Интернеттегі мәліметтерге сүйенсек Африка Республикасы кедей мемлекеттердің көшін бастап тұр.
Сарапшылардың есебінше, дамыған елдер мен кедей мемлекеттердің арасы барған сайын алшақтап барады. 1971 жылы әлеуеті ерекше төмен елдердің қатарына 25 ел жатқызылған болса, қазір олардың саны — 48. Содан бері үш мемлекет қана бұл тізімнен сытылып шыққан екен. БҰҰ-ның есебінше, аталған кедей мемлекет тұрғындарының жылдық табысы шамамен 745 долларды құрайды. Олардың 33-і – африкалық, 15-і – азиялық мемлекет. Әлеуеті өте төмен мемлекеттер жер беті тұрғындарының 13 пайызын құрайды, алайда олардың үлесіне әлемдік экономиканың 1 пайызы ғана келеді.