Алдымен толық тексерілуден өтуі қажет (минимальды жалпы қан анализі,зәр анализі,биохимиялық анализ,коагулограмма,ЭКГ,кардиолог кеңесі) . Денсаулық жағдайына байланысты дәрі дәрмектер тағайындалады. Стресстік жағдайлардан , ұрысу,ренжісулерден мүмкіндігінше алшақ болуы керек. Диетаны да қадағалау қажет. Сонымен бірге жүрегі ауыратын адамдардың үйінде НИТРОГЛИЦЕРИН және АСПИРИН таблеткалары болған дұрыс. Жүрек ұстамасы ұстаған жағдайда аспирин таблеткасын шайнап, нитроглицеринді тіл астына салу керек. Өйткені жедел жәрдем көмегі жеткенше миокард инфарктын алып қалу қаупі жоғары. Үнемі қан қысымын тексертіп, дәрілерді қадағалап ішу керек