А.Саят деген қолданушы Исаак Ньютон туралы мәлімет керек т.б сұрақтар қойып жатыр. Италияның астанасы мына елдің көлінің ұзындығы сынды сұрақтар қойып жатыр. Бұл балл жинаудың амалы. Мұның бәрі интернетте толып тұр. Бұл сұрақтар жасырылуы керек пе? Әлде осылай да қоя беруге бола ма?
Айтып отырғаның орынды, бірақ ол сол сұрақтарды таппай отыруда мүмкінғой, содан кейін сұраққылып қоюыда мүмкін.
Мен солай деп ойлаймын,бірақта кейбір сұрақтарын жасырып қойдым.бір сағатта бірнеше сұрақ қояды.Ескерту жазасам тыңдамайды.
Сайтты мағынасыз, бос сұрақтармен толтырудың қажеті жоқ. Сондықтан, сайттың модераторлары оқулықтардан алынған сұрақтарды жауып жасырып отырмаса болмайды. Өз басым бүгінгі қойылған сұрақтардың көбісін мағынасыз, беталды қойыла салған сұрақтар деп есептеймін.
Жаңа қолданушы болар қайдан білсін. Бұндайды модераторлар тәртіпке салып бір жақты етіп отыруы керек.