0 дауыс
1.1k көрілді
Жәлел қандай періште? оның атқаратын қызметі?

1 жауап

+2 дауыс
Жәлел деген періште жоқ Жәбрейіл деген бар оның қызметі Алламен оның елшілерінің арасында байланыс орнатқан
Жәбірейіл, Джибрил, Жибрил, Жабрил — Аллаға ең жақын жүретін періштелердің бірі, Алла мен пайғамбарлардың, соның ішінде Мұхаммедтің (ғ.с.) арасындағы бас дәнекерші. Құран Кәрімде ол Мұхаммедтің (ғ.с.) жебеушісі, оны дінсіздерден қорғаушы, Мұхаммедке (ғ.с.) Құранды арнайы түсіруші ретінде де белгілі. Түсініктемешілер Жәбірейіл Мұхаммед пайғамбарға бірсыпыра ақиқатты жеткізген деп есептейді. Осы мағынадағы аңыз Мәриям мен Иса туралы әңгімелерде де кездеседі. Діни аңыздарда Жәбірейілдің Мұхаммедтің (ғ.с.) өміріндегі алатын орны да жан-жақты сипатталады. Ол Мұхаммедке (ғ.с.) Құранды бөліп-бөліп бере отырып, рамазан айында тапсырып болған. Ол пайғамбарды қорғап және оған жөн сілтеп, Құдысқа баратын “түнгі сапары” кезінде оған жолсерік болады және де оған әскери шаралар мен діни таластар кезінде көмектеседі. Жәбірейіл, сондай-ақ, Мұхаммедтен (ғ.с.) бұрынғы пайғамбарларға да көмектескен. Алла Жәбірейілді Адам жасап шығаруға керек топырақты әкелуге де жұмсайды. Жәбірейіл адамға пейіштен қуылғаннан кейін де қамқор болады, ол Нұхтың құтылуына көмектескен және Ибраһимді құтқарып, Жүсіпке көп тіл үйреткен, Дәуітті сауыт жасауға баулыған, сонымен қатар Сүлейменге көмектесіп, Зәкарияға Жақияның қашан туатынын болжап берген. Жәбірейіл Аллаға жақын төрт періштенің ең лауазымдысы болып табылады. Кейде оны аяғы жерде, басы бұлтта болатын заңғар биік бейнеде сипаттайды. Оның есімін Аллаға жақын жүрген басқа періштелермен бірге тұмар шетіне жазады.
бұл туралы қосымша қандай сайттан оқуға болады?
...