзінше:

   Сұпыекең мені жек көрді,                  Үйіңе келсе бай адам,

Сұпының сөзін кек көрдім.                Жамылған мауыт шекпенді

Ел аралап жүргенде,                           Ақылы бар милы адам,

Сендей,сендей монтаны                    Азамат ерге тек дей ме?!            

Сұпыларды көп көрдім.                     Қонағы келген кет дей ме?!

Сыйлар едің қампаңдап,                    Тәубем көп деп мақтансаң,

Қолын қысып жампаңдап,                 Барсисаны да Құдай қарғаған,

Садақасы болса қойнында,                Азғырып шайтан алдаған.

-дейді.

       Ақын Қашаған Күржіманұлы  «Адай тегі», «Атамекен», «Топан» атты дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын толғайды.

       Қашаған Күржіманұлы-өз кезеңінің  белді ақыны,дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын.Ол 1929 жылы Маңғыстау  түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған.
0 дауыс
Қашаған Күржіманұлы [1](1841, Түрікменстан, Ташховуз облысы Мырзабасы ауылында – 1929, Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленді) – ақын. Әкеден жастайынан жетім қалып, 15 – 16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен Атырауға келеді. 16 – 17 жасынан ақын атанған. Ол Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағызелді мекендерде болып, ақын-күйшілермен (Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман) кездесті. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған.
 Ақынның құрметіне Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде табылған мұнай мен газдың алып кен орнын Қашаған кен орны деп атады. Қашаған кен орны әлемдегі соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі болып табылады
0 дауыс
Қашаған өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяусыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға»), адамгершілік, ізгілік қасиеттерді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны»,) дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны») жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Ол халық тарихын, дін-шариғат қағидаларын мол білген. Қашаған ақын Абыл, Нұрым, Марабай мен мұрат сияқты «Қырымның қырық батыры» деп аталатын халқымыздың қымбатты қазынасын өмір бойы жырлап, Мұрын, Шәдіман, Жанжігіт, Мұса сияқты жыраулар мен жыршыларға ұластырған. Кейбір толғаулары алғаш «Әдебиет майданы» (1935, №5) журналында жарияланған. Өмірі мен шығармашылығы А.Жұбановтың «Қазақ композитарларының өмірі мен творчествосы» (1942), Қ.Сыдиықұлының «Ақын-жыраулар» (1974), Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиіті.XIII-XIX ғ.ғ.» (1981) деген еңбектерінде және «XIXғ. қазақ ақындары» (1988) деген зерттеулер жинағында қарастырылған. Қашаған - І.Жасүгіровтың «Көбік шашқан» поэмасының басты кейіпкерлерінің бірі. Қашаған шығармаларын өз айтуынан естіп, хатқа түсірген – ақынның немере інілері Көшен Өсербаев пен Шәдіман Үсембаев сияқты жыршылар мен Темірғали Күнтуғанов секілді жинаушылар. Әсіресе ақынның мол мұраларын жинақтауда, қағаз бетіне түсіртуде әрі ҚР ҰҒА-ның қолжазбалар қорына өткізуде ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы көп еңбек сіңірді.[2] Ақын жырларын насихаттауға атсалысқан - Құмар, Сұраубай сияқты жыршы-ақындар, Шамғұл сияқты жыршы-күйшілер, Сәду, Дүйсенбай, Айтқұл сияқты жыршы-термешілер. Қашаған есімі Қазақстан ғана емес, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Түркия елдеріне, Ресейдің бірқатар өңірлеріне де кеңінен таныс
...