+2 дауыс
2.2k көрілді
Ілгері замандарда тісті қалай емдеген? Дантист сөзі не мағына береді? Алғашқы стоматология қай ғасырда пайда болған?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Википедияда, стоматологияның жеке ғылым ретінде дамуы 20 ғасырдың 1-жартысынан басталған - деп жазылыпты. Ал дантист деп тіс дәрігерлерін айтады.

+1 дауыс

Көркем қыз! Дантист сөзі "дент" - тіс деген сөзден шыққан. Сондықтан, тіс пасталары мен тісті емдеуге арналған дәрілердің көбісі "-дент" сөзімен аяқталады.

"дент" сөзі латыншама?
Ия. Барлық медициналық терминдер латын тілінде.
+1 дауыс
Тістің маңызы туралы айтып жатудың өзі артық. Маржандай тізілген, күріштей аппақ сау тістер- денсаулықтың кепілі. Ал егер алда-жалда тісіміз ауыра қалса, тездетіп тіс дәрігеріне қаралуға асығамыз. Тіс дәрігерін ғылым тілінде "стоматолог" деп атайды. Стоматология- медицинаның үлкен бір саласы. Грекшеден аударғанда "ауыз қуысын зерттейтін ғылым" деген мағына береді. Әрине, стоматология барлық ғылым секілді күні кеше пайда болған жоқ. Тарихы әріден, сонау көне Мысыр, Грекия, Рим, Шығыс медицинасынан бастау алады. Тіпті, кейбір зерттеушілер алғашқы тіс дәрігері осыдан... 9мың жыл бұрын өмір сүрген деген пікірде. Осыдан біраз жыл бұрын археологтар Пәкістанның Белуджистан аймағында қазба жұмыстарын жүргізіп, біздің дәуірімізге дейінгі 5,5-7 мыңжылдықта ғұмыр кешкен ежелгі адамдардың қонысын табады. Сол жерден табылған жақсүйектерді мұқият зерттей келе, тістердегі 1-3 миллиметрлік ойықтарды байқайды. Ғалымдар бұл ойықтар тіске жасалған ем-домның нәтижесі деп есептейді.

Ұқсас сұрақтар

...