+3 дауыс
1.3k көрілді

Есте сақтау қабілетті қалай арттыруға болады? Яғни, жаттаған нәрселерінді ұмытпайтындай. Дәрі немесе витамин халық емі

4 жауап

+4 дауыс

меніңше ешқандай дәрі,витамин қазақ емі қажет емес. бастысы серуендеуге коп шығып,спортпен ойналыссан,өзінді сергек ұстасан миды тынықтырсаңда жеткілікті. жаттау керек деп көп оқи берудің қажеті жоқ. таңертен ерте оқысаңыз ұзақ уақыт ұмытпайсыз

Көп оқымау дегенде менің мамандығым мед. бұрындары бір оқығаннан есте сақтайтынмын. Соңғы кезде өзгерген секілді...
басқа нәрселерді көп ойлайтын шығарсыз.
+2 дауыс
Менің ойымша 16жастан 30жасқа дейінгі кісілерге өзін-өзі ұмытшақпын деу қателік. Ол жастағы кісілердің ұмытшақтығының кесірі жалқаулық. Зейін салып оқымау болып табылады. Ал енді 30жастан жоғары кісілерге енді арнайы жаттығулар керек болады бірақ баста жас кезде фундамент болса 60 жасқа дейін ми қарқынды болады. Одан кейін жайлап шаршай бастайды.
+2 дауыс

 

Менің қолданатын әдістерім:                                                                                                                                               1.Кешке ұйықтар алдында мәліметті жаттап алу керек, сонда таңертең оянғанда есте қалады. 2 .Тез есте сақталып ұмытпас үшін,сол ақпаратты оқып отырып,әр түсінгеніңді дәптерге қысқаша түртіп отыр,ең дұрысы,схема,сурет арқылы қағаз бетіне түсір.Соған қарап отырып, ойыңды жеткізе аласың. 3.Өзімнің қолданатын әдісімнің бірі-сол мәліметті ұмытпау үшін мәліметті әдемі әуенге қосып әндетіп айту яки мәнерлеп оқып,диктофон болсын,т.с.с. ға жазу және тыңдап,есте сақтау.Мұндағы есте сақтаудағы әдістің бір қызығы өз дауысыңды құбылту,өз дауысыңды естіп,сол мәліметті есте сақтай аласың.Кәдеңізге жарасын!

0 дауыс

Есте сақтауды шынықтырудың ең жақсы әдісі - әдеби және ғылыми-көпшілік кітаптар оқу, сканвордтар шығару.

...