+2 дауыс
68.0k көрілді
Жас босанған ана баласының қырық күндігі өтпей жатып суға түспейді дейді қазақ салт-дәстүрінде. Осы жайлы жалпы мағұлмат беріңіздерші

7 жауап

+1 дауыс

 

Баланы қырқынан шығарудың өзі жайдан-жай шыққан нәрсе емес. Бір ескеретін жағдай, мен ештеңені ойымнан шығарып отырғаным жоқ, халықта бұрыннан барды айтам. Халық – ғаламат бір қазына. Соны білуге талпыну әрі өзің білгенді өзгеге үйрету – адамдық парыз.  Қырқынан шықпаған баланың еті мен сүйегі бірікпегенін білегінен ұстап байқауға болатынын өткен сандарымызда айтып өттік. Олай дейтініміз, қырық күнге дейін баланы «тіл тиеді», «сұқ өтеді» деп тіл-көзден сақтаған, көрсете бермеген, яғни ана үшін де, бала үшін де қырық күн – қауіпті кезең. Қырқынан шықпаған бөпені көруге үлкендер де талпынбаған. Сол сияқты қырқынан шықпаған баланың көзі де біртүрлі тұманданып, қайда қарап тұрғаны белгісіз болып тұрады. Тағы да қайталап айтам, қырқынан шықпаған бала әлі жердің баласы болып есептелмейді. Баланы қырқынан шығарған соң-ақ оның екі көзі жылтырап, жан-жағына көз тоқтатып қарай бастайды. Білегін ұстағанда ет пен сүйегінің біріге бастағаны байқалады, яғни сәбиді қырқынан шығару –  ет пен сүйектің біріккеніне жасалатын құрмет. Сонымен бірге халқымызда қайтыс болған адамның қырқын беру деген бар. Қайтыс болған адамның қырқын беру – аз болсын, көп болсын, біріне-бірі серік болған ет пен сүйектің ажырауына берілетін құдайы, өлімнің артын күту ғұрыптарының бірі. Өйткені дүниеден өткен адамның қырық күннен кейін еті мен сүйегі ажырайды екен…                                   

Әдетте ұл баланы қырық күнге жеткізбей (37-39 күнде), қыз баланы міндетті түрде қырық күн толтырып барып, қырқынан шығарады. Тіліміздегі «әйел қырық шырақты» деген сөз де осы жаймен байланысты айтылса керек. Қалай болғанда да, ұл мен қыздың дене бітімі екі түрлі. Әйел мен ер адамның күш-қуатында, жаратылысында, дене құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар, бір есептен қыз бала ұлдан қарағанда нәзік қой. Ұл бала болмысынан төзімді, қайсар дегендей, сондықтан ұл баланы қырық күнге жеткізбей шығара береді. Бала өміріндегі кез келген қуаныш тойларының  әрқайсысының ізгі тілегі, мақсаты, танымдық үлгісі бар. Бала мазасызданып жылағанда, дұрыс ұйықтамағанда  әжелеріміз «бала қырқын күтіп жүр» деп жатады. Шынында да, құдайдың құдіретіне шек жоқ, жаңағыдай мазасыз жылаңқы баланы барлық жөн-жоралғысымен қырқынан шығарса, жылауы тоқтап, тынышталатын болған. Мұндағы тағы бір ерекшелік, баланы қырқынан шығаруға арнап шақырылатындар – әйел адамдар, осындағы жөн-жоралғыларды әйелдер атқарады. Бүгінде «әйтеуір қырқынан шығару керек» деген түсінікпен, оның астарына мән бермей жүргендер бар. 

+1 дауыс
Естімеппін. Жеңгем босанғанына бір апта, бір жеңгем 10күн болғанда душқа түсіп еді. Жас ананың тазалығы өзіне де, сәбиіне де жақсы. 40күн қалай шыдауға болады?! Бөпені де шомылдырып тұру керек , кіндігі түскен болса. Тұзды суға салып тұрса үш күн сайын, еті пісіп тез жетіледі. Суға түспеу керек дегені ыстық моншаға түсуге болмайды деген шығар. Жай ғана жылы душ қабылдап гигиеналық талаптарды сақтау керек те.
+1 дауыс

Ондай дәстүр жоқ. Әйел өз тазалығы үшін суға түсіп тұрады.

0 дауыс

Бұл жерде мүлдем түспеу керек делінбеген шығар. Алайда жас босаңған әйел адамның денесі өзгерсте болады сол себептен деп ойлаймын. Төске суық тимесін деген соң айтылған.

 

0 дауыс

Жоқ менімше суға түсе береді.Мен бұндайды біріншірет естіп тұрмын қызық екен

0 дауыс
Туспеймин 40кун суга озим жакнда босандым енди буйырса 40кын сактаймын оз шещемде енемде осылай жасаган менде сактаймын сол дастурди мулдем устине су тигизбе деген соз емес бул толыкканды шомылу гана болмайды былайнша барлык гигенаны сак
0 дауыс
Мен естум бойынша кырык кун ана мен баланы шайт андыйт деп.Енди ол каншалыкты рас билмедим алайда толык жуынган дурыс емес,дарет алып бойын таза устаугада болады мумкиндигинше касына адам алып мысал жолдасын немесе кайын синили дегенди алып тусу керек.Себеби айел адамды жын кагуы мумкин.Кымтанып бойын жылы устау кажет.Бул кезен кыйн кезен секилди,сол кезенди женил отумизди Аллах Тағалам насип етсин.
...